ҚР ҰЭМ: қоғамдық қабылдаулар коммуналдық қызметтер тарифтерінің негізсіз өсуі мәселелерін шешеді

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифингте ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2018 жылғы 12 қарашадан бастап Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелерінде Қоғамдық қабылдаулар жұмыс істей бастағанын айтты.

Қоғамдық қабылдаулар облыстық орталықтарда, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда ұйымдастырылған.

«Осы аптадан бастап қоғамдық қабылдау орталықтары жұмыс істейді, олар аптасына бір рет – дүйсенбіде жұмыс істейді. Біздің ойымызша, бұл жеткілікті. Кез келген адам кіре алады, ол тұтынушы, қоғамдық ұйымдардың өкілі немесе кәсіпкер болу мүмкін», — деді министр.

Аталған Қоғамдық қабылдаулар «Нұр Отан» партиясы, «Атамекен» ҰКП, ҮЕҰ бөлімшелерімен, табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерімен білесіп жүргізіледі.

Т. Сүлейменовтың айтуынша, қоғамдық қабылдаулардың міндеті — заңсыз әрекеттерді қадағалау, департаменттің немесе табиғи монополиялар субъектілерінің белгілі бір міндеттемелерін орындамауды белгілеу. Ұсыныстарды жинап, оларды алдымен департамент басшылығына, сосын Орталық басшылығына жіберу.

«Яғни, біз олардың екі тапсырманы орындауын қалаймыз: бір жағынан, өңірлердегі проблемаларды шешу, екінші жағынан, жүйелік проблемаларды жинақтау, олардың негізінде біз заңнаманы және заңға қосымша актілерді өзгертеміз», — деді Т. Сүлейменов.

Қорытындылай келе, министр халыққа сөзін арнады.

«Құрметті қазақстандықтар, қызығушылық танытушылар келіңіздер, мәселелердің шешімін табамыз», — деді Т. Сүлейменов.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу