Б. Сағынтаев Қазақстан бойынша ХВҚ миссиясының басшысы М. Хортонмен макроэкономикалық перспективалар мәселелерін талқылады

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан бойынша Халықаралық Валюта Қоры миссиясының басшысы Марк Хортонның басшылығымен миссия мүшелерімен кездесті.

Кездесу барысында техникалық өзара іс-қимыл саласында және макроэкономикалық перспективалардың түрлі мәселелері, салық-бюджет және инвестициялық саясаттарды жетілдіру, соның ішінде Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауын іске асыру аясында ХВҚ-мен ынтымақтастық әлеуетін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Еліміздегі құрылымдық реформалар мәселелеріне, «Нұрлы жол», «100 нақты қадам», жекешелендіру бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметі мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу