19 шетелдік компания Қазақстанда өз жұмысын бастады

Фото: Ақорда

Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстанға шетелдік капитал тарту жөніндегі жұмыс туралы баяндады.

Әлихан Смайылов ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасына сәйкес алдағы 7 жылда кемінде $150 млрд тікелей шетелдік инвестиция тарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Мәселен, I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша $14,5 млрд тікелей инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға артық.

«131 мың жаңа жұмыс орнын құруды көздейтін 30 трлн теңгеге 850 инвестициялық жобаның жалпыұлттық пулымен жұмыс жүргізілуде. Осы жылдың қорытындысы бойынша 18,5 мың жұмыс орнын құра отырып, 2 трлн теңгеге 190 жоба пайдалануға беріледі», — деді ол.

Сондай-ақ Премьер-Министр Қазақстанға бірқатар шетелдік кәсіпорынды көшіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Бүгінгі таңда 19 компания көшірілді, ал басқалары бойынша бұл мәселе пысықталуда.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу