Су тасқыны кезеңінде ТЖ орын алған жағдайға Қазақстанның сақтық қорында 20 млрд теңге қарастырылған

Республиканың барлық облыс әкімшіліктерінде құрылған сақтық қорында бүгінде су тасқыны қауіпі болып қалған жағдайға 20 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы Үкімет отырысы қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин айтты.

Жалпы, вице-министрдің айтуынша, ведомство су тасқыны кезеңінде су деңгейінің көтерілуіне жол бермеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр.

Арнасынан асып кеткен жағдайда қауіп туғызуы мүмкін шамамен 60 гидротехникалық құрылыс ҚР ІІМ-нің ерекше бақылауына алынған.

«Бүгінде олар қолданыстық күйде және жергілікті атқарушы органдармен де, Ауыл шаруашылығы министрлігінің бөлімшелерімен де бақылануда», - деді Ю. Ильин.

Вице-министр Қазақстанда апатты және қараусыз гидротехникалық құрылыс саны 27 екенін айтты. Олар ІІМ мен Су ресурстары комитетінің бақылауына алынған.

Вице-министрдің берген ақпараты бойынша, көрші мемлекеттермен де шекара бойындағы аумақтардан су тасқыны себебінен судың өтіп кетпеуіне қатысты ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осындай жағдайлар өткен жылдары орын алған болатын. 2016 жылы Қара Ертіс арқылы Қытайдан Шығыс Қазақстан облысына үлкен су көлемі ағылған еді.

«Бүгінде біз Қазақстан аумағында Ауыл шаруашылығы министрлігімен ғана жұмыс жасап жатқан жоқпыз, сонымен қоса Қырғызстандағы, Өзбекстандағы, Қытай мен Ресейдегі әріптестерімізбен де байланыс орнатудамыз», - деді вице-министр.

Бұл орайда қауіп Ресей жағынан болуы мүмкін. Себебі, ресейлік мамандардың берген ақпараты бойынша, Орал мен Төменгі Орал аумағының қар қоры Батыс Қазақстан облысының аумағына үлкен көлемде судың ағылуына түрткі болуы мүмкін.

Басқа өңірлерде су толуы 70-тен 87%-ға дейінгі мөлшерді құрайды.

Сондай-ақ, Ю. Ильин Астанада Майбалық көліне қатысты түйіткілді мәселе көтерілгенін айтып өтті. Көл толып кеткен жағдайда әуежай аймағына қауіп төндіруі мүмкін. Көл шамасынан асып кетпеуі үшін, ведомство №2 түсіру шлюзін ашпауға шешім қабылдады. 2017 жылғы наурызда министрлік Майбалық көлінен Нұра-Есіл арнасына артық суды ағызып жіберуге мүмкіндік беретін арнаны қайта қалпына келтіруді жоспарлауда.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу