Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2020 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасының нақты секторы оң өсім қарқынын көрсетті

Сейсенбі, 10 Қараша 2020, 10:35:02

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2020 жылғы қаңтар-қазандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.

Экономиканың, банк саласының жай-күйі, республикалық бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев, қаржы министрі Е. Жамаубаев, өнеркәсіп пен энергетика секторындағы ахуал туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов және энергетика министрі Н. Ноғаев, агроөнеркәсіптік кешендегі жағдай туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, өңірлердегі ахуал туралы Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек, Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ. Есқалиев баяндады.

2020 жылдың он айының қорытындысы бойынша экономиканың нақты секторы оң өсім қарқынын көрсетуде. Өңдеу өнеркәсібінде 3,2%-ға, оның ішінде азық-түлік өнімдері өндірісінде 3,4%-ға, фармацевтикада 39,7%-ға, дайын металл бұйымдары өндірісінде 19,5%-ға, машина жасауда 16,5%-ға, оның ішінде автомобиль жасауда 53,6%-ға, сондай-ақ қағаз өндірісінде 15%-ға және жеңіл өнеркәсіпте 16,4%-ға өсім қамтамасыз етілді.

Құрылыс көлемі 10,7%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру 9,7%-ға немесе шамамен 10,7 млн шаршы метрге ұлғайды. Ауыл шаруашылығында 5,2%-ға тұрақты өсім қамтамасыз етілді. ҚР алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қордың активтері биылғы 1 қазанда $91,1 млрд құрады.

Темір кенін (+1%) және өзге де пайдалы қазбаларды (+0,7%) өндіру секілді тау-кен секторының маңызды бағыттары бойынша оң динамика сақталуда. Бұл ретте ОПЕК+ қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау қажеттілігі жағдайында мұнай өндірудің төмендеуі (-4,3%) байқалады.

Карантиндік шаралардың болуы және күшейтілуі қызмет көрсету саласына әсер етуде (-6,1%). Сонымен қатар сектор көрсеткіштері біртіндеп тұрақтанып келеді.

Ақмола, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы негізгі 8 көрсеткіштің 5-і бойынша әлеуметтік-экономикалық даму өсімін қамтамасыз етті. 4 көрсеткіш бойынша Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында оң динамикаға қол жеткізілді. 

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдеріне әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу және Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді тиімді іске асыру үшін барлық шараларды қабылдауды тапсырды.

Премьер-Министр республикалық бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің жыл соңына дейін бюджет қаражатын толық әрі тиімді игеруі қажеттігіне назар аударды.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
23 Қараша 2020, 19:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 жөніндегі ВАК отырысын өткізді 
23 Қараша 2020, 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
23 Қараша 2020, 17:02
Электромобильдер өндірісі, жаңа зауыт және экспорттық нарықтарға шығу — Қазақстанның машина жасау саласын жаңа шынайылық жағдайында дамыту
23 Қараша 2020, 14:30
24 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
23 Қараша 2020, 14:21
Сенат депутаттарының шағын және орта бизнесті дамыту туралы сауалы
23 Қараша 2020, 13:46
Үкімет отандық бизнестің қызметінің жағдайын жақсарту шараларын қарастыруда
22 Қараша 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №87
21 Қараша 2020, 16:38
Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Түркістан қаласында келіссөз өткізді
20 Қараша 2020, 18:25
Асқар Жамбакин ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды
20 Қараша 2020, 16:09
Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті
20 Қараша 2020, 13:40
Инновациялық технологиялар, электрондық құжаттама және шығындарды азайту: денсаулық сақтау саласында цифрландыру қалай дамуда
19 Қараша 2020, 20:20
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:49
Мемлекет басшысы «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады
19 Қараша 2020, 18:48
Елбасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:41
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
19 Қараша 2020, 17:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты
19 Қараша 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №762 Қаулысы
18 Қараша 2020, 21:19
Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты
18 Қараша 2020, 16:22
Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады
18 Қараша 2020, 14:44
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
17 Қараша 2020, 19:37
ВАК Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында COVID-19 таралуына жол бермеу жөнінде бірқатар шешім қабылдады  
17 Қараша 2020, 18:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №760 Қаулысы
17 Қараша 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №758 Қаулысы
17 Қараша 2020, 15:58
Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады
17 Қараша 2020, 13:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 17.11.2020
17 Қараша 2020, 13:29
Сатып алушы мобильді қосымша арқылы тауардың заңдылығын тексере алады — Е. Жамаубаев
17 Қараша 2020, 13:03
Қазақстан бірқатар тауарларды міндетті таңбалауды енгізуде — Б. Сұлтанов
17 Қараша 2020, 11:34
Қазақстан «цифрлық» жұмыспен қамту орталықтарының және сырттай мүгедектікті белгілеу форматына көшуде — ҚР ЕХӘҚМ
17 Қараша 2020, 11:19
Жыл соңына дейін онлайн режимінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 90%-ға дейін жеткізіледі — ЦДИАӨМ
17 Қараша 2020, 10:02
Үкімет тауарларды таңбалау және қадағалау мәселелерін қарады
17 Қараша 2020, 09:48
2021 жылы қағаз анықтамаларды толығымен алып тастауымыз керек — А. Мамин
17 Қараша 2020, 08:50
Қазақстан Қырғызстанға COVID-19-бен күресу үшін медициналық бұйымдар жібереді
16 Қараша 2020, 18:46
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде кеңес өткізді
16 Қараша 2020, 17:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 қарашадағы №752 Қаулысы
16 Қараша 2020, 11:08
17 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
15 Қараша 2020, 09:56
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №86
14 Қараша 2020, 12:56
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елордада тұрғын үй құрылысының барысын тексерді
13 Қараша 2020, 23:00
Елбасының төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті
13 Қараша 2020, 10:43
БҚО-ға ресми сапар: Роман Скляр бірқатар индустриялық нысандарды тексерді
13 Қараша 2020, 10:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 қарашадағы №746 Қаулысы
13 Қараша 2020, 10:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 қарашадағы №745 Қаулысы
12 Қараша 2020, 12:33
А. Мамин ҚР-дағы Азия даму банкінің жаңа директоры Н. Маннапбековті қабылдады
11 Қараша 2020, 17:52
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті
10 Қараша 2020, 18:51
Академиялық еркіндік, оңтайландыру және саралау — қазақстандық ЖОО-лар қалай дамуда
10 Қараша 2020, 15:12
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
10 Қараша 2020, 14:33
Биыл 10 айда мұнай және конденсат өндіру көлемі 71,6 млн тоннаны немесе жоспардан 100% құрады — Н. Ноғаев
10 Қараша 2020, 12:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 10.11.2020
10 Қараша 2020, 12:25
10 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция 7,5%-ға ұлғайды — С. Омаров
10 Қараша 2020, 12:19
Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша елімізде 94 мыңнан аса баспана пайдалануға берілді — Б. Атамқұлов
10 Қараша 2020, 12:09
Мейіржан Юсупов ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.