Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2020 жылдың 8 айында азық-түлік өнімдері өндірісі 3,6%-ға артты — ҚР АШМ

Сәрсенбі, 09 Қыркүйек 2020, 11:31:22

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы қаңтар-тамыздағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалу қорытындылары қаралды. ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніндегі 2020 жылдың 8 айындағы жұмыс нәтижелері туралы баяндады.

Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4,9%-ға ұлғайып, 2,4 трлн теңгені құрады. Бұл өсім негізінен өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 10,7%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Облыстар бөлінісінде 3 облыста республикалық деңгейден жоғары қарқын байқалды (Ақмола облысы – 119,2%, Солтүстік Қазақстан облысы – 110,9% және Қостанай облысы – 105,8%).

Министр атап өткендей, биылғы егін жинау қарқыны өткен жылға қарағанда жоғары. Мәселен, бүгінгі таңда республика бойынша дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың шамамен 11,1 млн га алқабы немесе жиналуға тиіс алқаптың 70,2%-ы жиналды, ал өткен жылы осы кезеңде 5,3 млн га немесе жиналуға тиіс алқаптың 34,8%-ында егін жиналған болатын. Орташа түсімділігі гектарына 11,7 центнерден 13 млн тонна астық бастырылды.

«Мал шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі көрсетілген кезеңде 2,7%-ға ұлғайып, 1,6 трлн теңгені құрады. Бұл ретте тірідей салмақтағы ет өндіру көлемі 3,7%-ға, сүт 3%-ға ұлғайды», — деді министр. 

Көрсетілген мерзімде тамақ өнімдерін өндіру көлемі 3,6%-ға өсіп, 1 229,3 млрд теңгені құрады.

Атап айтқанда, өңделген күріш өндіру көлемінің 61,1%-ға, шұжық өнімдерінің 22,8%-ға, сары майдың 12,9%-ға, құс етінің 12,3%-ға, жарманың 12,2%-ға, макаронның 8,4%-ға, ұнның 6,4%-ға, қышқыл сүт өнімдерінің 4,7%-ға, өсімдік майының 1,8%-ға артқаны байқалды.

«Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 9,1%-ға ұлғайып, 292 млрд теңгені, тамақ өнімдері өндірісіне салынған инвестициялар 25,4%-ға артып, 54,7 млрд теңгені құрады», — деп түйіндеді С. Омаров. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
05 Наурыз 2021, 22:00
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестициялар тарту — пандемия кезінде Қазақстанның энергетикалық саласы қалай дамыды
05 Наурыз 2021, 19:42
Е. Тоғжанов пен А. Арипов денсаулық сақтау және білім беру саласындағы Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығын нығайту мәселелерін талқылады
05 Наурыз 2021, 18:13
Үкіметте «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штабтың отырысы өтті
05 Наурыз 2021, 15:18
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штабтың отырысын өткізді
05 Наурыз 2021, 09:39
Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады
04 Наурыз 2021, 20:54
Қазақстан Президенті Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
04 Наурыз 2021, 19:56
Қазақстан мен Өзбекстанның вице-премьерлері COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен шараларды талқылады
04 Наурыз 2021, 18:27
ҚР-да 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін жергіліктендіреді — А. Мамин
04 Наурыз 2021, 14:32
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
04 Наурыз 2021, 11:19
Абзал Бейсенбекұлы ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
04 Наурыз 2021, 10:45
Мархабат Жайымбетов ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
04 Наурыз 2021, 10:21
Қазақстан The Economist Intelligence Unit азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын жақсартты
03 Наурыз 2021, 20:38
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуіне қатысты
03 Наурыз 2021, 19:12
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» ҚР Заңына түзетулер енгізді
03 Наурыз 2021, 19:05
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті
03 Наурыз 2021, 19:04
Мемлекет басшысы ҚР-ның Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісін тағайындады
03 Наурыз 2021, 15:12
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
03 Наурыз 2021, 13:20
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
02 Наурыз 2021, 20:27
А. Мамин Қырғызстан Президенті С. Жапаровпен келіссөз жүргізді
02 Наурыз 2021, 19:17
Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігін бақылау, су тасқыны кезеңіне дайындық, төтенше жағдайларға ден қою — ҚР ТЖМ
02 Наурыз 2021, 18:15
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесті
02 Наурыз 2021, 17:33
Дәурен Кеңбейіл Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі болып тағайындалды
02 Наурыз 2021, 15:10
Мұрат Теміржанов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Наурыз 2021, 15:04
Гүлжахан Бимендина ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы қызметінен босатылды 
02 Наурыз 2021, 14:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.03.2021
02 Наурыз 2021, 13:25
Инвестициялардың өсуі, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын құру — Ақмола облысының 2020 жылы дамуы
02 Наурыз 2021, 13:12
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен шағын құрамда келіссөздер өткізді
02 Наурыз 2021, 12:48
Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті жақсарту үшін МСАК Астана декларациясының операциялық тетігі ілгерілетілуде — А. Цой
02 Наурыз 2021, 11:00
Қазақстанда бес жылда ауыл шаруашылығында өнім экспортын және ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің табысын 2 есе ұлғайту жоспарланған  
02 Наурыз 2021, 10:37
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
02 Наурыз 2021, 10:22
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
02 Наурыз 2021, 09:38
А. Мамин: 2025 жылға дейін ҚР АӨК-не 4 трлн теңгеден астам инвестиция тарту көзделген
01 Наурыз 2021, 19:29
Коронавирус инфекцияcымен күрес, медициналық ұйымдарды жабдықтау, медицина саласындағы жалақы реформасы — 2020 жылдың қорытындысы бойынша денсаулық сақтау жүйесінің дамуы
01 Наурыз 2021, 15:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен кездесу өткізді
01 Наурыз 2021, 15:13
2 наурыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
01 Наурыз 2021, 10:07
Ержан Біржанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
01 Наурыз 2021, 08:26
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады
28 Ақпан 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №101
27 Ақпан 2021, 15:24
Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне шолу: 2020 жылдың қорытындысы және 2021 жылға арналған жоспар
26 Ақпан 2021, 19:55
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
26 Ақпан 2021, 18:31
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
26 Ақпан 2021, 16:20
Азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау, қызметтерді цифрландыру, зейнетақы реформасы — 2020 жылдың қорытындысы бойынша маңызды әлеуметтік жобалардың іске асырылуы
26 Ақпан 2021, 11:02
Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады
26 Ақпан 2021, 10:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 ақпандағы №75 Қаулысы
25 Ақпан 2021, 19:09
«Бәйтерек» холдингінің өңдеу секторын қаржылай қолдау көлемі 21%-ға өсті
25 Ақпан 2021, 18:27
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
25 Ақпан 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысына қатысты
25 Ақпан 2021, 16:58
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады
25 Ақпан 2021, 15:31
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзі
25 Ақпан 2021, 13:31
Мұрат Нұртілеу ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.