2020 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 1666 жаңа жоба іске асырылды — А. Мырзахметов

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру және жергілікті қамтуды дамыту мәселелері қаралды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов «Қарапайым заттар экономикасы» және жергілікті қамтуды дамыту аясында жеңілдетілген несие беру тақырыбында баяндама жасады.

Мырзахметовтың айтуынша, коронавирус пандемиясымен байланысты қиындықтарға қарамастан, осы жылдың 11 айында 1666 жаңа жоба іске асырылды.

Мәселен, қазіргі уақытта мақұлданған жобалардың сомасы 696 млрд теңгені немесе 69% құрайды, субсидияланған жобалардың сомасы 444 млрд теңге (44%). Мақұлданған және субсидияланған жобалар арасындағы айырмашылық 253 млрд теңгені құрайды, «Даму» желісі бойынша – 208 млрд теңге, «Қолдау» желісі бойынша – 45 млрд теңге.

«Жалпы, жобалардың 85%-ы жұмыс істейді, алайда кеңейту мен жаңғыртуды талап етеді. Қалған 15% – жаңа жобалар. Жаңа жобалар бойынша көшбасшылар Түркістан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары. Жаңғыртылған жобалар бойынша Алматы, Шымкент, Жамбыл облыстарын атап өтуге болады. Қызылорда, Атырау облыстарында көрсеткіштер төмен күйінде қалып отыр. Сондықтан, оң нәтижелерге қарамастан, біздің алдымызда әлі де белгілі бір міндеттер тұр», — деді Абылай Мырзахметов.

Болжамдарға сәйкес, мақұлданған 2 586 жобаны іске асырудан күтілетін нәтиже 19 214 жұмыс орнын бере алады.

Ол қаражатты тиімді игеру мақсатында өңірлер субсидияланған мәртебесіне дейінгі жобаларды сүйемелдеу бойынша белсенді жұмыс жүргізуі қажет екенін айтты. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 4 негізгі бағыт бойынша 1 трлн теңге игерілген – өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер (400 млрд теңге), агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу (300 млрд теңге), агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс (270 млрд теңге), көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары (30 млрд теңге).

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы қозғаған келесі мәселе «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына түзетулердің жетінші пакетіне қатысты. Осылайша, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша кепілдендіру тетігін жетілдіру жоспарлануда. Кепілдік мөлшері және кепілдік берілетін несие сомасы келесідей болады:

  • Даму – несие сомасынан 50%-ға, 1 млрд теңгеге дейін қоса алғанда;
  • АШҚҚҚ – несие сомасының 50%-на дейін 3 млрдтеңгеге дейін;
  • жобаны пайдалануға бергенге дейін басым бағыттар бойынша 85%-ға дейін 3 млрд теңгеге дейін;
  • ҚДБ:

- несие сомасының 50%-ы, 1 млрд теңгеден 3 млрд теңгеге дейін қоса алғанда;

- несие бойынша 30%, 3 млрд теңгеден 5 млрд теңгеге дейін қоса алғанда;

- несие сомасының 50%-ы 3 млрд теңгеден 10 млрд теңгеге дейін қоса алғанда.

Бұдан басқа, кепілдік шарттарын қағаз тасымалдауышта ғана емес, электрондық формасында да жасау ұсынылады.

Абылай Мырзахметов осы шешімдерден күтілетін нәтижеге сәйкес 2,5-5 млрд теңге сомасына провизиялар құру қажеттілігі алынып тасталатынын түсіндірді. сондай-ақ өз капиталы мен халықаралық кредиттік рейтинг сақталады.

Бұдан басқа, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіретін және импортты алмастыруды дамытатын кәсіпкерлерді қамтуды ұлғайту мақсатында лизингтік компанияларды «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының операторы ретінде қосу, сондай-ақ ЭҚЖЖ-ны несие беруге арналған тауарлар тізбесіне қосу ұсынылды.

Жалпы, А. Мырзахметовтың айтуынша, енгізілген өзгерістер «қарапайым заттар экономикасының» оң дамуы үшін барлық жағдайды жасайды.

«Біз кепілдік беру мәселесі болды деп айттық. Кепілдікті "Даму" қоры береді. Яғни, келісім бойынша 1 млрд теңгеге дейінгі несиені “Даму” қоры кепілдендіреді. Қор сондай-ақ 1 млрд теңгеден асатын жобаларға соманың 50%-на дейінгі мөлшерде кепілдік беретін болады», — деді ол.

ҰКП бұл шаралар 2,5-5 млрд теңге сомасына провизиялар құру қажеттілігін жояды, өз капиталы мен халықаралық кредиттік рейтингті сақтайды деп болжайды.

А. Мырзахметов Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ұсыныстар бойынша бірыңғай ұстаным әзірлеп, Үкімет қаулысының тиісті жобасын енгізу жөнінде ұсыныс енгізді.

Жергілікті қамту мәселесіне келетін болсақ, ҰКП өңдеу салаларына үздіксіз мониторинг жүргізуде. Осы жылдың 11 айында «қарапайым заттар экономикасы» салалары бойынша мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту үлесін талдау көрсеткендей, ЖАО сатып алу жоспары мен фактісінің мемлекеттік сатып алу порталының деректерімен айырмашылығы 2 есені құрайды. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті қамту үлесін тек 96 млрд теңгеден ғана растады (сатып алу порталындағы факт сомасынан 58%). Ең үлкен жергілікті қамту үлесі Қарағанды, Алматы, Қостанай, Түркістан облыстарында, ШҚО, Шымкент қ., ең аз жергілікті қамту үлесі Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарында, БҚО, Нұр-сұлтан қ. байқалып отыр.

«Қазіргі уақытта мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсеткіштер 10% құрайды және өткен жылдың 11 айымен салыстырғанда ол екі есеге жуық өсті», — деп атап өтті ол.

А. Мырзахметов өңірлерге жеңіл өнеркәсіп пен жиһаз саласын дамытуда одан әрі белсенді жұмыс жүргізуді ұсынды. Өңірлерде жергілікті бақылауды қамтамасыз ету үшін салалар жұмысын жүйелеу, қамту және мониторингтеу жөніндегі арнайы комиссиялар құрылды. Сондай-ақ, ол Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы комиссияның жұмысындағы оң динамиканы атап өтті.

Бұдан өзге, 2020 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстанда отандық тауар өндірушілер тізілімі www.otp.kz іске қосылды. ОТӨ тізілімі индустриялық сертификаттар мен CT-KZ сертификаттары базасында құрылған. Оның негізгі мақсаты ОТӨ (өңірлер, компаниялар, салалар бойынша) ыңғайлы іздеуді, тапсырыс берушілер, мердігерлер, ОТӨ және мемлекеттік органдар үшін кері байланысты (сайт және өзекті прайс-парақ) қамтамасыз ету болып табылады.

Сондай-ақ, Абылай Исабекұлының айтуынша, 2021 жылы баға мен орналасқан жері бойынша (маркетплейстерге ұқсас) ең үздік тауарды анықтауды қосымша іске асыру, сондай-ақ сертификаттардың қолданылу мерзімінің аяқталғаны туралы өндірушіні хабардар ету мүмкіндігін қосу жоспарлануда.

Бұдан әрі Қарағанды облысы бойынша жергілікті қамту туралы әкім Жеңіс Қасымбек баяндады. Оның айтуынша, отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша жұмыс Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жобалық кеңсе аясында жүргізілуде.

«Жыл басынан бері 22 отырыс өткізіп, бүгінде белгілі бір нәтижелерге қол жеткіздік. Осылайша, 11 ай ішінде «қарапайым заттар экономикасынан» тауарларды сатып алу кезінде жергілікті қамтудың жылдық мақсатты индикаторлары орындалды», — деді облыс басшысы. 

Оның берген деректеріне сәйкес, өткен жылдың осыған сәйкес кезеңімен салыстырғанда жергілікті қамту үлесі екі есеге артты. 

Қарағанды облысы бойынша салалар бөлінісінде:

  • жиһаз бойынша – 87% (KPI – 46,3%);

  • жеңіл өнеркәсіп бойынша – 83,5% (KPI – 45,5%);

  • құрылыс материалдары бойынша – 91,3% (KPI – 47,1%);

  • тағам өнеркәсібі бойынша – 81,3% (KPI – белгіленбеген)

  • машина жасау бойынша – 60,6% (KPI – 15,3%);

  • химия өнеркәсібі бойынша – 53,6% (KPI – 12%).

Жұмыспен қамтудың жол картасы жобаларында да жергілікті қамту үлесі 91%-ға дейін қамтамасыз етілді.

Мысалы, құрылыс индустриясы бойынша кәсіпорындардың жүктемесі 80%-дан асты. Ал былтырғы жылы бұл көрсеткіш 40-50% болатын.

Әкімнің айтуынша, бұл көрсеткішке отандық тауар өндірушілермен олардың өнімдерін қолдану және өндірістік қуаттарды жүктеу тұрғысынан нақты кездесулерді өткізу арқылы қол жеткізілді. 

«Сондай-ақ шикізаттық емес тауарларды сатып алу кезінде жергілікті қамту үлесінің өсуін қамтамасыз ету үшін ірі компаниялармен, соның ішінде “АрселорМиттал Теміртау” және “Қазақмыс” корпорациясымен кәсіпорындарымен жұмыс істейміз. Осы жылдың ақпанында біз “АрселорМиттал Теміртау”-мен Қарағанды ​​өндірісінің шикізаттық емес тауарларының үлесін 5 млрд-тан 10 млрд теңгеге дейін арттыру туралы меморандумға қол қойдық. Бүгінгі күнде бұл жоспар асыра орындалды», — деді ол. 

Сонымен қатар шикізаттық емес тауарлардың үлесі 5 есе өсіп, 24,5 млрд теңгені құрады, ал келісімшартқа отырған өндірушілердің саны 20 компанияға артты (29-дан 49 кәсіпорынға дейін). Осындай жұмыс «Қазақмыс» корпорациясымен де жүргізілді. Осы жылдың соңына дейін «Қазақмыстың» Қарағанды ​​өндірушілерінен сатып алатын тауарлардың үлесі 10 млрд теңгегеден 15 млрд теңгеге дейін өсіру көзделген.

Жалпы, отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі жұмыс тұрақты бақылауда.

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың айтуынша, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына сәйкес облыста 86 911,5 млн теңге сомасына 107 жоба ұсынылған. Оның ішінде 101 жоба 70 451,5 млн теңгеге мақұлданды, 410 млн теңге сомасына 2 жоба қаралуда және жалпы сомасы 16 050 млн теңге болатын 4 жоба бастамашылық сатысында. Жобалар төрт сала бойынша ұсынылған:

  • АӨК қайта өңдеу (10 жоба) – сүт өндіру бойынша мақұлданған жобалар арасында (299,5 млн теңге сомасына 5 жоба), су өндіру (сомасы 61,7 млн теңгеге 1 жоба) және балықты қайта өңдеу (30 млн теңге сомасына 1 жоба);
  • АӨК-тегі өндіріс — мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы саласындағы барлық 68 жоба мақұлданды;
  • өңдеу өнеркәсібі — химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп және құрылыс материалдарын өндіру бойынша жобалар мақұлданды;
  • қызметтер — туризм, денсаулық сақтау, білім беру және қоймалау саласындағы жобалар мақұлданды.

Трұмов ұсынған ақпаратқа сәйкес, салалар бойынша жергілікті қамту үлесі:

  • жиһаз өнеркәсібі — 1.12-ге 53% (KPI – 41,5%);
  • құрылыс материалдары — 1.12-ге 44% (KPI – 40,8%);
  • машина жасау — 1.12-ге 32% (KPI – 11,7%);
  • жеңіл өнеркәсіп — 1.12-ге 43% (KPI – 42,2%);
  • тамақ өнеркәсібі — 1.12-ге 41% (KPI — қарастырылмаған);
  • химия өнеркәсібі — 1.12-ге 56% (KPI — қарастырылмаған).

Осы жылдың 11 айындағы құрылыс-монтаждау жұмыстары жобаларындағы жергілікті қамту үлесі:

  • құрылыс-монтаждау жұмыстары: барлығы 69 жоба, оларға 67,8 млрд теңге бөлінді, оның 41,8 млрд теңгесі игерілді;
  • «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020»: барлығы 172 жоба, оларға 31,9 млрд теңге бөлінді, оның 28,9 млрд теңгесі игерілді.

Облыста отандық өндірушілерді қолдау жөніндегі комиссия жұмыс істейді, 9 отырыс өткізілді, жергілікті өндірушілердің өнімдерін сату мәселелері қаралды. 6 сала бойынша KPI орындалды.

Атырау облысындағы осындай жағдай туралы Махамбет Досмұхамбетов баяндады. Оның айтуынша, облыста «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 33,4 млрд теңге сомасына 105 жоба іске асырылуда. Екінші деңгейдегі банктер мен Агрокредиттік корпорация 8,5 млрд теңге сомасына 41 жобаны мақұлдады.

Қазіргі таңда екінші деңгейдегі банктер мен агрокредит корпорациясының қарауында 6,5 млрд теңге сомасына 7 жоба бар. Қазір құжаттарды дайындау сатысында жалпы сомасы 18,4 млрд теңгеге 57 жоба бар.

2020 жылдың 11 айында 6 сала бойынша мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту:

  • жиһаз өнеркәсібі — 1.12-ге 64,4% (KPI – 48,3%);
  • құрылыс материалдары — 1.12-ге 74,2% (KPI – 67,5%);
  • машина жасау — 1.12-ге 36,1% (KPI – 13,6%);
  • жеңіл өнеркәсіп — 1.12-ге 67% (KPI – 42,8%);
  • тамақ өнеркәсібі — 1.12-ге 39,3% (KPI – қарастырылмаған);
  • химия өнеркәсібі — 1.12-ге 66% (KPI – қарастырылмаған).

Барлығы 6 сала бойынша мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту 2 346,4 млн теңгеге (52,7%) жоспарланған. 

Құрылыс-монтаждау жұмыстары жобаларындағы жергілікті қамту үлесі 100 млн теңгеден асады. Ағымдағы жылдың 11 айында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы келесі түрде ұсынылды:

  • құрылыс-монтаждау жұмыстары: 72 млрд теңге сомасына барлығы 68 жоба, 16,1 млрд теңгеге тауарлар сатып алынды;
  • «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020»: барлығы 29 млрд теңге сомасына 63 жоба, 9,5 млрд теңгеге тауарлар сатып алынды.

Мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының өкілдерімен бірлесіп облыс бойынша 300-ге жуық кәсіпкердің қатысуымен 7 кездесу өткізілді. ZOOM платформасында 2610 кәсіпкерді қамтумен 66 кездесу өткізілді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу