Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2025 жылға дейін еліміздегі барлық жолдар жол бойы сервисімен қамтамасыз етіледі — ҚР ИИДМ

Сейсенбі, 06 Сәуір 2021, 12:21:37

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов баяндама жасады.

Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес бәсекеге қабілетті көлік инфрақұрылымын құру үшін қызмет сапасы мен транзит жылдамдығын арттыратын жаңа инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің айтуынша, биыл «Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін айқындаған жол-көлік инфрақұрылымын дамыту саласындағы міндеттерді іске асыру басталады.

Елімізде автожолдардың жалпы ұзындығы 96 мың шақырымды құрайды. Оның ішінде 25 мың шақырымы — республикалық маңызы бар күре жолдар, 71 мың шақырымы — жергілікті жолдар. 

2021-2025 жылдар аралығында автожол саласында республикалық маңызы бар 12 мың шақырым автожол салынып, реконструкцияланады. Жыл сайын 200 мың адам жұмыспен қамтылады.  

2020 жылға дейін республикалық маңызы бар 13 мың шақырым автожол қайта жаңартылды. 

Биыл республикалық жолдардың 4,7 мың шақырымында жол-құрылыс жұмыстары жүргізіледі. 

3,6 мың шақырым автожол салынып, қайта жаңартылып жатыр. 

Жыл қорытындысында 2,2 мың шақырым автожолды пайдалануға беру, 1,2 мың шақырым жолды ашу жоспарланған.

1,1 мың шақырым жолда орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда 15 автожол жобасы жүзеге асырылып жатыр. 

«Жыл қорытындысында 768 шақырымдық Талдықорған-Өскемен учаскесін реконструкциялауды толық аяқтау жоспарланған. Бұл — Орта Азия республикаларын Ресейдің Шығыс-Сібір аймағымен және Қазақстанның оңтүстігін шығыспен байланыстыратын халықаралық транзиттік дәліз. Осы автожолдың Алакөл көлінің туристік кластерін дамытуда маңызы ерекше», — деді Б. Атамқұлов.

Нұр-Сұлтан қаласы мен өңірлерді «шұғыла принципі» бойынша байланыстыратын жоғары жылдамдықты 4 жолақты автомагистраль құрылысы жалғасады.  

Көкшетау, Павлодар және Қарағанды бағытындағы жұмыстар аяқталды. Бүгінде құрылыс жұмыстары Қарағанды қаласынан Қапшағайға дейінгі учаскеде жүргізіліп жатыр. 

Жыл соңына дейін Балқашқа дейінгі учаске, келесі жылы Қапшағайға дейінгі учаске пайдалануға беріліп, Орталық-Оңтүстік дәлізінің реконструкциясын толық аяқталады.

ҚР ИИДМ басшысы Ақтөбе-Атырау-Астрахань бағытына ерекше назар аударды.

«Қайта жаңарту жұмыстары басталғанға дейін автожолдың нашарлығынан Ақтөбе мен Атырау, Ақтау қалалары арасындағы қатынас Орал қаласы арқылы жүзеге асырылатын. Яғни, 500 шақырым артық жол жүретін.  Қазір бұл автожолдың бойында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Биыл Қандыағаш-Мақат учаскесінде жұмыстарды аяқтап, жолда қозғалыс ашылады. Ал келесі жылы толық пайдалануға береміз», — деді ол.

Бүгінгі таңда Түркістан, Жамбыл облыстары мен көршілес мемлекеттердің еліміздің орталық өңіріне сапарлары Алматы қаласы арқылы артық 250 шақырым жол жүрумен өтеді. Меркі-Бурылбайтал автожолының әлеуметтік маңызы зор және ол Орталық Азия елдерімен транзитке әсер етеді. Биыл жолда негізгі жұмыстарды аяқтап, қозғалысты ашуды жоспарланып отыр.   

Қазан айында Шамалған бекетіндегі жолайрығының құрылысы аяқталады. Бұл теміржолдан өту кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Сондай-ақ 2021-2022 жылдары Үшарал-Достық, Қалбатау-Майқапшағай, Қостанай-Денисовка, Петропавл-РФ шекарасы (Курган) сияқты әлеуметтік маңызы бар транзиттік жобалар кезең-кезеңмен аяқталады.

Қазір құрылыс маусымына дайындық жүргізіліп жатыр.  

Биылғы міндеттерді орындау үшін 18 млн тонна қиыршық тас, 120 мың метр3 темірбетон бұйым және 1 млн 300 мың тонна битум қажет. Қазір қиыршық тас пен темірбетон бұйымдары толық дайындалған. Сондай-ақ битумның 325 мың тоннасы әзірленді.

Жыл сайын құрылыс маусымында битум тапшылығы байқалып, нарықта баға көтеріліп жатады. Бұл жұмыс барысына әсер етпей қоймайды. 

Қазіргі уақытта Энергетика министрлігімен битумды уақтылы жеткізу және бағаның өсуіне жол бермеу мәселесі пысықталып жатыр. 

Жалпы құрылыс маусымында 20 мың жол-құрылыс техникасы, 81 асфальтбетон зауыты мен 79 ұсақтап-сұрыптау қондырғысы жұмылдырылады.

Жалпы алғанда, жол-құрылыс жұмыстарына 200 мыңға жуық адам тартылады.

Оңтүстік өңірлерде құрылыс жұмыстары басталып кетті. Ауа райы жылынғаннан кейін құрылыс жұмыстары барлық нысанда басталады.

2025 жылға дейін республикалық маңызы бар барлық автожолды қайта жаңарту үшін ұзындығы 4,3 мың шақырымда жаңа жобалар жүзеге асырылады.

Сондай-ақ 2021-2025 жылдарды 10 мың шақырым автожол жөнделеді.

Б. Атамқұловтың айтуынша, биылғы жылдың соңына дейін біз жалпы ұзындығы 607 шақырым болатын 4 жаңа автожол жобасын бастауды жоспарлап отырмыз. Олар:

  • «Қызылорда-Жезқазған» автожолын қайта жаңарту;
  • Түркістан қаласының Шығыс айналма жолын салу;
  • Шымкент қаласының оңтүстік-батыс айналма жолының құрылысы;
  • Сарыағаш қаласы айналма жолының құрылысы.

2025 жылға дейін барлық жол Ұлттық стандарттарға сәйкес келетін жол бойындағы қызмет көрсету нысандарымен қамтамасыз етіледі. Жол бойындағы қызмет көрсету нысандары бойынша талаптар бекітілген. Оларды дамыту жұмыстарын «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы жүргізіп жатыр.

Жыл сайын өңірлерде жергілікті атқарушы органдармен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп қызметтердің барлық спектрін көрсететін жаңа заманауи нысандар салынады, қазір қолданыстағы нысандар халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келтірілуде.

Бүгінгі таңда республикалық автомобиль жолдары бойында 1854 қызмет көрсету нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 1070 нысан ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келеді. 

Жыл соңына дейін 125 нысан салынады. Оның ішінде зәкірлі инвесторлар есебінен санитарлық тораптары мен тамақтану пункттері бар 38 жанармай құю станциясы, жеке инвестициялар есебінен және қайта жөндеу жұмыстары аясында 87 бірлік санитарлық-гигиеналық торап салынады. 

Биыл нормативтік талаптарға сай келетін нысандар үлесі 66% (1322 бірлік) дейін жеткізіледі. 

2025 жылға дейін қосымша 400-ден астам заманауи нысан салынады. Жол бойындағы қызметтің барлық нысаны нормативтерге сәйкес келтіріледі.

Б. Атамқұловтың айтуынша, жаңа трассалық кешендер құрылысы бойынша Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары оң нәтиже көрсетіп отыр.

«Реконструкциядан өткен автожолдарды күтіп-ұстау үшін ақылы жолдар іске қосылуда. Ол шығындарды толық жабуға және республикалық бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Ақылы учаскелер қазіргі заманғы қауіпсіздік талаптарын және қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді. Наурыз айында 5,8 мың шақырым жол ақы алу жүйесі бойынша пайдалануға берілді», — деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Жыл соңына дейін 25,6 млрд теңге алым жиналады деп жоспарланған.

Қалған 5,2 мың шақырым жолда реконструкция жұмыстарының аяқталуына қарай ақылы жүйені 2024 жылдың соңына дейін енгізу жоспарланып отыр.

Жергілікті автожолдар желісін дамытудың маңызы зор. Жергілікті жолдардың ұзындығы 71 мың шақырымды құрайды.

Атқарылған жұмыстар есебінен өткен жылдары жергілікті жолдардың 75%-ы нормативтік жағдайға келтірілді. 

Бүгінде өңірлер арасындағы облыстық және аудандық жолдардың жағдайы әртүрлі.

Б. Атамқұлов Маңғыстау, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Түркістан облыстарының жол желісін жақсарту және тепе-тең қаржыландыру қағидатын сақтау жөніндегі жұмыстарын атап өтті.

Биыл жергілікті жолдар желісін дамытуға 119 млрд теңге қарастырылған.

Бөлінген қаражат есебінен жол жөндеу жұмыстарының барлық түрімен 1,3 мың шақырым жол қамтылады.

2025 жылға дейін 27 мың шақырым жол жұмыстың барлық түрімен қамтылады және жолдардың 95%-ын нормативтік жағдайға жеткізу жоспарланып отыр.

Жергілікті атқарушы органдармен бірге жергілікті маңызы бар жолдар желісінің жағдайын жақсарту бағытында пәрменді шаралар қабылданады.  

Жолдарды жөндеу жұмыстарының сапасына және олардың жағдайын диагностикалауға ерекше назар аударылады. 

«Жұмыс нәтижелері оң болды. Атап айтқанда, мердігерлік ұйымдар мен техникалық қадағалау сарапшылары материалдардың сапасы мен технологияның сақталуына баса назар аудара бастады. Биыл республикалық және жергілікті желілер бойынша жол-құрылыс жұмыстары толық сапа сараптамасымен қамтылады. Құралдық тексеру республикалық жолдар желісінің 18 мың шақырымына жүргізіледі. Оның нәтижесінде жөндеу жөніндегі іс-шаралар кешені әзірленеді», — деді инсдустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Цифрландыру аясында биыл жол активтерін басқару жүйесі (ЖАБЖ) әзірленді. Бұл жүйе биыл республикалық және 2025 жылға дейін жергілікті желіге енгізілмек.  

Сондай-ақ жыл соңына дейін халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес 42 салалық нормативтік-техникалық құжат қайта өңделеді. 

Б. Атамқұловтың айтуынша, Елбасының, Мемлекет басшысының тапсырмаларын және «Nur Otan» партиясының сайлауалды тұғырнамасында белгіленген міндеттерді уақтылы және сапалы іске асыру нәтижесінде 2025 жылға дейін:

  • республикалық маңызы бар жолдардың 100%-ын және жергілікті маңызы бар жолдардың 95%-ын нормативтік жағдайға жеткізу;
  • ақылы жолдардың ұзындығын 11,7 мың шақырымға дейін ұлғайту;
  • республикалық автожолдарды ұлттық стандартқа сәйкес келетін жол бойындағы қызмет көрсету нысандарымен қамтамасыз ету;
  • жыл сайын 310 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. 

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, өңірдегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 398 шақырымды құрайды. Оның 1 016 шақырымы республикалық, 2 382 шақырымы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары болып табылады.

2020 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары желісін дамытуға 19,7 млрд теңге бөлініп, ұзындығы 492 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары мен көшелер және көпір өткелдері жөндеуден өткізілді.

Оның ішінде, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 5 246 млн теңге бөлініп, ұзындығы 136 шақырымды құрайтын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың индикаторлық көрсеткішінің үлесі жоспарлы 70% орындалды.

2021 жылы республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 14 803 млн теңге бөлінді. Ұзындығы 260 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары мен көпір өткелдерін және көшелерді жөндеуден өткізу жоспарланған.

Жалпы ағымдағы жылы республикалық бюджеттен төрт мемлекеттік бағдарламамен 5 786 млн теңге көлемінде инвестиция тартылып отыр.

Сонымен қатар республикалық бюджетті нақтылау барысында ҚР ИИДМ-ға құны 8,2 млрд теңгені құрайтын қосымша 29 жобаны қаржыландыруға ұсыныс берілді (алдын ала қолдау тапқаны – 14 жоба).

Қазіргі уақытта облыс көлемінде келесі жобалардың құрылыс жұмыстары басталуда:

  • Қызылорда қаласының сол жағалау бөлігінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомобиль жолымен қосылатын жеріне жол айрығын салу;
  • Қазалы ауданындағы Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының екі аралығын қосатын ұзындығы 7 шақырымды құрайтын автомобиль жолын қайта жаңғырту;
  • Қызылорда-Жалағаш автомобиль жолының бойындағы аппатық жағдайдағы 3 көпірді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар ағымдағы жылы облыс бойынша құны 14 803 млн теңгені құрайтын 56 жоба жүзеге асырылады.

«2018-2020 жылдары 50/50 паритеті негізінде бөлінген қаржының аясында әкімдік өз міндеттемесін толығымен орындады. Нәтижесінде, 2021 жылғы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жоспарланған индикаторлық көрсеткіші 75%-ға жеткізіледі», — деді Г. Әбдіқалықова.

«Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасы аясында жергілікті маңызы бар жолдардың 2025 жылға дейінгі индикаторлық көрсеткішін 95%-ға жеткізу барысында кесте жасалып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Ұзындығы 412 км болатын «Қызылорда-Жезқазған» республикалық маңызы бар автомобиль жолын қайта жаңғыртуға қатысты бүгінгі күні жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биылғы жылы 1 304 шақырым автомобиль жолын жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарлануда.

«Біздің өңір үшін негізгі жоба Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі іске асыратын Орталық-Оңтүстік көлік дәлізі болып табылады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Теміртау-Қарағанды және Қарағанды қаласына солтүстік және шығыстан айналма жолдары ашылды. Бұл облыс орталығын транзиттік жүк көлігінен айтарлықтай босатуға мүмкіндік беріп отыр», — деді Ж. Қасымбек.

Биыл Қарағанды-Балқаш, Балқаш-Бурылбайтал учаскелерінде жұмыс жалғасады. Жылдың аяғына дейін төрт жолақ бойынша жүру ашылады, сондай-ақ жекелеген учаскелерді пайдалануға беріледі.

Өңірді дамыту үшін келесі жол жобалары маңызды болып табылады: 

  • «Қызылорда - Жезқазған»;
  • «Жезқазған - Қарағанды»;
  • «Қарағанды - Қарқаралы»;
  • «Жезқазған - Арқалық» автожолдары;

Бүгінгі күнде «Жезқазған-Қызылорда облысының шекарасы» автожолының 208 шақырымын қайта жаңартудың жобалау құжаттамасын дайындау аяқталды.

Қарағанды облысының әкімінің сөзінше, Жезқазған мен Қарағанды қалалары арасындағы байланыстың жоғары қажеттілігі бар және ол туристік кластерді дамыту үшін де маңызды.

Жергілікті маңыздағы жолдардың инфрақұрылымын дамыту бойынша «Нұрлы Жол», «Ауыл-Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламалары аясында және  жергілікті бюджеттен қаржыландыру есебінен 20 млрд теңгеге жергілікті маңыздағы шамамен 700 шақырым  автожол жөндеу жұмыстарымен қамтылады.

Бөлінген қаражат есебінен жөндеу жұмыстары  80-ге жуық ауылдық елді мекенді, сондай-ақ облыстың барлық қалалары мен аудандарындағы жолдарды қамтиды.

Бұл жұмысқа облыстағы 59 асфальт-бетон заводы, шамамен 3 мың бірлік арнайы техника мен 5 мың адам тартылады.

«Облыстың  республикалық желісінде жол сервисінің 164 нысаны орналасқан. Олардың ішінен 89 нысан немесе 54%-ы стандартқа сәйкестендірілген. Келесі 75 нысан таяу жылдарда осындай стандартқа сәйкес болады», — деді ол.

Сервис нысандарын Ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендірудің аймақтық жоспары жасалған. Оның аясында кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі, Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігімен меморандумдарға қол қойылды.

Маңғыстау облысының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 2 957 км құрайды, оның ішінде республикалық маңыздағы жолдар – 1 013 км, жергілікті маңыздағы жолдар – 1 944 км.

Облыс әкімі Серікбай Трұмовтың айтуынша, жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының қанағаттанарлық жағдайы 94% құрайды.

Өткен жылы 158 шақырымды құрайтын 2 республикалық жол пайдалануға берілді, «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» (85 км) және «Жетібай-Жаңаөзен» (73 км) автомобиль жолдарының қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен бірге жергілікті жолдарға бюджеттен 11,6 млрд теңге бөлініп, 154 км жолға асфальт жабындысы төселді. 149 шақырымды қамтитын 8 жолдың реконструкциясы мен орташа жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды.

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Бейнеу, Ақшұқыр, Қызылтөбе, Баянды, Басқұдық ауылдарында 46,1 шақырым жол салынып, 47,4 шақырым жол орташа жөндеуден өткізіледі.

Биыл 245 шақырымды қамтитын облыстық және аудандық маңыздағы 17 жобаның жұмыстары жалғасуда.

«28,4 шақырымды қамтитын “Ақтау – Форт-Шевченко” және “Хонда” орталығынан Өмірзақ ауылына дейінгі жолды реконструкциялау бойынша 2 жаңа жобаның жұмысы басталды», — деп мәлімдеді облыс әкімі.

Қазіргі уақытта жолдың негізін дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс алаңында 130-дай техника, 165 адам жұмыс істеп жатыр. Барлық жұмыс бекітілген құрылыс кестесіне сай жүргізіліп, шілде айында толық аяқталатын болады.

«Жетібай-Құрық» (64 км) автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жоба құны 9,3 млрд теңгені құрайды. 2021 жылға оның 1 млрд теңгесі бөлініп, 8 шақырымында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаны 2022 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Елбасының 2018 жылдың тамыз айында Ақтау заманауи теңіз курортына айналуы тиіс деген тапсырмасынан кейін туризмнің дамуына аса зор көңіл бөлініп, өңірдің инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Осы орайда, «МАЭК» су жинау каналынан «Құрық» паром кешеніне дейін автомобиль жолын қайта жаңарту жобасын іске асыру бес кезеңге бөлініп, бүгінге оның төртеуі іске асырылды.

Келесі жылы қалған 1 жобаны іске асыру көзделіп отыр.

Өңірдің туристік инфрақұрылымын дамыту шеңберінде алдағы уақытта «Таушық-Шетпе», «Ақтау-Форт-Шевченко» автомобиль жолдарын да қайта жаңарту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Жаңаөзен қаласын кешенді дамыту жоспарына сәйкес 164 шақырымды құрайтын «Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан шекарасы» автомобиль жолын 2025 жылға дейін қайта жаңарту министрлікпен бірге жүзеге асырылады.

«Облыста халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 37 жол бойындағы сервистік қызмет көрсету орталықтары орналасқан. Оның 16-сы ұлттық стандартқа сай келеді. «ҚазАвтоЖол» компаниясымен бірлесіп жол бойындағы сервис нысандарын стандартқа сәйкестендіру жұмыстары жалғасатын болады. Бұл бағытта біз жеке инвесторларды тарту бойынша жұмыстарды күшейтіп жатырмыз. Биыл жеке инвестор «Компас» ЖШС екі жерге «А» санатындағы жол сервисі құрылысын салу бойынша ұсыныс жасады», — деді әкім.

Павлодар облысында 5 372 шақырым автомобиль жолы бар, оның ішінде:

  • республикалық маңызы бар жолдар – 1 662 шақырым; 
  • облыстық маңызы бар жолдар – 1 010 шақырым;
  • аудандық маңызы бар жолдар – 2 699,3 шақырым.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 86% құрайды.

«2021 жылы 6,9 млрд теңгеге 120 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу бойынша 22 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Осы жылы көрсеткіш 87%-ға жетеді. Сонымен қатар биыл 60 км тас жол асфальт төселген жолдарға ауыстырылады», — деді Ә. Сқақов.

Павлодар облысының әкімінің айтуынша, 2022-2025 жылдары 1 070 шақырым автомобиль жолдарында орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 95%-ға жеткізіледі.

Өңірде жөндеу жұмыстарын бастауға қажетті мамандандырылған техника мен инфрақұрылым бар. Облыста 18 асфальтбетон зауыты, 8 қиыршық тас карьері, 1 битум шығаратын зауыт, 1 құм дайындайтын мекеме және жол сапасына сараптама өткізетін 5 зертхана жұмыс істейді.

Жол бойындағы қызметті дамыту бойынша шаралар да қабылданып жатыр.

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр атап өткендей, жолдар желісін дамыту — елдің көлік инфрақұрылымына бизнес пен тұрғындар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етудің негізгі міндеттерінің бірі.

Оның айтуынша, бұл мәселе Үкіметтің тұрақты бақылауында. 

«Алдағы құрылыс маусымына дайындық барысында мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен басқа процеске қатысушылар арасында өзара тығыз байланыс орнатылды. Республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының желісін дамыту және күтіп ұстау, құрылыс пен қайта жаңартудың сапасын бақылау бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің берген ұсыныстары «Аумақтарды дамыту» ұлттық жобасын әзірлеу кезінде ескеріледі», — деді Р. Скляр.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
13 Сәуір 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады
12 Сәуір 2021, 20:33
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 наурыздағы №169 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №174 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №189 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 19:32
Қазақстан Президенті Швецияның сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
12 Сәуір 2021, 19:18
Ғылымды гранттық қаржыландыру отандық ғалымдарды қолдау шарасы ретінде
12 Сәуір 2021, 19:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №184 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №176 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №173 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №192 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:40
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №193 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:10
Ербол Қарашөкеев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 15:03
Ростислав Коняшкин «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 13:30
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.04.2021
12 Сәуір 2021, 13:28
Қазақстанның машина жасау саласы тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр —  Б. Атамқұлов
12 Сәуір 2021, 12:46
Атқарушы органдар жұмысының маңызды көрсеткіші – әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу — Б. Сұлтанов
12 Сәуір 2021, 11:39
Барлық өңірлерде жергілікті бюджетке кіріс түсімдері бойынша жоспар асыра орындалды — Е. Жамаубаев
12 Сәуір 2021, 11:38
Қазақстанның көптеген өңірлерінде жоғары инвестициялық белсенділік сақталып отыр — Ә. Ерғалиев
12 Сәуір 2021, 11:30
Салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы өтініштері 1 трлн теңгеден астамға орындалды — Е. Досаев
12 Сәуір 2021, 11:25
Биыл қыркүйек айына дейін 10 млн-ға жуық Қазақстан тұрғынына вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету жоспарлануда — ҚР ДСМ
12 Сәуір 2021, 11:08
2021 жылдың I тоқсанында ҚР экономикасының негізгі салалары тұрақты өсім көрсетті
12 Сәуір 2021, 10:57
А. Мамин вакциналау кестесінің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды
11 Сәуір 2021, 18:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №107
11 Сәуір 2021, 08:09
Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды
10 Сәуір 2021, 13:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов «Орталық Азия» ХСЭЫО жобасын іске қосты
09 Сәуір 2021, 18:29
А. Мамин Байқоңыр қ. барды және «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен келіссөз өткізді
09 Сәуір 2021, 15:49
Мемлекет басшысының өкімімен Қ. Жайсаңбаев ҚР ПӘ Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
09 Сәуір 2021, 15:43
12 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Сәуір 2021, 10:04
Қ. Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрі С. Лавровты қабылдады
09 Сәуір 2021, 08:43
А. Мамин «One Web» басшылығымен ҚР-да спутниктік интернетті дамытуды талқылады
08 Сәуір 2021, 19:11
Мұғалімдерді даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту, ҰБТ тапсырудың жаңа форматы, ЖОО-ларды лицензиялау - А. Аймағамбетов ҚР БҒМ қазіргі жұмысы туралы
08 Сәуір 2021, 15:47
Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалады
08 Сәуір 2021, 15:27
Президент өкімімен Н. Сауранбаев ҚР ПӘ мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды
08 Сәуір 2021, 14:08
ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуды талқылады
07 Сәуір 2021, 21:27
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:15
Қазақстан Президенті Иранның Сыртқы істер министрі қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:05
Қ. Тоқаев Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілді қабылдады
07 Сәуір 2021, 18:00
Өнеркәсіп, құрылыс, жұмыспен қамту: Жамбыл облысының 2020 жылғы даму қорытындысы
07 Сәуір 2021, 16:38
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
07 Сәуір 2021, 16:19
Мемлекеттік комиссия ШОБ қолдаудың қосымша шараларын қарастырды
07 Сәуір 2021, 08:46
«Wizz Air» лоукостері Түркістан мен Алматыға әуе рейстерін ашуға ниетті
06 Сәуір 2021, 19:45
Қ. Тоқаев Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі қабылдады
06 Сәуір 2021, 12:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 06.04.2021
06 Сәуір 2021, 12:21
2025 жылға дейін еліміздегі барлық жолдар жол бойы сервисімен қамтамасыз етіледі — ҚР ИИДМ
06 Сәуір 2021, 11:20
600-ден аса вакцинация кабинеті, 800 мұздатқыш жабдық және 3 мың термоконтейнер дайындалды — ҚР ДСМ
06 Сәуір 2021, 10:08
Биыл ҚР-да 6 мың шақырым автомобиль жолын реконструкциялау және салу бойынша ірі жобалар іске асырылады
06 Сәуір 2021, 09:53
2021 ж. қыркүйекте Қазақстанда вакцинациялауға жататын 10 млн адамға вакцина салу аяқталады
05 Сәуір 2021, 19:53
Вакцинациялаудың электрондық паспорты, жеке деректерді қорғау және байланыс сапасын жақсарту — Қазақстанда цифрландырудың дамуы
05 Сәуір 2021, 17:27
Қ. Тоқаев ҚР Ұлттық Банкі басшылығының құрылымында кадрлық өзгерістер жасады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.