17 Желтоқсан 2025, 11:25
ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Үкімет отырысында 2025 жылғы қаңтар-қарашадағы отын-энергетика кешенінің ағымдағы жай-күйі туралы баяндады.
Ол есепті кезеңде мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 91,9 млн тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114,1%-ды құрағанын атап өтті.
Осы жылғы мұнай өндіру жоспары 96,2 млн тонна. 11 айдың қорытындысы бойынша – мұнай экспорты 73,4 млн тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 116,1%. Атап өту қажет, мұнай экспортының осы жылғы 70,5 млн тонна жоспарлы көрсеткішіне қол жеткізілді.
«Газ саласы туралы тоқталсақ, есепті кезеңде 62,8 млрд текше метр газ өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116,7%. Биыл 62,8 млрд текше метр көлеміндегі газ өндіру жоспары да орындалды. Сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 2,8 млн тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,8%. Ел аумағы арқылы газ транзитінің көлемі 64,5 млрд текше метр болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 100,9%. Қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша 14 млн тонна мұнай өнімдері өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,5% құрады», — деді Сұңғат Есімханов.
Оның сөзінше мұнай өнімдерін өндірудің жоспарлы көлемі 14,5 млн тоннаны немесе 2024 жылғы фактіге 100%-ды құрайды. Мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 567,6 мың тонна немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 112,2% болды. 2025 жылғы жоспар – 590 мың тонна немесе 2024 жылдың фактісіне 109,3% құрайды.
#Энергетика #Үкімет отырысы«Есепті кезеңде 111,4 млрд кВтсағат электр энергиясы өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,4%. Осы жылдың жоспары – 117,9 млрд кВтсағат. 11 айда жаңартылатын энергия көздері объектілерінен электр энергиясын өндіру 7,3 млрд кВтсағат немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 104,2% құрады. Сонымен қатар жаңартылатын энергия көздері объектілерінен 7,2 млрд кВтсағат көлемінде электр энергиясын өндіру бойынша ағымдағы жылғы жоспарға қол жеткізілді», — деп атап өтті ҚР энергетика вице-министрі.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу