27 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 27 ақпанда сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтеді. 

Күн тәртібінде:

• инвестицияларды тарту мәселелері;

• орта білім беру ұйымдарында жаңартылған мазмұнға көшу; 

• Ақтөбе агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасын бекіту.  

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Kazakh Invest» ҰК басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Facebook«Вконтакте»TwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, YouTube ресми арнасынан, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

 



Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу