Ә. Есенгелдиев Ө. Бітімовтың орнына Қазақстанның Ауғанстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысы кадрлық өзгерістер жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлімхан Оңғарұлы Есенгелдиев Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Мемлекет басшысының келесі Жарлығымен Өміртай Мақашұлы Бітімов Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу