Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

А. Мамин: ішкі нарықты отандық азық-түлікпен молықтыру — Үкіметтің стратегиялық міндеті

Сейсенбі, 06 Қазан 2020, 09:56:48

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында ішкі нарықты отандық азық-түлікпен молықтыру мәселелері қаралды.

Аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев, Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев, Алматы облысының әкімі А. Баталов баяндады.

Үкімет басшысы ауыл шаруашылығының барлық қызметкерлеріне пандемия жағдайында көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізгені үшін алғыс білдірді, бұл өткен жылғыдан жоғары өнім жинауға мүмкіндік берді.

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) болжамдары бойынша Қазақстан АҚШ, Австралия, Бразилия және Аргентинамен қатар әлемдік азық-түлік хабтарының біріне айналу үшін үлкен әлеуетке ие.

Мемлекет тарапынан АӨК-ті қолдаудың барлық қажетті шаралары көрсетіледі, субсидиялар беріледі (16 бағыт бойынша субсидиялардың 47 түрі), жеңілдікпен несие беру және салық преференциялары көзделген. 2020 жылдың 8 айында қабылданған шаралардың нәтижесінде азық-түлік өнімдері өндірісінің негізгі капиталына салынған инвестициялар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,4%-ға 54,7 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Қазақстан ішкі өндіріс есебінен тұтынылатын 29 негізгі азық-түлік тауарларының 23-ін — жеміс-көкөніс, жарма, ұн, ет өнімдері және басқа да өнімдермен қамтамасыз етеді. Өнімнің қалған 6 түрі (алма, балық, шұжық өнімдері, ірімшік және сүзбе, қант және құс еті) бойынша өндірісті ұлғайту үшін 2024 жылға қарай жаңа құс фабрикаларын, ет комбинаттарын, сүт, қант зауыттарын ашу және алма бақтарының алаңдарын ұлғайту жоспарланған. Бұл ҚР-ны отандық өндірістің негізгі азық-түлігімен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Құрылатын Ұлттық тауар өткізу жүйесі өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімін сақтау жағдайларын жақсартуға, оның өндірісі мен маусымаралық кезеңде нарықтағы көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ экспортты едәуір арттыруға жол ашады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған Нарықты отандық азық-түлік тауарларымен молықтыру жөніндегі 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарға сәйкес 5 трлн-нан астам теңге инвестиция тарта отырып, 380 инвестициялық жоба іске асырылатын болады, бұл азық-түлік тауарларының басым түрлері — ет, балық, жемістер мен көкөністер, қант, дәнді, майлы дақылдар, сүт өнімдері бойынша 7 экожүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Ішкі нарықты отандық азық-түлікпен молықтыру – Үкіметтің стратегиялық міндеті», — деп А. Мамин, ҚР АШМ-ге бір ай ішінде Нарықты отандық азық-түлік тауарларымен молықтыру жөніндегі кешенді жоспарды қабылдауды тапсырды.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне экология, ұлттық экономика, қаржы министрліктерімен бірлесіп, ішкі нарықта жетіспейтін өнімдер өндірісін мемлекеттік қолдау және ынталандыру шараларын кеңейту мәселелерін пысықтау, бұл ретте балық шаруашылығы саласын дамыту жоспарларын ескеру тапсырылды.

 Өңірлердің әкімдеріне АӨК-те жоспарланған жобалардың іске асырылуын жеке бақылауға алу және қажетті инженерлік инфрақұрылымдарды жүргізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ инвесторлармен шикізаттан бастап экспортқа дейінгі бүкіл тізбек бойынша барлық мәселелерді пысықтау тапсырылды.

Сондай-ақ Премьер-Министр қажетті логистиканы қамтамасыз ету және отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін ішкі және сыртқы нарықтарда өткізуді ілгерілету жөніндегі шараларды қабылдауды тапсырды.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
19 Қыркүйек 2021, 09:51
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №129
19 Қыркүйек 2021, 09:00
Р. Скляр Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын тексерді
17 Қыркүйек 2021, 19:22
Алматы облысы – еліміздің маңызды көлік-логистикалық хабы
17 Қыркүйек 2021, 17:04
А. Маминнің Алматы облысына жұмыс сапары: АӨК, логистика, фармацевтика, туризм
17 Қыркүйек 2021, 13:15
Ілияс Оспанов ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып тағайындалды
17 Қыркүйек 2021, 11:54
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
17 Қыркүйек 2021, 11:16
Туристер ағыны, таудағы қауіпсіздік және жаңа нысандар құрылысы — Алматы қаласының туристік саласын дамыту
16 Қыркүйек 2021, 17:01
 А. Мамин Алматы қаласының инфрақұрылымдық дамуын тексерді
15 Қыркүйек 2021, 17:39
Руслан Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
15 Қыркүйек 2021, 16:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді
15 Қыркүйек 2021, 12:23
Шолпан Каринова ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі болып тағайындалды
15 Қыркүйек 2021, 11:18
Ә. Смайылов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді
14 Қыркүйек 2021, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №619 Қаулысы
14 Қыркүйек 2021, 15:59
ҚР Үкіметінің отырысы, 14.09.2021
14 Қыркүйек 2021, 15:54
Энергия көздері қоймаларындағы көмір және мазут қоры бекітілген нормаларға сәйкес келеді — М. Мырзағалиев
14 Қыркүйек 2021, 12:19
Қазақстанда халықты вакциналаумен қамту 71,5% құрады — А. Цой
14 Қыркүйек 2021, 12:06
Қазақстанда 2021 жылдың 8 айында нақты сектордағы өсім 3,5%-ды құрады
14 Қыркүйек 2021, 11:14
БЖЗҚ зейнетақы активтері 2021 жылғы тамыз айының соңында 12,9 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 52 млрд теңгеге артты — Е. Досаев
14 Қыркүйек 2021, 10:19
Үкіметте өңірлердің жылыту маусымына дайындығы қаралды
14 Қыркүйек 2021, 09:53
Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге жетті — А. Мамин 
14 Қыркүйек 2021, 09:30
Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді
13 Қыркүйек 2021, 19:33
Е. Тоғжанов әлеуметтік сала мәселелері жөнінде кеңес өткізді
13 Қыркүйек 2021, 15:01
А. Мамин ГФР бизнес өкілдерімен ҚР-да бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
13 Қыркүйек 2021, 14:54
14 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
13 Қыркүйек 2021, 13:45
Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцина өндіруге арналған екінші өндірістік алаң дайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:54
Ерлан Қожағапанов ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:37
Ерлан Қожағапанов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
12 Қыркүйек 2021, 09:44
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №128
10 Қыркүйек 2021, 22:55
Республикалық штабта Алматыдағы КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал қаралды
10 Қыркүйек 2021, 17:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
10 Қыркүйек 2021, 16:56
Е. Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Қордай ауданына барды
10 Қыркүйек 2021, 15:40
А. Мамин жаңа экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешевті таныстырды 
10 Қыркүйек 2021, 11:55
Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм — Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсуі барлық салаларда байқалады
10 Қыркүйек 2021, 08:50
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды
09 Қыркүйек 2021, 18:29
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жаңа энергетика министрі М. Мырзағалиевті таныстырды
09 Қыркүйек 2021, 17:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №612 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №609 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №604 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №608 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №607 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 16:55
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №600 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 16:55
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №595 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 16:41
ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру: Үкіметтік делегация Шымкент қаласының денсаулық сақтау және білім беру нысандарын аралады
09 Қыркүйек 2021, 15:40
А. Мамин Ақмола облысындағы астық жинау науқаны мен жем-шөп дайындау барысын тексерді
08 Қыркүйек 2021, 12:41
Қазақстандағы медициналық сақтандыру, эпидемияға қарсы іс-шаралар және «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында айтылды
07 Қыркүйек 2021, 19:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Маңғыстау облысының жаңа әкімі Н. Ноғаевты таныстырды
07 Қыркүйек 2021, 16:23
Қасым-Жомарт Тоқаев Петропавлдағы «Alageum Electric» электротехника зауытына барды
07 Қыркүйек 2021, 16:19
Мемлекет басшысы «CLAAS» зауытына барды
07 Қыркүйек 2021, 16:10
Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысындағы егін жинау науқанының барысымен танысты
07 Қыркүйек 2021, 11:40
ҚР Үкіметінің отырысы, 07.09.2021
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.