Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

А. Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсе отырысын өткізді 

Дүйсенбі, 23 Тамыз 2021, 16:30:27

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсе отырысын өткізді.

Жеңілдікті несие беру бағдарламалары мониторингінің нәтижелері, мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын әзірлеу бойынша бизнеске жүргізілген сауалнаманың аралық қорытындылары, «Ashyq» жобасын іске асыру, микроқаржы ұйымдары мен өңірлердің экономикалық картасы мәселелері, мемлекеттік сатып алулардағы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту мәселелері қаралды.

БЖК-2025 бағдарламасын іске асырудың оң қарқыны байқалады. Осы жылдың қаңтар-шілде айларында 408,3 млрд теңге сомасына шамамен 14 мың жоба субсидияланды, субсидиялардың жалпы сомасы 47,7 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар «Даму» қоры 170,2 млрд теңге сомасына 10,9 мың жобаға кепілдік берді, кепілдіктердің жалпы сомасы 87,4 млрд теңгені құрайды.

Субсидиялау құралының негізгі тұтынушылары – шағын және орта бизнес, бұл жобалар саны бойынша 99%-ды және жобалар сомасы бойынша 90%-ды құрайды. Кепілдіктердің негізгі тұтынушылары – сауда және өңдеу өнеркәсібі салаларының кәсіпорындары, бұл қол қойылған кепілдіктердің жалпы санының 60%-ын және олардың жалпы сомасының 50%-ын құрайды.

«Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша 774 млрд теңге сомасына 2996 жоба мақұлданды, 666 млрд теңге сомасына 2441 жоба субсидияланды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда «Бастау Бизнес» жобасының түлектеріне несие беру үшін 15 микроқаржы ұйымы (МҚҰ) құрылды. Өтінімдерді қабылдау осы жылдың 15 шілдесінде басталды, осы уақытқа дейін шамамен 1,6 мың жаңа жұмыс орнын құрумен, жалпы сомасы 4,58 млрд теңгеге 797 жоба бойынша өтінімдер қабылданды. Басым бағыттар бойынша мал шаруашылығы, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер өндірісі, сауда саласындағы жобалар көш бастап тұр. Ең көп өтінім Қарағанды (120), Жамбыл (100) және Шығыс Қазақстан (83) облыстарында берілді.

Жобаның әлеуметтік және экономикалық маңыздылығын ескере отырып, Премьер-Министр бөлінген қаражатты соңғы қарыз алушыларға тиімді жеткізу мәселесін қысқа мерзімде пысықтауды тапсырды.

Отырыс барысында «Ashyq» жобасын одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта оған қатысушылардың саны 111 мыңнан асады. Олардың жартысынан көбі сауда, тамақтану және білім беру салаларында қызмет көрсетеді. Карантин талаптарын бұзушыларды анықтау жобаға қатысушылардың санын арттыру есебінен 15 есе өсті. Бизнес субъектілерін қамтуды одан әрі ұлғайту мақсатында «Ashyq»-қа қатысуға өтінім беру және QR-код алу тәртібі жеңілдетілді.

Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп «Ashyq» жобасына қатысушыларға демалыс күндері жұмыс істеуге мүмкіндік беру мәселесін пысықтауды тапсырды.

«Атамекен» ҰКП-ға орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бизнесті Мемлекеттік қолдау шараларын алушылардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру үшін заңнамаға енгізілетін қажетті өзгерістерге талдау жүргізу, сондай-ақ тиісті тәсілдер мен критерийлерді дайындау тапсырылды.

«Өңірлердің экономикалық картасы негізінде Мемлекеттік қолдау шараларын алушылардың бірыңғай тізілімін құру бизнесті қолдау шараларының барлық спектрінің тиімділігіне мониторинг жүргізу және талдау сапасын арттыруға мүмкіндік береді», — деді А. Мамин.

Отырыс барысында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов ең көп зардап шеккен салалардың қазіргі жағдайы және экономиканың өндірістік секторларын дамыту перспективалары бойынша Қазақстанның 10 мыңнан астам кәсіпкерлеріне жүргізілген сауалнаманың аралық қорытындысын ұсынды.

Үкімет басшысы «Атамекен» ҰКП жүргізген сауалнаманың түпкілікті қорытындысын егжей-тегжейлі зерделеуді және бизнесті одан әрі қолдау бойынша қосымша шаралар дайындауды тапсырды.

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымдарға реттелетін сатып алулардағы жергілікті қамтуды бақылауды қамтамасыз ету, отандық өндірушілердің мемлекеттік сатып алуға қолжетімділігін одан әрі қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
26 Қыркүйек 2021, 09:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №130
25 Қыркүйек 2021, 13:01
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мәселелері бойынша кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2021, 18:16
Серік Саудабаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды  
24 Қыркүйек 2021, 11:09
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі №650 Қаулысы
24 Қыркүйек 2021, 11:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі №647 Қаулысы
24 Қыркүйек 2021, 09:30
Е. Тоғжанов есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өткізді
23 Қыркүйек 2021, 19:26
Президент тапсырмаларын іске асыру аясында салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жалғасуда — Е. Жамаубаев
23 Қыркүйек 2021, 19:07
ЕТЖ артуының жалпы әсерін кемінде 3,5 млн қызметкер байқайды — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 18:50
Салықтар мен төлемдер бойынша нақты жүктеме 2023 жылдан бастап төмендетіледі — ҰЭМ
23 Қыркүйек 2021, 18:47
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
23 Қыркүйек 2021, 18:45
Президент тапсырмаларын орындау аясында елімізде енгізілген ақпараттық жүйе ШОБ-ты мемлекеттік қолдаудың 79 шарасын қамтиды — Е. Жамаубаев
23 Қыркүйек 2021, 17:43
2025 жылға қарай мемлекеттің экономикаға қатысу үлесі 14%-ға дейін қысқарады — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 17:28
ҚР Үкіметі 64 шарадан тұратын инфляцияға қарсы әрекет ету кешенін қабылдайды — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 15:49
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Аграрлық несие корпорациясына қосылды
23 Қыркүйек 2021, 12:52
А. Мамин ЕҚДБ президенті О. Рено-Бассомен Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
21 Қыркүйек 2021, 16:34
А. Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді
21 Қыркүйек 2021, 12:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 21.09.2021
21 Қыркүйек 2021, 12:07
2025 жылға қарай Екібастұз қаласында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бес есе өседі — Ә. Ерғалиев
21 Қыркүйек 2021, 11:11
ВАК отырысында карантиндік шектеулерді жеңілдетуге қатысты бірқатар шешім қабылданды
21 Қыркүйек 2021, 10:42
Қазақстанда егін жинау науқанының қарқыны былтырғыдан жоғары — Е. Қарашөкеев
21 Қыркүйек 2021, 09:39
Үкімет Екібастұз қаласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті
21 Қыркүйек 2021, 09:28
Қазақстан ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етеді және астық экспортының әлеуетін сақтайды — А. Мамин 
20 Қыркүйек 2021, 16:03
21 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2021, 14:57
А. Мамин жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды
19 Қыркүйек 2021, 09:51
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №129
19 Қыркүйек 2021, 09:00
Р. Скляр Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын тексерді
17 Қыркүйек 2021, 19:22
Алматы облысы – еліміздің маңызды көлік-логистикалық хабы
17 Қыркүйек 2021, 17:04
А. Маминнің Алматы облысына жұмыс сапары: АӨК, логистика, фармацевтика, туризм
17 Қыркүйек 2021, 13:15
Ілияс Оспанов ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып тағайындалды
17 Қыркүйек 2021, 11:54
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
17 Қыркүйек 2021, 11:16
Туристер ағыны, таудағы қауіпсіздік және жаңа нысандар құрылысы — Алматы қаласының туристік саласын дамыту
16 Қыркүйек 2021, 17:01
 А. Мамин Алматы қаласының инфрақұрылымдық дамуын тексерді
15 Қыркүйек 2021, 17:39
Руслан Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
15 Қыркүйек 2021, 16:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді
15 Қыркүйек 2021, 12:23
Шолпан Каринова ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі болып тағайындалды
15 Қыркүйек 2021, 11:18
Ә. Смайылов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді
14 Қыркүйек 2021, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №619 Қаулысы
14 Қыркүйек 2021, 15:59
ҚР Үкіметінің отырысы, 14.09.2021
14 Қыркүйек 2021, 15:54
Энергия көздері қоймаларындағы көмір және мазут қоры бекітілген нормаларға сәйкес келеді — М. Мырзағалиев
14 Қыркүйек 2021, 12:19
Қазақстанда халықты вакциналаумен қамту 71,5% құрады — А. Цой
14 Қыркүйек 2021, 12:06
Қазақстанда 2021 жылдың 8 айында нақты сектордағы өсім 3,5%-ды құрады
14 Қыркүйек 2021, 11:14
БЖЗҚ зейнетақы активтері 2021 жылғы тамыз айының соңында 12,9 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 52 млрд теңгеге артты — Е. Досаев
14 Қыркүйек 2021, 10:19
Үкіметте өңірлердің жылыту маусымына дайындығы қаралды
14 Қыркүйек 2021, 09:53
Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге жетті — А. Мамин 
14 Қыркүйек 2021, 09:30
Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді
13 Қыркүйек 2021, 19:33
Е. Тоғжанов әлеуметтік сала мәселелері жөнінде кеңес өткізді
13 Қыркүйек 2021, 15:01
А. Мамин ГФР бизнес өкілдерімен ҚР-да бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
13 Қыркүйек 2021, 14:54
14 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
13 Қыркүйек 2021, 13:45
Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцина өндіруге арналған екінші өндірістік алаң дайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:54
Ерлан Қожағапанов ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.