Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

А. Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді

Жұма, 16 Сәуір 2021, 18:20:41

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді.

Жеңілдікті несие беру бағдарламаларының мониторингі және мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін бағалау туралы Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр, мемлекеттік сатып алудағы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту, өңірлердің экономикалық картасын өзектендіру барысы мен микроқаржы ұйымдарын дамыту мәселелері туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов баяндады.

Қазіргі таңда Жобалық офис «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы-2025», «Кең дала» жеңілдікті несие беру бағдарламаларының және «ҚазАгро» холдингінің басқа да қаржы құралдарының субъектілік мониторингін жүргізуде.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша бүгінде қаржыландырудың жалпы көлемінің 72%-ы іске асырылды — екінші деңгейдегі банктер 724,1 млрд теңге сомасына 2903 жобаны мақұлдады, 579,3 млрд теңге сомасына 2317 жоба субсидияланды. Мақұлданған жобаларды іске асырудың болжамды тиімділігі шамамен 22 мың жұмыс орнын ашуды көздейді.

Биылғы 13 сәуірде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында қолдауға жататын қызметтің басым түрлері мен тауарларды кеңейтуді, лизингтік компанияларды бағдарлама операторлары ретінде қосуды, қаржы институттары-бағдарлама операторларының меншікті капиталының ең төменгі мөлшері туралы талапты 60-тан 50 млрд теңгеге дейін төмендетуді көздейтін түзетулердің 7-топтамасы күшіне енді.

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша да оң жүзеге асыру қарқыны байқалуда. Мәселен, осы жылдың қаңтар-ақпан айларында 88,2 млрд теңгеге 669 жоба субсидияланды (субсидия сомасы – 8,7 млрд теңге). Биылғы І тоқсанда 82,9 млрд теңгеге 6874 жобаға кепілдік берілді (кепілдік сомасы – 45,6 млрд теңге).

«БЖК-2025» бағдарламасын жетілдіру аясында қарыздарды қайта қаржыландыру шарттары қайта қаралды — зардап шеккен салалардың тізбесі 174 қызмет түріне дейін кеңейтілді (+145 ЭҚЖЖ) және өтінімдерді қабылдау мерзімі 2021 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылды.

«ҚазАгро» холдингінің қаржы құралдары арқылы 2021 жылдың І тоқсанында 3757 жоба бойынша 106,8 млрд теңгеге несие берілді.

«Субсидиялау, кепілдендіру және жеңілдікпен несиелендіру құралдарының бизнеске қолжетімді болуы – аса маңызды мәселе. Біз кәсіпкерлердің "Қарапайым заттар экономикасына" деген қызығушылығын көріп отырмыз. Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша облигациялар есебінен айналым қаражатын 100% толтыру мүмкіндігімен, кемінде 500 млрд теңге қорландыруды ескере отырып, аталған бағдарламаны 2022 жылдың соңына дейін ұзарту мәселесін қарастыру қажет», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы реттелетін сатып алулардағы жергілікті қамтуды бақылауды, өңірлердің экономикалық картасын уақытылы әрі сапалы толтыруды, өндірістік қуаттарын жүктеу мақсатында отандық кәсіпорындарды паспорттауды аяқтауды, микроқаржы ұйымдарын құруды жеделдетуді және бизнес өтінімдерін қабылдау жұмысын бастауды тапсырды.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен, Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, «Қолдау» жүйесі арқылы АӨК-ті субсидиялау тетіктерін жетілдіру мәселелерін пысықтау тапсырылды.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
12 Мамыр 2021, 10:38
Қазақстанда экономиканың өсу құрылымында сапалы өзгерістер байқалады — ҚР ҰЭМ
12 Мамыр 2021, 10:28
2021 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров
12 Мамыр 2021, 09:55
2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасы өсу траекториясына шықты
11 Мамыр 2021, 20:02
Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады
11 Мамыр 2021, 17:54
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
11 Мамыр 2021, 16:29
12 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Мамыр 2021, 14:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №286 Қаулысы
11 Мамыр 2021, 10:13
Үкіметте криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту мәселесі қаралды
09 Мамыр 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111
09 Мамыр 2021, 08:10
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:55
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:50
Экономикалық өсімді қалпына келтіру шаралары, мектептер салу және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту — ШҚО-да 2020 жылы қандай жобалар іске асырылды
04 Мамыр 2021, 19:32
Мирас Дәуленов ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
04 Мамыр 2021, 19:29
Серік Егізбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
04 Мамыр 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады
04 Мамыр 2021, 13:45
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.05.2021
04 Мамыр 2021, 13:34
2021 жылы шағын несиелеумен 24 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі қамтылады — Ә. Ерғалиев
04 Мамыр 2021, 13:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №259 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі №253 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №258 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі №256 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №244 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №248 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №247 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №246 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №239 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 11:47
Қазақстанда 1,5 млн жуық адам немесе вакциналауға жататын тұрғындардың 15% вакцина алды — ҚР ДСМ
04 Мамыр 2021, 11:32
Ержан Мейрамов ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы болып тағайындалды
04 Мамыр 2021, 10:02
Үкімет ШОБ-ты қолдау шараларын қарады 
04 Мамыр 2021, 09:45
Халықты вакциналау қарқынын арттыру қажет — А. Мамин
03 Мамыр 2021, 14:57
4 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
02 Мамыр 2021, 10:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №110
01 Мамыр 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады
30 Сәуір 2021, 18:35
АМСК көрсету, дәрігерлердің жалақысын арттыру және COVID-19-ға қарсы күрес — А. Цой Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесінің дамуы туралы айтты
30 Сәуір 2021, 16:36
Мемлекет басшысы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты
30 Сәуір 2021, 15:16
ЕАЭО пандемиядан кейінгі қалпына келу кезеңіне өтуде — А. Мамин
30 Сәуір 2021, 12:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі №220 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.