Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

А. Мамин «Nur Otan» партиясының жол картасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді

Жұма, 04 Маусым 2021, 19:09:28

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді. 

Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің шикізаттық емес экспортының көлемін арттыру, экспортқа бағдарланған мұнай-газ химиясы өнімдері өндірісінің өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ мектептерді салу және жаңғырту мәселелері қаралды.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспорт көлемін 2 есе $41 млрд дейін арттыру міндеті қойылғанын баяндады.

Жаһандық пандемияның сауда-логистикалық байланыстарға әсерін және өткен жылғы көрсеткіштердің төмендеуін ескере отырып, биыл экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау – сақтандыру, шығындарды өтеу және экспорттық акселерация шараларын іске асыру жолымен ҚР шикізаттық емес тауарлары мен қызметтерінің экспортын ұлғайтуды қамтамасыз ету көзделген.

2021 жылы шикізаттық емес экспортты жедел дамыту аясында майлы дақылдар тұқымдары, мұнай-химия өнімдері, өсімдік майы, ет және субөнімдер, трансформаторлар, пестицидтер, АT-қызметтер, жолаушылардың транзиттік тасымалдары, туристік қызметтер және т. б. басым тауарлар мен көрсетілетін қызметтер болып айқындалды.

Қазіргі уақытта ҚР шикізаттық емес экспортының 60%-дан астамын Қарағанды (25,1%), Шығыс Қазақстан (12,2%), Павлодар (11,9%) облыстары және Алматы қаласы (11,9%) құрайды.

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы 2025 жылға дейін Атырау, Орал және Шымкент қалаларында мұнай мен газды терең өңдеу жөніндегі 5 зауытты іске қосуды көздейтінін айтты, бұл экспортқа бағдарланған 2 млн тонна мұнай-газ химиясы өнімінің өндірісін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (2019 жылмен салыстырғанда 9 есе өсті). 

2021 жылы Атырау облысында қуаты 57 млн текше метр азот пен 34 млн текше метр сығылған ауаны құрайтын техникалық газ шығаратын зауыт пайдалануға берілді. Осы жылдың соңына дейін Шымкент қаласында қуаты жылына 57 мың тонна эфир және 81 мың тонна полипропиленді құрайтын метил-трет-бутил эфирі мен полипропилен өндіретін зауыттың құрылысын аяқтау жоспарлануда. Атырау облысында қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт құрылысының жобасы да аяқталу сатысында. Аталған жобалар бойынша инвестициялардың жалпы көлемі $2,7 млрд құрайды.

2025 жылға дейін Атырау облысында қуаты жылына 430 мың тонна полиэтелентерефталат өндіретін зауыттың, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында қуаты жылына 130 мың тонна метанол өндіретін зауыттың құрылысы аяқталатын болады. Екі жоба бойынша инвестициялардың жалпы сомасы $1,2 млрд құрайды.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі кезеңде елімізде 800 жаңа мектеп салынатынын айтты. Биыл 200 мектеп салу жоспарда бар.

Премьер-Министр жергілікті атқарушы және тиісті орталық мемлекеттік органдарға 2025 жылға дейін шикізаттық емес экспорттың көрсеткіштеріне қол жеткізу, оның ішінде салалар мен өндіріс көлемі бойынша есептеулер жүргізуді тапсырды.

Үкімет басшысы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға мектептерді салу мен жаңғырту бойынша барлық міндеттемелерді сапалы орындауды қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
23 Маусым 2021, 20:42
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді
23 Маусым 2021, 18:26
Мемлекет басшысы бірқатар өңірлердің әкімдерін қабылдады
23 Маусым 2021, 18:02
Қуаныш Ерғалиев ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды
23 Маусым 2021, 17:33
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді
23 Маусым 2021, 16:52
Ләззат Сүйіндік ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрайымы қызметінен босатылды 
23 Маусым 2021, 08:44
Қ. Тоқаев ҚР ҚК әскерлерінде бірқатар кадрлық өзгеріс жасады
23 Маусым 2021, 08:26
ВАК көшпелі отырысында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша эпидемиологиялық ахуалды қарады
22 Маусым 2021, 18:27
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 маусымдағы №416 Қаулысы
22 Маусым 2021, 18:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 маусымдағы №414 Қаулысы
22 Маусым 2021, 18:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 маусымдағы №410 Қаулысы
22 Маусым 2021, 17:45
Гүлзат Көбенова ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы болып тағайындалды
22 Маусым 2021, 15:59
ВАК Қазақстанның бас санитарлық дәрігеріне карантин режимі бойынша бірқатар қосымша шара қабылдауды ұсынды
22 Маусым 2021, 14:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин коронавирусқа қарсы вакцина алды
22 Маусым 2021, 12:50
Пандемия кезеңінде 500 мыңға жуық қазақстандық волонтерлік қызметке қатысты
22 Маусым 2021, 11:30
Қазақстанда мемлекеттік автобус парктерін толық жекешелендіру көзделген — С. Жұманғарин
22 Маусым 2021, 10:42
КВИ-мен ауыру көрсеткіші жоғары өңірлерде инфекциялық және реанимациялық төсек орындардың жүктемесі төмендегені байқалады — А. Цой 
22 Маусым 2021, 10:03
А. Мамин волонтерлік қозғалысты ынталандыру шараларын күшейтуді тапсырды
22 Маусым 2021, 09:54
Үкімет бәсекелестікті дамытудың жаңа тәсілдерін қарады
22 Маусым 2021, 09:46
А. Мамин елордада санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейтуді тапсырды
21 Маусым 2021, 17:47
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады
21 Маусым 2021, 15:56
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі
21 Маусым 2021, 15:13
22 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
21 Маусым 2021, 13:10
А. Мамин Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкімет жұмысы туралы есеп берді
20 Маусым 2021, 14:40
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №117
20 Маусым 2021, 11:57
А. Маминге денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың жаңа стандарттарын енгізу туралы баяндалды
19 Маусым 2021, 10:16
Орталық Азиядағы алғашқы «Гамма-пышақ» ҚР Ұлттық нейрохирургия орталығында орнатылды
18 Маусым 2021, 18:31
Қ. Тоқаев Әзербайжанмен көші-қон туралы келісімді ратификациялады
18 Маусым 2021, 18:27
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласындағы №103 қалалық емханаға барды
18 Маусым 2021, 18:24
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
18 Маусым 2021, 16:30
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарады
18 Маусым 2021, 10:29
Ақан Абдуалиев ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды
18 Маусым 2021, 09:26
Батырбек Әбділдин ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
17 Маусым 2021, 21:10
Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді
17 Маусым 2021, 21:00
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
17 Маусым 2021, 17:03
Арнайы экономикалық аймақ қызметтері Үкіметте талқыланды
17 Маусым 2021, 09:06
Нұр-Сұлтанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде Биржа комитетінің Ахуалдық орталығы ашылды
16 Маусым 2021, 21:00
Президент Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
16 Маусым 2021, 20:20
Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қ. Келімбетовті қабылдады
16 Маусым 2021, 18:00
Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология жөніндегі саммитіне қатысты
15 Маусым 2021, 18:36
Бюджетті оңтайландыру, «көлеңкелі» экономика деңгейін төмендету және мемлекеттік сатып алуды жетілдіру — қаржы министрі халық алдында есеп берді
15 Маусым 2021, 16:45
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
15 Маусым 2021, 16:43
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті В. Алекперовті қабылдады
15 Маусым 2021, 14:47
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №399 Қаулысы
15 Маусым 2021, 14:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №396 Қаулысы
15 Маусым 2021, 12:33
2021 жылғы маусым айында утилизациялық алымға «нөлдік мөлшерлеме» енгізілді — М. Мырзағалиев
15 Маусым 2021, 10:55
Соңғы аптада КВИ анықталған жағдайлардың саны 16%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
15 Маусым 2021, 10:40
Еліміздің 216 кәсіпорнында «нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасы енгізілді — С. Шәпкенов
15 Маусым 2021, 10:07
Үкімет қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарын бекітті
15 Маусым 2021, 09:51
Үкімет экологияны жақсарту мәселелерін қарады
15 Маусым 2021, 09:38
ҚР өңірлерінің көпшілігі COVID-19 ауруы бойынша «жасыл» аймақта орналасқан
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.