Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

А. Мамин Нұр-Сұлтан қаласының құрылысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

Бейсенбі, 24 Желтоқсан 2020, 17:13:49

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Нұр-Сұлтан қаласының жаңа орталығының құрылысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. 

Нұр-Сұлтан қаласы құрылысының 2019-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы қала әкімі А. Көлгінов, тұрғын үй салу, инженерлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, елорданы газдандыру туралы энергетика министрі Н. Ноғаев, мектептер салу туралы білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, халықты сумен қамтамасыз ету жағдайы туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың басқа да басшылары бейінді жұмыс бағыттары туралы баяндады. 

Биыл Нұр-Сұлтан қаласында шамамен 3 млн шаршы метр тұрғын үй, оның ішінде 8 мың пәтер қолжетімді жеңілдікті тұрғын үйде пайдалануға беріледі. Тұрғын үй алаптарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Үлескерлер мәселесін шешу аясында биыл 20 нысанның құрылысы аяқталады (2019 жылы – 10). Желтоқсан айының басында 7 жылдық тарихы бар «Гарант» ТК пайдалануға берілді. Қалған 22 проблемалық нысанды 2021-2023 жылдар аралығында пайдалануға беру көзделген.

Осы жылы елордада 150 аула және 60 қоғамдық кеңістік (760 мың шаршы метр) абаттандырылды, 106 мың жасыл желек отырғызылды.

ЖЭО-1 және ЖЭО-2 ішінара газға ауыстырылды. «Көктал» тұрғын алабына апаратын газ құбырының құрылысы аяқталды. «Железнодорожный» тұрғын алабында 100% тарату желілері салынды. «Агроқалашықтың» бір бөлігі, «Көктал-1», «Көктал-2» тұрғын үй алаптары аяқталу сатысында тұр, «Күйгенжар», «Мичурино», «Интернациональный» тұрғын үй алаптарын газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы алғанда, елорданың тұрғын үй алаптарында 300 км-ге жуық газ құбыры салынды, 5 мыңнан астам үй газбен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз етілді.

Биыл елордада 12 мектептің құрылысы аяқталды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 2 есе көп. 2021 жылы қосымша 15 мектеп салып, пайдалануға беру жоспарда бар.

Отырысқа қатысушылар тұрғын үйдің қолжетімділігін одан әрі арттыру, әлеуметтік нысандар құрылысы, тіршілікті қамтамасыз ету және көлік инфрақұрылымын дамыту, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру тәрізді жүйелі мәселелерді қарастырды.

Премьер-Министр қаланың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді дамуына қатысты барлық мәселелер бес жылдық кезеңге арналған Елорданың ықшам құрылысы жөніндегі кешенді жоспармен үйлестірілуі тиіс екенін атап өтті.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елорданы дамытуға ерекше көңіл бөледі. Нұр-Сұлтан қаласы құрылысының кешенді жоспарының іс-шараларын сапалы әрі уақытылы орындау үшін барлық шараларды қабылдау қажет», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы елорданы дамытуға инвестициялар тарту бойынша жұмысты жандандыру қажеттігіне, тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени және көлік инфрақұрылымы құрылысының жоспарланған көлемін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қаланы сумен қамтамасыз ету және абаттандыру проблемаларын шешу қажеттігіне назар аударды.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
17 Қыркүйек 2021, 13:15
Ілияс Оспанов ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып тағайындалды
17 Қыркүйек 2021, 11:54
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
17 Қыркүйек 2021, 11:16
Туристер ағыны, таудағы қауіпсіздік және жаңа нысандар құрылысы — Алматы қаласының туристік саласын дамыту
16 Қыркүйек 2021, 17:01
 А. Мамин Алматы қаласының инфрақұрылымдық дамуын тексерді
15 Қыркүйек 2021, 17:39
Руслан Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
15 Қыркүйек 2021, 16:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді
15 Қыркүйек 2021, 12:23
Шолпан Каринова ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі болып тағайындалды
15 Қыркүйек 2021, 11:18
Ә. Смайылов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді
14 Қыркүйек 2021, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №619 Қаулысы
14 Қыркүйек 2021, 15:59
ҚР Үкіметінің отырысы, 14.09.2021
14 Қыркүйек 2021, 15:54
Энергия көздері қоймаларындағы көмір және мазут қоры бекітілген нормаларға сәйкес келеді — М. Мырзағалиев
14 Қыркүйек 2021, 12:19
Қазақстанда халықты вакциналаумен қамту 71,5% құрады — А. Цой
14 Қыркүйек 2021, 12:06
Қазақстанда 2021 жылдың 8 айында нақты сектордағы өсім 3,5%-ды құрады
14 Қыркүйек 2021, 11:14
БЖЗҚ зейнетақы активтері 2021 жылғы тамыз айының соңында 12,9 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 52 млрд теңгеге артты — Е. Досаев
14 Қыркүйек 2021, 10:19
Үкіметте өңірлердің жылыту маусымына дайындығы қаралды
14 Қыркүйек 2021, 09:53
Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге жетті — А. Мамин 
14 Қыркүйек 2021, 09:30
Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді
13 Қыркүйек 2021, 19:33
Е. Тоғжанов әлеуметтік сала мәселелері жөнінде кеңес өткізді
13 Қыркүйек 2021, 15:01
А. Мамин ГФР бизнес өкілдерімен ҚР-да бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
13 Қыркүйек 2021, 14:54
14 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
13 Қыркүйек 2021, 13:45
Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцина өндіруге арналған екінші өндірістік алаң дайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:54
Ерлан Қожағапанов ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:37
Ерлан Қожағапанов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
12 Қыркүйек 2021, 09:44
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №128
10 Қыркүйек 2021, 22:55
Республикалық штабта Алматыдағы КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал қаралды
10 Қыркүйек 2021, 17:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
10 Қыркүйек 2021, 16:56
Е. Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Қордай ауданына барды
10 Қыркүйек 2021, 15:40
А. Мамин жаңа экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешевті таныстырды 
10 Қыркүйек 2021, 11:55
Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм — Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсуі барлық салаларда байқалады
10 Қыркүйек 2021, 08:50
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды
09 Қыркүйек 2021, 18:29
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жаңа энергетика министрі М. Мырзағалиевті таныстырды
09 Қыркүйек 2021, 17:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №612 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №609 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №604 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №608 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №607 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 16:55
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №600 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 16:55
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №595 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 16:41
ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру: Үкіметтік делегация Шымкент қаласының денсаулық сақтау және білім беру нысандарын аралады
09 Қыркүйек 2021, 15:40
А. Мамин Ақмола облысындағы астық жинау науқаны мен жем-шөп дайындау барысын тексерді
08 Қыркүйек 2021, 12:41
Қазақстандағы медициналық сақтандыру, эпидемияға қарсы іс-шаралар және «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында айтылды
07 Қыркүйек 2021, 19:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Маңғыстау облысының жаңа әкімі Н. Ноғаевты таныстырды
07 Қыркүйек 2021, 16:23
Қасым-Жомарт Тоқаев Петропавлдағы «Alageum Electric» электротехника зауытына барды
07 Қыркүйек 2021, 16:19
Мемлекет басшысы «CLAAS» зауытына барды
07 Қыркүйек 2021, 16:10
Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысындағы егін жинау науқанының барысымен танысты
07 Қыркүйек 2021, 11:40
ҚР Үкіметінің отырысы, 07.09.2021
07 Қыркүйек 2021, 11:28
Үкімет шектеу қойылған кепілдіктегі активтерді экономикалық айналымға қайтару туралы заң жобасын әзірлеп жатыр — Ә. Ерғалиев
07 Қыркүйек 2021, 11:24
Инфляцияға қарсы реттеу: Үкімет азық-түлік, бензин және тұрғын үй бағаларын төмендету шараларын ұсынады
07 Қыркүйек 2021, 10:35
Үкімет инфляцияға қарсы әрекет ету жөніндегі шаралар кешенін бекітті
07 Қыркүйек 2021, 10:22
Үкімет Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарды қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.