Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

А. Маминнің БАӘ сапары: $2,2 млрд-қа инвестициялық келісімдерге қол қойылды 

Дүйсенбі, 15 Наурыз 2021, 13:54:34

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Абу-Даби қаласына жұмыс сапары аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті және Премьер-Министрі, Дубай әмірі Мұхаммед ибн Рашид әл Мактуммен және БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансұр бен Заид әл Нахаянмен келіссөз жүргізді.

Тараптар осыған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын және сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, көлік-логистика, агроөнеркәсіп, туризм, ғарыш, тау-кен металлургиясы, энергетика және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ Үкімет басшысы БАӘ бизнес капитандарымен — «Mubadala» мемлекеттік холдингінің, «Aldar Properties», «ADQ», «Al Dahra Holding», «International Holdings Company» («Royal Group») компанияларының басшылығымен кездесті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша ҚР мен БАӘ арасында құс фабрикалары мен сүт-тауар фермаларын салу, жемістер мен саңырауқұлақтарды өндіру және өңдеу, ТМК және геологиялық барлау салаларындағы ынтымақтастық, Екібастұз қаласының өнеркәсіптік аймағында Индустриялық парк құру, Шығыс Қазақстан облысында «Қатонқарағай» туристік кешенін құру, сондай-ақ Қазақстанда электромобильдер компоненттері өндірісін ашу бойынша бірлескен жобаларды іске асыру жөнінде 17 үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойылды.

БАӘ Қарағанды облысында сумен жабдықтау және су бұру бойынша жобаларды іске асыруға қатысады, бұл жобалар озық технологияларды беруді және кейіннен Қазақстанда өндірісті жергіліктендіруді көздейді.

АӨК жобаларын қаржыландыру үшін Қазақстан мен БАӘ жалпы капиталы $100 млн болатын бірлескен қор құруға ниетті.

АХҚО алаңында «E-Banking» саласындағы ынтымақтастық дамитын болады.

Көрсетілген жобалар бойынша ҚР экономикасына инвестициялардың жалпы сомасы шамамен $2,2 млрд құрайды. Инвестициялық жобалар қосылған құны мен рентабельділігі жоғары, сондай-ақ ішкі және перспективалы сыртқы нарықтарда сұраныстың үлкен әлеуеті бар жаңа өндірістерді құруды көздейді. Оларды іске асыру Қазақстанда жаңа сапалы жұмыс орындарын құруға, озық технологиялар мен іс-тәжірибені енгізуге мүмкіндік береді.

Екі ел арасындағы әуе қатынасын кеңейту аясында әмірліктің «Wizz Air Abu Dhabi» лоукостері биылғы мамыр айында «Абу-Даби – Алматы» және «Абу-Даби – Нұр-Сұлтан» бағыттары бойынша тұрақты жолаушылар әуе тасымалын бастайды.

А. Мамин БАӘ батырларының «Уахат әл-Карама» мемориалына гүл шоқтарын қойып, «Masdar City» эко-қаласының аумағында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты және Мұхаммед бен Заид атындағы жасанды зерде университетіне барды.

Дубай қаласында Үкімет басшысы Дубай халықаралық қаржы орталығының (DIFC) және «Дубай инвестициялық корпорациясының» басшылығымен келіссөз жүргізді, оның барысында ҚР мен БАӘ қаржы-инвестициялық ынтымақтастығын, оның ішінде АХҚО алаңында одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Жұмыс сапарына Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы – АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, әділет министрі Марат Бекетаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов, ҚР іскер топтарының өкілдері және т. б. қатысты.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
16 Мамыр 2021, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №112
14 Мамыр 2021, 18:36
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
14 Мамыр 2021, 18:33
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешев пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
14 Мамыр 2021, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №306 Қаулысы
14 Мамыр 2021, 17:27
А. Мамин Дүниежүзілік банктің вице-президенті А. Бьердемен кездесті 
14 Мамыр 2021, 17:24
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президенті Анна Бьердемен онлайн жүйесінде сөйлесті
14 Мамыр 2021, 17:17
Қазақстан Президенті Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрі қабылдады
14 Мамыр 2021, 16:46
Бұқаралық спортты, ішкі туризмді дамыту және Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары — А. Райымқұлова ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жұмысы туралы
14 Мамыр 2021, 16:02
А. Мамин Финляндияның сыртқы сауда министрі В. Скиннаримен кездесті 
14 Мамыр 2021, 15:12
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа шаралар пакеті іске асырылады
14 Мамыр 2021, 12:44
Үкіметте азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөнінде кеңес өтті
13 Мамыр 2021, 19:47
Мемлекет басшысы ERG компаниялар тобының акционерлері Александр Машкевич пен Патох Шодиевті қабылдады
13 Мамыр 2021, 17:51
А. Мамин «Orano» француз атом компаниясының басшысы К. Имовенмен кездесті
13 Мамыр 2021, 17:22
Мобильді қосымшалар, байланыс және интернет сапасы, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету — Қазақстанда цифрландыру қалай дамуда
13 Мамыр 2021, 12:30
Қ. Тоқаев жер қатынастары туралы ҚР Заңына қол қойды
12 Мамыр 2021, 18:44
Марат Сұлтанғазиев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 18:20
Қанат Баеділов қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды
12 Мамыр 2021, 18:12
Әли Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №296 Қаулысы
12 Мамыр 2021, 13:42
Қазақстанның машина жасау саласы 120,6% деңгейіндегі тұрақты өсімін көрсетті — Б. Атамқұлов
12 Мамыр 2021, 13:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.05.2021
12 Мамыр 2021, 13:04
2024 жылға қарай ішкі нарықтың отандық тауарлар есебінен қамтамасыз етілуі 100%-ға дейін жеткізіледі — Б. Сұлтанов
12 Мамыр 2021, 12:38
Қазақстанда іскерлік белсенділік индексінің өсуі екінші ай қатарынан сақталып отыр — Ұлттық Банк
12 Мамыр 2021, 12:33
2021 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 18 млрд м³ астам газ өндірілді — Н. Ноғаев
12 Мамыр 2021, 10:38
Қазақстанда экономиканың өсу құрылымында сапалы өзгерістер байқалады — ҚР ҰЭМ
12 Мамыр 2021, 10:28
2021 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров
12 Мамыр 2021, 09:55
2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасы өсу траекториясына шықты
11 Мамыр 2021, 20:02
Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады
11 Мамыр 2021, 17:54
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
11 Мамыр 2021, 16:29
12 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Мамыр 2021, 14:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №286 Қаулысы
11 Мамыр 2021, 10:13
Үкіметте криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту мәселесі қаралды
09 Мамыр 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111
09 Мамыр 2021, 08:10
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:55
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:50
Экономикалық өсімді қалпына келтіру шаралары, мектептер салу және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту — ШҚО-да 2020 жылы қандай жобалар іске асырылды
04 Мамыр 2021, 19:32
Мирас Дәуленов ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.