Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

А. Маминнің ШҚО-ға жұмыс сапары: жолдар, АӨК, ТМК және денсаулық сақтау

Дүйсенбі, 24 Мамыр 2021, 16:47:11

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Шығыс Қазақстан облысының көлік инфрақұрылымы, тау-кен металлургия өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен, сондай-ақ денсаулық сақтау салаларындағы ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуын тексерді.

Аягөз қаласында Үкімет басшысына «Талдықорған – Өскемен» (768 км), «Қалбатау – Майқапшағай» (415 км) және «Үшарал – Достық» (180 км) автомобиль жолдарын реконструкциялау барысы туралы баяндалды.

Премьер-Министр Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының жолдарындағы құрылыс жұмыстарының қарқынын арттыруды тапсырды. Бұл ретте Үкімет басшысы құрылып жатқан көлік инфрақұрылымының сапасын қамтамасыз етудің және оны уақытылы пайдалануға берудің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар Аягөз ауданында А. Мамин «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС кеңейту жобасымен танысты. Биыл сульфидті кенді өңдейтін Ақтоғай ІІ байыту фабрикасының құрылысын аяқтау жоспарланған. Инвестиция көлемі 514,6 млрд теңгені ($1,2 млрд) құрайды. 1 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Жобаны іске асыру 2022-2027 жылдары кәсіпорын өндіретін мыс көлемін жылына 125 мың тоннадан 200 мың тоннаға дейін ұлғайтуға және кенішті әлемдегі ең ірі кен орындарының қатарына шығаруға мүмкіндік береді. Ақтоғай кен орнында сондай-ақ оксидті кендерді қайта өңдеу кешені жұмыс істейді, онда 2024 жылға дейін жыл сайын 20 мың тонна катодты мыс өндіруді қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Глубокое ауданының Солнечное ауылында Үкімет басшысы «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС (МДТШ) тауарлы-сүт фермасын, егіс алаңдарын және ауыл шаруашылығы техникасын қарап шықты.

2020 жылы кәсіпорын 13 мың тонна сүт және 300 тонна сиыр етін өндірді. Өндірісті жаңғырту аясында 2022-2025 жылдары жалпы сүт саууды тәулігіне 40 тоннадан 100 тоннаға дейін арттыру жоспарлануда. МДТШ ҚР-дағы алдыңғы қатарлы тұқым өсіру шаруашылықтарының бірі. Өткен жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын сату бойынша ЖШС 1-орынға ие болды (10 мың тонна тұқым). Өткен 5 жылда барлық өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша орташа өнімділік гектарына 4,3 тоннаны құрады. Кәсіпорын Солнечное ауылында жалпы ауданы 3,7 мың ш.м. аз қабатты тұрғын үйлер кешенін салу арқылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруға белсенді қатысады.

Семей қаласында Премьер-Министр «Qazaq astyq group» ЖШС май экстракциялық зауытының күнбағыс тұқымын қайта өңдеу желісінің жұмысын іске қосты. Инвестицияның жалпы сомасы 13 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорынның қуаты – тәулігіне 1000 тонна күнбағыс тұқымын немесе 800 тонна рапс/зығыр тұқымын қайта өңдеу. Кәсіпорында 300-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Зауыт ҚР-ның өсімдік майына деген ішкі қажеттілігін қамтамасыз етеді, оның өнімдері сыртқы нарықтарға да экспортталатын болады. 

А. Мамин Қазақстандағы радиофармпрепараттар өндіруден және оларды онкологиялық ауруларды ерте диагностикалауда қолданудан бастап, пациенттерге радионуклидтік терапия жүргізуге дейінгі толық циклді ядролық медицинаның жалғыз медициналық мекемесі – «Семей қ. ядролық медицина және онкология орталығына» барды.

Үкімет басшысы сондай-ақ Қазақстанда алғаш рет балалар мен ересектерді оңалту технологиясы – «h/p/cosmos locomotion» қолданылған, биыл қалада ашылған «iv plus клиникасының» қызметімен танысты. Мұнда ағзаның физиологиялық және моторлық функцияларын қадағалаудың электрондық жүйелерін пайдаланатын цифрлық платформадағы еліміздегі алғашқы медициналық оңалту орталығы ашылды.

Биылғы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7%-ға – 860,8 млрд теңгеге дейін өсті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 93,8 млрд теңгені (+2,1%), құрылыс жұмыстарының көлемі – 51,6 млрд теңгені (+5,6%) құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 177,6 млрд теңгеге жетті (+6,8%).

Жұмыс сапарына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қатысты.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
21 Қыркүйек 2021, 16:34
А. Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді
21 Қыркүйек 2021, 12:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 21.09.2021
21 Қыркүйек 2021, 12:07
2025 жылға қарай Екібастұз қаласында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бес есе өседі — Ә. Ерғалиев
21 Қыркүйек 2021, 11:11
ВАК отырысында карантиндік шектеулерді жеңілдетуге қатысты бірқатар шешім қабылданды
21 Қыркүйек 2021, 10:42
Қазақстанда егін жинау науқанының қарқыны былтырғыдан жоғары — Е. Қарашөкеев
21 Қыркүйек 2021, 09:39
Үкімет Екібастұз қаласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті
21 Қыркүйек 2021, 09:28
Қазақстан ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етеді және астық экспортының әлеуетін сақтайды — А. Мамин 
20 Қыркүйек 2021, 16:03
21 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2021, 14:57
А. Мамин жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды
19 Қыркүйек 2021, 09:51
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №129
19 Қыркүйек 2021, 09:00
Р. Скляр Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын тексерді
17 Қыркүйек 2021, 19:22
Алматы облысы – еліміздің маңызды көлік-логистикалық хабы
17 Қыркүйек 2021, 17:04
А. Маминнің Алматы облысына жұмыс сапары: АӨК, логистика, фармацевтика, туризм
17 Қыркүйек 2021, 13:15
Ілияс Оспанов ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып тағайындалды
17 Қыркүйек 2021, 11:54
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
17 Қыркүйек 2021, 11:16
Туристер ағыны, таудағы қауіпсіздік және жаңа нысандар құрылысы — Алматы қаласының туристік саласын дамыту
16 Қыркүйек 2021, 17:01
 А. Мамин Алматы қаласының инфрақұрылымдық дамуын тексерді
15 Қыркүйек 2021, 17:39
Руслан Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
15 Қыркүйек 2021, 16:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді
15 Қыркүйек 2021, 12:23
Шолпан Каринова ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі болып тағайындалды
15 Қыркүйек 2021, 11:18
Ә. Смайылов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді
14 Қыркүйек 2021, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №619 Қаулысы
14 Қыркүйек 2021, 15:59
ҚР Үкіметінің отырысы, 14.09.2021
14 Қыркүйек 2021, 15:54
Энергия көздері қоймаларындағы көмір және мазут қоры бекітілген нормаларға сәйкес келеді — М. Мырзағалиев
14 Қыркүйек 2021, 12:19
Қазақстанда халықты вакциналаумен қамту 71,5% құрады — А. Цой
14 Қыркүйек 2021, 12:06
Қазақстанда 2021 жылдың 8 айында нақты сектордағы өсім 3,5%-ды құрады
14 Қыркүйек 2021, 11:14
БЖЗҚ зейнетақы активтері 2021 жылғы тамыз айының соңында 12,9 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 52 млрд теңгеге артты — Е. Досаев
14 Қыркүйек 2021, 10:19
Үкіметте өңірлердің жылыту маусымына дайындығы қаралды
14 Қыркүйек 2021, 09:53
Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге жетті — А. Мамин 
14 Қыркүйек 2021, 09:30
Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді
13 Қыркүйек 2021, 19:33
Е. Тоғжанов әлеуметтік сала мәселелері жөнінде кеңес өткізді
13 Қыркүйек 2021, 15:01
А. Мамин ГФР бизнес өкілдерімен ҚР-да бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
13 Қыркүйек 2021, 14:54
14 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
13 Қыркүйек 2021, 13:45
Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцина өндіруге арналған екінші өндірістік алаң дайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:54
Ерлан Қожағапанов ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:37
Ерлан Қожағапанов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
12 Қыркүйек 2021, 09:44
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №128
10 Қыркүйек 2021, 22:55
Республикалық штабта Алматыдағы КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал қаралды
10 Қыркүйек 2021, 17:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
10 Қыркүйек 2021, 16:56
Е. Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Қордай ауданына барды
10 Қыркүйек 2021, 15:40
А. Мамин жаңа экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешевті таныстырды 
10 Қыркүйек 2021, 11:55
Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм — Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсуі барлық салаларда байқалады
10 Қыркүйек 2021, 08:50
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды
09 Қыркүйек 2021, 18:29
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жаңа энергетика министрі М. Мырзағалиевті таныстырды
09 Қыркүйек 2021, 17:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №612 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №609 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №604 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №608 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №607 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 16:55
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №600 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.