08 Қаңтар 2022, 11:57
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің м.а. Әлихан Смайылов Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің Төрағасы Ақылбек Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті.
Екі елдің мемлекеттік шекарасындағы ахуал, сондай-ақ Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай аясындағы Қазақстанның Қырғызстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды.
Тараптар екіжақты және көпжақты форматта стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу