Ә. Смайылов «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады

«Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов азаматтарды қабылдады. Кездесу барысында Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар мен жүктерді өткізу, қыздырылған темекі өндірушілерінің өнімдерін өткізу, құрылыс саласында білікті кадрлардың жетіспеушілігі, кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету мәселелері талқыланды.

Бас қосуда Nur Otan партиясының «Ұлт денсаулығы» қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары Жамиля Садықова темекі өндірушілердің коммерциялық мүдделерін шекту туралы сұрады.

Айта кету керек, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап темекі өнімдерін ашық түрде жариялауға тыйым салынған, оның ішінде құрамында қыздырылған шылым бар өнімдер (IQOS, GLO), кальян темекі, кальян қоспасы, темекі қыздыру жүйелері, электронды тұтыну жүйелері мен оларға арналған сұйықтықтар бар. Сонымен қатар темекі жарнамасының барлық түріне тыйым салынған.

Дегенмен, өндірушілер түрлі әлеуметтік желілер арқылы азық-түлік дүкендері, мейрамханалар мен кафелерде ашық түрде жарнамалауды жалғастыруда.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов денсаулық сақтау, сауда және интеграция министрліктеріне жарнамаға тыйым салуды және ірі сауда нүктелері мен темекі дүкендеріне темекінің барлық түрлерін көрсетуге тыйым салуды қатаң сақтау қажеттігі туралы қосымша ақпарат беруді тапсырды.

Ә. Смайылов «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілген өзгерістер жастарды, балаларды темекі шегуден және темекі мен басқа да темекі өнімдерін жарнамалаудан қорғауға бағытталғанын айтып, осы бағытта белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Д. Садықова Үкіметпен диалогтың мұндай форматы іс жүзінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асырылғанын көрсететінін атап өтті.

Құрылыс саласында білікті мамандардың жетіспеушілігі туралы мәселені Қазақстанның құрылыс компаниялары қауымдастығының төрағасы Виктор Микрюков көтерді.

Оның айтуынша, бүгінде құрылысшылар, газ кескіштер, металл конструкцияларын монтаждаушылар мен құрастырушылар, бетонды өңдеушілер мен тегістеушілер, электриктер мен электромонтаждаушылар тапшылығы бар.

Ә. Смайылов білім министрлігіне білім беру мекемелерінде мамандандырылған бірлестіктермен бірлесе отырып, қолданыстағы және ескірген оқу бағдарламаларын қайта қарауды тапсырды. Мемлекеттік білім беру тапсырысын құрылыс индустриясы мен экономиканың басқа салаларының қажеттіліктерін ескере отырып енгізу қажет.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов азаматтардан түскен басқа да мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу