АДБ Қазақстанның ШОБ-не 122 млн доллар сомаға несие ұсынады

Азия Даму Банкі (АДБ) Қазақстанда «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры және бағдарламаға қатысушы банктер арқылы 122 миллион АҚШ доллары сомасына несие желісін ашуға ниетті.

«Қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру қосымша инвестиция тартып, жұмыспен қамту деңгейін арттырып, нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерліктер меншігінің кірісін ұлғайтпақ. Жоба аясында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мен өңірлердегі шағын және орта кәсіпорындарды несиелеуге ерекше көңіл аударылатын болады», - деп мәлімдеді АДБ баспасөз қызметі АДБ Қазақстандағы өкілдігінің директоры міндетін атқарушы Әсел Шыңғысованың сөзіне сілтеме жасап.

Әсел Шыңғышева мен «Даму» Кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова арасында Астанада қарыз беру туралы келісімге қол қойылды. АДБ қарыз беру туралы келісіне сай «Даму» қорына ҚР Үкіметінің кепілдігімен 5 жылға дейін қаражат бөледі. Өз кезегінде, «Даму» қоры шағын және орта кәсіпкерліктерге несие беру мақсатында екінші деңгейлі банктерге қаражат бөледі.

Аталмыш қарыз 2012 жылдың қыркүйек айында АДБ Директорлар кеңесінің мақұлдаған 500 млн АҚШ долларына шағын және орта кәсіпкерліктерді қаржыландыру бойынша инвестициялық бағдарламаның көптраншты тетігі аясында екінші транш түрінде беріледі.

Үкімет пен «Даму» қорының мәліметінше, шағын және орта кәсіпкерлік экономиканы әртараптандыру мен экономикалық өсімді қамтамасыз етудің басты көзі болып табылады.

Манилада орналасқан АДБ-нің мақсаты Азия және Тынық мұхит аймағындағы жоқшылық деңгейін экономикалық өсу, экологиялық орнықты даму және аймақтық бірігу үдерістеріне қатысу жолымен төмендету болып табылады. АДБ 1966 жылы құрылған, 48 аймақтан 67 қатысушы- мүшесі бар. 2009 жылы жобаларды, тұтастай алғанда, сомасы 16,1 млрд. АҚШ долларына кредиттер, гранттар, кепілдіктер, сауда процедураларын ықшамдауды қаржыландыру бағдарламалары, инвестицияны акционерлік капиталға айналдыру және техникалық көмек жобалары арқылы қаржыландырды. 2013 жылы АДБ портфелі 6,6 млрд доллар көлеміндегі бірлесе қаржыландыру қаражатын қосқанда 21 млрд долларды құрады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу