Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Әсет Исекешев ҚР Инвестициялар және даму министрі қызметінен босатылып, елорданың әкімі болып тағайындалды.
«Әсет Өрентайұлы Исекешев Астана қаласының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі қызметінен босатылсын», - делінген Ақорда сайтында жарияланған құжат мәтінінде.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз