Астана әкімдігі ШОБ-ке арнап 88 жер телімін бәссаудаға қояды

Шағын және орта бизнесті дамыту үшін жер телімдерін ұсыну рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Астана әкімдігі бәссаудаға 88 жер телімін қояды, деп хабарлайды елорда әкімшілігінде. 

«Астана әкімдігі шағын және орта бизнесті дамыту үшін алғашқы 88 жер телімін бәссаудаға қояды», - делінген хабарламада. 

Бәссауданы апта сайын өткізу жоспарланған. 

Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтың айтуынша, жер телімдері ұзақ уақытқа жалға берілетін болады, ал, егер олар игерілмейтін болса, мемлекет оны қайтарып алып, қайта бәссаудаға қоюға құқылы. 

Бұдан өзге, әкімдікте хабарлағандай, елорда әкімінің тапсырмасымен, қала тұрғындарының шағымдарына байланысты қала жолдарын шұғыл жөндеуден өткізу жұмыстары жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні 116 мекен-жай бойынша жұмыстар атқарылды, қалған жолдар бойынша жөндеу жоспарлы тәртіпте жүргізіледі. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу