Қазақстан Президенті бірқатар заңға қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мемлекет басшысы келесі заңдарға қол қойды: 

  • «Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» ҚР Заңына; 
  • «1993 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы Шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңына; 
  • «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына. 

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу