Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгеріс жасады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық өзгеріс жасады. Бұл туралы Ақорданың Баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

  • Ермек Әшімханұлы Оспанов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымына;

  • Жеңіс Фарахатұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына;

  • Ұлан Ермұханұлы Раисов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Маржан Әбдіюсупқызы Әкімжанова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу