«Қазақстан темір жолы» акциялары «Халықтық IPO» бағдарламасына 2016 жылдан бастап ұсынылады

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы «Халықтық IPO» 2016 жылы шығады, деп хабарлады бүгін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев ОКҚ брифингінде.



«2016 жылы IPO аясында «Қазатомпром» АҚ мен «Қазақстан Темір жолы» АҚ 10% минус 1 акциясын саудағы шығару жоспарланған», - деді Ө. Шөкеев. 



Сонымен бірге, ол 2014 жылы IPO шеңберінде «KEGOC»АҚ 10% акциясын және SPO шеңберінде «Маңғыстау электртораптық бөлу» АҚ 75% акциясын саудалау жоспарлануда екенін атап өтті. 2015 жылы қор нарығына «Самырұқ-Энерго» АҚ мен «ҚазТемірТранс» АҚ 10% акциясын және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «ҚазТрансГазАлматы» және «Транстелеком» АҚ 49% акциясын шығару көзделуде.


Сондай-ақ, ҰӘҚ басқарма төрағасы 500-ден астам еншілес компанияның 209 жекешелендіруге дайындалып жатқанын айтты.



«2014-2015 жылдар аралығында «Самұрық-Қазына» жалпы балансты құны 50,8 млрд болатын бейінді емес 16 активті және 19 бейінді емес нысанды жүзеге асырады. Мысалы «Думан» қонақ үй кешені, «Сарыағаш» санаторийі, «Ақбұлақ» сауықтыру кешені , ҚТЖ оңалту орталығы. Біздің активтеріміз Грузия, Түркия, Қырғызстанда бар, облыс орталықтарындағы мәдениет сарайлар. Бұл жұмыстарды біз жыл соңына дейін тәмәмдауымыз керек», - деп толықтырды Ө. Шөкеев. 



Сонымен қатар ол, бүгінде «Самырұқ-Қазына» жекешелендіруге жататын компаниялар тізімімен жұмыс істеуде және профильді бизнеспен айналыспайтын компанияларды анықтады.






Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу