Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Алексей Цойды ҚР денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың Баспасөз қызметі хабарлайды.

«Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалсын», — делінген Жарлық мәтінінде.

Мемлекет басшысының келесі Жарлығымен Елжан Амантайұлы Біртанов Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу