Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсімі тұрақтанып, төмендеуге бет бұрғаны байқалуда — Б. Сұлтанов

Сәрсенбі, 11 Тамыз 2021, 12:23:12

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ағымдағы жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндамасын ішкі сауда саласын дамыту туралы ақпараттан бастады. Барлық көрсеткіштер оң динамиканы дәлелдеп отыр. Мәселен, сауданың нақты көлем индексінің көрсеткіші 109,1% құрады.

«Осы үрдістерді растайтын электрондық коммерциядағы жағдайды айтуға болады. Жыл қорытындысы бойынша электрондық сауданы 10%-ға дейін жеткізу жоспарланғанымен, бүгінгі күні осы көрсеткіш 12,2% құрады», — деді Б. Сұлтанов.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына келсек, олар жыл басынан бері 10,3%-ға өсті. Маусымаралық кезеңде бағаның өсуі байқалатын көкөністер, импортқа тәуелді өнімдер, сондай-ақ жоғары экспорттық сұранысы бар тауарлар ең жоғары өсім көрсетті. Өңірлердегі қалыптасқан жағдай бойынша, ең жоғарғы өсім 12,0% – Түркістан облысында, 11,6% – Нұр-Сұлтан қаласында және 11,4% – Қарағанды облысында тіркелді.

Дегенмен, сәуір айынан байқалған бағалардың өсімі тұрақтанып, ал тренді төмендеуге бұрылғанын көріп отырмыз. Мәселен, картоп бағасының маусымдық өсуі сәуір-маусым аралығында белгіленді. Бұдан әрі, оңтүстік аймақтардағы ерте пісетін картоптың түсімі ұлғайған сайын, өнімнің бағасы төмендеді. Ең жоғары өсу сәтінен бастап, бағалар 26%-ға немесе 54 теңгеге түсті. Тамыз және қыркүйек айларында солтүстік аймақтарда өнімнің жаппай жиналуы күтілуде, бұл ішкі нарықты картоппен қанықтырады және бағаның одан әрі төмендеуін ынталандырады.

Сәбіз үшін бағаның маусымдық өсуі бір айға кешірек созылады. Нарықты жаңа дақылмен қанықтыру орта есеппен шілде айының соңынан басталып, қыркүйекке дейін жалғасады. Егін жинау кезеңінде 577 мың тонна сәбіз түсімі күтілуде. Бұл сәбіздің бағасын едәуір түсіруге ықпалын тигізеді.

Пияз бен қырыққабат бағаларының өсуі әлі де байқалады. Жыл басынан бері бір келі пияздың бағасы 29%-ға немесе 23 теңгеге қымбаттады. Ал, қырыққабаттың бағасы 22%-ға немесе 20 теңгеге қымбаттады. Әдеттегі мәліметтерге сәйкес, пияз бен қырыққабат бойынша жаппай егін жинау тамыз айының соңы мен қыркүйектің басынан басталады.

«Тиісінше, бағаның төмендеуі тек ағымдағы айдың соңында күтіледі. Біз баға тұрақтандырудың негізгі құралдарына талдау жүргіздік. Нәтижелері өңірлерде тұрақтандыру қорларына тауарларды сатып алуға қаражаттың дұрыс бөлінбегенін және механизмді тиімсіз пайдаланудың әлі де фактілері бар екенін көрсетті. Кейбір өңірлерде тәуекелі жоғары өнімдерге мән берудің орнына, бағалары тұрақтары тауарлар сатып алынған. Мысалы, қаражаттың 37%-ы ұнды сатып алуға жұмсалды. Оның бағасы бізде тұрақты. Сондай-ақ, әдетте инфляция шегінде ғана қымбаттайтын тұз және сүт өнімдері сияқты тауарлар сатып алынды», — деді сауда министрі. 

Оның айтуынша, әкімдіктер қаражатты тәуекелі жоғары және бағалары құбылмалы әлеуметтік маңызы бар тауарларға шоғырландыруы қажет. «Айналым схемасы» мен форвардтың нарықтық механизм екенін ескере отырып, бұл құралдарды барынша пайдалану қажет. Жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігін орындау жөніндегі деректерге сәйкес 1 тамызда әкімдіктерде 633 млрд теңге бос қаражат бар. Яғни, талап етілетін қаржыландыру қолда бар қаражаттың 3%-ын ғана құрайды.

Сондай-ақ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың шоттарында 6,4 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бар. Осы қаражат «айналым схемасы» мен форвардтарға бағытталуы керек.

Сауда және интеграция министрлігі сауда бойынша сараптамалық платформаны іске қосты. Бірінші кезеңде электрондық шот-фактуралар мен фискалдық деректер операторларының чектерінің деректері негізінде ішкі сауда, әсіресе, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша кең сараптама қалыптасуда. Екінші кезеңінде еліміздегі институттармен және көршілес Ресейдің Экономика жоғары мектебімен бірлесіп, нейрондық желілер арқылы азық-түлік тауарлардың бағаларын болжау жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Бұл жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін Мемлекеттік кірістер комитетінің деректер базаларын ағымдағы жылдың соңына дейін Біздің талдау жүйемізбен тікелей интеграциялауды қамтамасыз ету қажет», — деді Б. Сұлтанов.

ҚР СИМ басшысы бағаның одан әрі өсуіне жол бермеу үшін шұғыл түрде келесі шараларды қабылдау қажет екенін айтты.

Бірінші. Әкімдіктер бизнес субъектілерінің үстеме ақылар мен шекті бағалардан асып кетуіне жол бермеуге мониторинг пен бақылауды күшейтуді, сондай-ақ өңір тұрғындарына белгіленген шекті бағалар туралы хабарды дер кезінде жеткізуді тапсыруды сұраймын.

Екінші. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арасында тауар жеткізу жөнінде нақты өңіраралық кооперацияны қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте Ауыл шаруашылығы министрлігі тұрақтандыру қорларына тауарларды өзара жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Ережелерге өзгерістер енгізу қажет.

Үшінші. Қыркүйек пен желтоқсан аралығында шекаралас елдер тарапынан көкөніске деген сұраныстың артуы байқалады. Өнімнің бақылаусыз елден шығарылуы орын алған жағдайда, осы тауарлар экспортын квоталауды енгізу қажет.

Төртінші. Көкөніс пен жеміс-жидек қоймаларының физикалық және моральдық тұрғыдан ескіргенін ескере отырып, инвестициялық субсидиялау нормасын 25%-дан 50%-ға дейін ұлғайту қажет. Бұл Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырманы орындау яасында қажет және бизнесті ынталандыруға, егінді жеткілікті мөлшерде сақтауға және бағаның күрт көтерілуіне жол бермеуге мүмкіндік береді.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
30 Қараша 2021, 15:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №842 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қарашадағы №841 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №839 Қаулысы
30 Қараша 2021, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №835 Қаулысы
30 Қараша 2021, 13:02
ҚР Үкіметінің отырысы,30.11.2021
30 Қараша 2021, 12:26
Қазақстанда 12,7 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құрумен 139 жобаны іске қосу жоспарлануда — Б. Атамқұлов
30 Қараша 2021, 10:38
Қазақстанда «Омикрон» КВИ штаммының жаңа нұсқасының пайда болуына байланысты бірқатар шектеулер енгізіледі
30 Қараша 2021, 10:21
2021 жылдың 10 айында ҚР өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар 78,6%-ға 1,2 трлн теңгеге дейін өсті 
30 Қараша 2021, 09:37
8 млн-нан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алды 
29 Қараша 2021, 14:47
30 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Қараша 2021, 11:24
А. Мамин Ашхабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты  
29 Қараша 2021, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №834 Қаулысы
28 Қараша 2021, 19:13
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №139
27 Қараша 2021, 19:32
А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
20 Қараша 2021, 11:37
Қазақстанда үшінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
19 Қараша 2021, 14:34
2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етудегі басымдықтарын іске асыру бойынша тиімді жұмыс жүргізілді — А. Мамин
18 Қараша 2021, 16:41
Қызылорда өңірінің экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
17 Қараша 2021, 16:56
А. Мамин құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
17 Қараша 2021, 15:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №811 Қаулысы
17 Қараша 2021, 12:52
ХВҚ миссиясы Қазақстан экономикасының пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шыққанын айқындады
16 Қараша 2021, 16:26
Соңғы 3 жылда облыс экономикасына 1,4 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталды — Түркістан облысының әкімі
16 Қараша 2021, 13:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 16.11.2021
16 Қараша 2021, 12:18
Қазақстанның барлық университеттері жан басына қаржыландыру жүйесіне көшеді — А. Аймағамбетов
16 Қараша 2021, 10:37
Қазақстанда ауылдардың сумен қамтылуын бақылауға мүмкіндік беретін интерактивті карта іске қосылды — Б. Атамқұлов
16 Қараша 2021, 10:22
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 23%-ға төмендеді
16 Қараша 2021, 09:48
Үкімет жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелерін қарады
16 Қараша 2021, 09:43
А. Мамин: 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету ауылдарда 91,8%-ға және қалаларда 98%-ға жетеді
16 Қараша 2021, 09:33
Pfizer вакцинасы ҚР нарығының коммерциялық сегментіне жеткізіледі
15 Қараша 2021, 19:07
А. Мамин РФ Үкіметі төрағасының орынбасарлары А. Новакпен және А. Оверчукпен кездесті
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.