Әлихан Смайылов «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдады

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - қаржы министрі Ә. Смайылов еліміздің түрлі өңірлерінің тұрғындарынан келіп түскен алуан сұрақтарға жауап берді.

Мәселен, партия қабылдауына «HILL Сorparation» ЖШС мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры Жанту Мамашев елден автокөлікпен ашық түсті мұнай өнімдерін тасымалдауға тыйым салуға қатысты мәселемен жүгінді, бұған  ЖШС үшін экспорттық келісімшарттар міндеттемелерін орындау бойынша жол беруге болмайды. Ол Ә. Смайыловтан елден автокөлікпен ашық түсті мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салу туралы бұйрыққа өзгерістер енгізу бойынша ықпал етуді өтінді.

Ә. Смайылов хабарлағандай, Мемлекеттік кірістер комитеті автокөлікпен елден ашық түсті мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салуға қатысты түзетулер бойынша түсінік берген, сондықтан мұндай проблема туындамауы тиіс. Биыл қазан айының соңына дейін аталған мәселе шешілуі керек.

Қазақстаннан қара және түсті металдар сынықтарын тасымалдауға тыйым салуды енгізу туралы «Shymkent Temir» ЖШС өкілі Бегім Құдабаев жүгінді.

«Бұл мәселені шешудің екі жолы бар.  Біріншісі - тасымалдауға тыйым салу. Екіншісі - лицензиялау. Оны қабылдаған жағдайда бұл сала өздігінен реттелетін болады, өйткені лицензиясы барлар лицензиясы жоқтарға металл сынықтарын жинауға мүмкіндік бермейді, демек, мемлекеттік органдармен қоян-қолтық жұмыс істейтін болады. Сондықтан лицензия қабылданған жағдайда металл сынықтарын шетелге шығару көлемі біршама азаятын болады», — деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, осы мәселе бойынша бұйрық жобасы әзірленетін болады, бірақ ортақ шешімге келу үшін екі тараптың да талқылауы қажет.

Сонымен қатар қабылдауда жеке мәселелер де қаралды. Мәселен, Шыныкүл Өзбекова қаза тапқан немересінің отбасы үшін тұрғын үй мәселесін шешу өтінішімен жүгінді. Мәселе осы жерде бірден Қорғаныс министрлігінің өкілдерімен бірге талқыланды.   

Қабылдауда бұдан басқа Салық кодекесіне жеке сот орындаушыларының аукциондық алымдарды төлеуіне қатысты өзгерістер енгізу туралы мәселе көтерілді, Ә. Смайылов қазіргі жағдайды түсіндіріп, Қаржы министрлігінің осы мәселе бойынша ұстанымын жеткізді.  

«Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында көтерілген барлық мәселелер министрдің жеке бақылауына алынатын болады.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу