Әлихан Смайылов: Даңқты мұнайшылардың өмір жолы – жас ұрпаққа үлгі

Атырауға жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ембімұнайгаз» АҚ компаниясының құрылғанына 100 жыл толуына орайластырылған салтанатты жиынға қатысты.

Премьер-Министр өз сөзінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ секторын экономиканың басым бағыттарының бірі ретінде дамытудың маңыздылығын, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның дамуында саланың және отандық мұнайшылардың еңбегі зор екенін ұдайы ерекше атап өтетінін айтты.

Әлихан Смайыловтың сөзінше, қазақ мұнайының бастауында тұрған кәсіпорынның 100 жылдық мерейтойы – бұл айтулы мереке, өйткені Қарашүңгіл жерінен табылған «қара алтын» еліміздің брендіне айналды.

Мәселен, 1899 жыл Қазақстан тарихына Жылыой ауданында мұнай көзі табылған жыл ретінде енді. 1922 жылы трест болып құрылған «Ембімұнайгаз» – бүгін өз бағытын нақты айқындаған, аяғына нық тұрған қуатты кәсіпорын.

«Ембілік геологтар еліміздің Батыс аймағындағы ірі мұнай кеніштерін ашуда зор еңбек сіңірді. Соның арқасында мұнай-газ саласы ел экономикасы дамуының локомотивіне айналды», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр бір ғасырлық тарихы бар «Ембімұнайгаз» кәсіпорны қаншама даңқты мұнайшылар әулетін тәрбиелеп, мыңдаған ұлттық кадр дайындап шығарғанын айтты. 

«Жер қойнауындағы қазба байлықты іздеуден бастап, оны игеру мен дамыту мол қажыр-қайратты, терең білім мен табандылықты талап етеді. Осындай қиыншылықтарға төтеп беріп, мұнай өндіріп, ел игілігіне үлес қосқан мұнайшылар еңбегі ешқашан ұмытылмайды! Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетілу керектігін атап өтті», — деді Әлихан Смайылов.

Сөз соңында Премьер-Министр бүгінгі таңда «Ембімұнайгаз» әлеуметтік жауапкершілігі ретінде Атырау облысының дамуына да жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар Үкімет басшысы ҚР Президентінің атынан 25 ардагер мен сала қызметкерлеріне түрлі мемлекеттік наградалар табыс етті:

III дәрежелі «Барыс» ордені

Оржанов Табын Қапанұлы – ардагер

Тасқынбаев Есен Тасқынбайұлы – ардагер

«Парасат» ордені

Бабашева Мәнсия Нұрғалиқызы – ардагер

«Құрмет» ордені

Салихов Мендеш Халелұлы – ардагер

Сүйінғариева Қазира Сүйегенқызы – ардагер

Төреғалиев Дәрмен Тілеубергенұлы – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ бас технологы

Жамауов Жұмабек – ардагер

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені

Ахметов Ерболат Құсайынұлы – «Доссормұнайгаз» МГӨБ жерасты ұңғыларын жөндеу операторы

Жұмажан Нұржанов – ардагер

Оразов Нұрлан Әленұлы – «Доссормұнайгаз» МГӨБ жерасты ұңғыларын жөндеу операторы

Абежан Қуанғали Халидоллаұлы – «Жайықмұнайгаз» мұнай және газ өндіру цехының бастығы

«Ерен еңбегі үшін» медалі

Иманғалиев Нұржан Ісқайырұлы - «Доссормұнайгаз» МГӨБ мұнай және газ өндіру операторы

Аманқұлов Мәжит Қазекенұлы – «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ мұнай және газ өндіру шебері

Қондыбаев Ерлан Жаңабайұлы – «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ бас инженері

Достанов Ерік Давыдұлы – ардагер

Баспаев Аманғали Фазылұлы – ардагер

Қосанова Ғалия Сабырқызы – ардагер

Сахуалин Құрманғазы Қинашұлы – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ мұнай және газ өндіру цехының бастығы

Көктенов Сағидолла Шораұлы - «Қайнармұнайгаз» МГӨБ мұнай және газ өндіру операторы

Кенжебаева Айман Сатқанбайқызы – ардагер

Дәулеталиева Светлана Ахметқызы – ардагер

Айдинова Сәлима Хамидоллақызы – «Доссормұнайгаз» МГӨБ еңбекақы төлеу және персоналды басқару бөлімінің экономисі

Қилыбаева Светлана Жайболқызы – «Доссормұнайгаз» МГӨБ ұңғыларды жөндеу шебері

Ғалиев Нұрлан Қисаұлы – ардагер

Агафонова Ольга Альбертовна – ардагер.

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газ өндіру және дайындау жұмыстарын жүргізеді, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес компаниясы.

«Ембімұнайгаз» өндірілген мұнайды экспортқа және ішкі нарыққа шығарады. Бүгінгі таңда орташа жылдық өндіріс көлемі 2,6 млн тоннадан асады.

Соңғы 10 жылда компания Атырау облысының инфрақұрылымын дамытуға шамамен 6 млрд теңге және демеушілік пен қайырымдылыққа 4 млрд теңгеге жуық аударды. Осы кезеңде салық төлеуге 1 трлн 113 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу