24 Қараша 2023, 15:30
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан Ұлттық жоба аясында өңірлерде 655 алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету нысанын ашу жоспарланып отыр. Оның ішінде 257 медициналық, 238 фельдшерлік-акушерлік пункт және 160 дәрігерлік амбулатория бар. Биыл 99 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда оның 20-сы аяқталды, қалғандары бойынша жұмыстар жалғасуда.
Сонымен қатар Ұлттық жобада инсульт орталықтары, кардиология, жансақтау, оңалту бөлімдерін ашу, сондай-ақ оларды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы 32 көпсалалы орталық аудандық аурухананы жаңғырту қарастырылған.
Премьер-Министр Қарағанды, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай және басқа да бірқатар облыстардың әкімдіктеріне алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетудің жаңа нысандарын салу бойынша жұмысты жеделдетіп, жыл соңына дейін оларды пайдалануға беруді қамтамасыз ету керектігін атап өтті.
#Әлихан Смайылов #ҚР Премьер-министрі #Денсаулық сақтау #Президенттің тапсырмасы #Ұлттық жобалар #Әлеуметтік қорғау«Ұлттық жобаны іске асыру Үкіметтің бақылауында. Министр мен өңірлердің әкімдері бұл бағыттағы жұмысты күшейтуі қажет», — деді Әлихан Смайылов.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу