20 Қазан 2023, 18:51
Жұма, 20 қазанда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді.
Жиынға қатысушылар Шымкент және Алматы қалаларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру, IT-саласы мен ауыл шаруашылығына арналған жабдықтарға салық салу мәселелерін, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар еліміздің тау-кен металлургия кешенін одан әрі дамыту шаралары қаралды.
#Әлихан Смайылов #ҚР Премьер-министрі #Инвестициялар #Салық саясаты #Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу