ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен Қазақстан Үкіметі мүшелерінің қатысуымен 6-11 наурыз аралығында алда өтетін шараларға аңдатпа

Осы аптада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында берген тапсырмаларын орындау аясында Жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізеді.

Биыл 6-7 наурызда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барады, онда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) кезекті отырысына қатысады. ЕҮАК жұмысы шеңберінде Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі Сооронбай Жээнбековпен су-энергетика және көлік-логистика салаларында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне қатысты екіжақты кездесу өтеді деп жоспарланған.

Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет үйінде Франция Президентінің кеңесшілері Ф.Ревардон мен С. Массардпен кездесу өткізеді. Кездесу барысында екіжақты экономикалық қарым-қатынастағы ағымдағы жағдай мен экономиканы жаңғыртуға байланысты бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылау жоспарланған.

Сондай-ақ, осы аптада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев биыл Мемлекет басшысы өз жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру тұрғысынан алғанда Экономикалық даму мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес отырысын өткізеді.

Осы аптада ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин ведомствоаралық комиссия отырысын, сонымен қатар, ШЫҰ, кең жолақты интернет және қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары мәселелеріне қатысты кеңестер өткізеді. Бұдан өзге, Асқар Мамин Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов осы аптада дизель отынына акцизді өндіру тәртібін өзгерту немесе болдырмау, азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру және су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелеріне қатысты бірқатар кеңестер өткізеді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу