Қазақстан Үкіметі 2016-2018 жылдарға арналған Дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын жасақтады

ҚР Үкіметі экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы жоспарды жасақтады, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында қарауларыңызға Жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарының (Жалпыұлттық жоспары) және Үкімет пен Ұлттық Банктің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарының жобалары енгізіледі», - деп мәлімдеді Е.Досаев ҚР Үкіметі отырысында. 

Министр айтып өткендей, Жалпыұлттық жоспар Мемлекет басшысы атап өткен 10 жылға арналған мақсатты индикаторларды және 5 бағыт бойынша 39 іс-шараны қамтиды.

Е.Досаевтың айтуынша, Дағдарысқа қарсы жоспар «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберіндегі реформаларды тереңдету жөніндегі, Мемлекет басшысының 2015 жылғы 18 қарашадағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шараларды, 2015-2016 жылдарға арналған жедел шаралар мен «ерекше кезең», сондай-ақ экономиканы долларсыздандыру жоспарларының өтпелі іс-шараларын қамтиды.

ҚР ҰЭМ басшысы мәлімдегендей, Дағдарысқа қарсы жоспар 2 бөлімнен тұрады: Мемлекет басшысы 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауында айқындаған 5 негізгі бағыт шеңберінде жаңа құрылымдық экономиканы қалыптастыру; экономиканың өсімін ынталандыру және несиелеу бойынша жедел шаралар.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу