«Самұрық-Қазына» АҚ инвестициялық қызметтің бірыңғай стандарттарын әзірлеуде - Б. Бейсенғалиев
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры (ҰӘҚ)» АҚ инвестициялық тиімділікті қамтамасыз ету және табыстылықты арттыру мақсатында инвестициялық қызметті жүзеге асырудың бірыңғай стандарттарын жасады, деп хабарлады бүгін ҰӘҚ бизнесті дамыту бойынша бас директоры Берік Бейсенғалиев қордың компаниялар тобының инвестициялық жобаларын жүзеге асыру бойынша кеңесте.
«Компаниялар тобы бойынша инвестициялық қызметте жұмысты күшейту үшін жаңа тәсілдер қабылданды, оның асяында инвестициялық қызметке бірыңғайланған тәсілдер енгізіледі, осы жобалардың табыстылығын арттыру, директорлар кеңесі арқылы бақылауды күшейту бойынша жұмыс жүргізілуде», - деді Б. Бейсенғалиев.
Оның айтуынша, еншілес кәсіпорындар арқылы жобаларды қарайтын тәуелсіз директорлардан мамандандырылған комитеттер құрылады. Бірыңғай автоматтандырылған база құрылды, енді онлайн режимінде жобаларды жүзеге асырудың нақты графиктерінен ауытқу тексеріледі.
«Осы шаралардың барлықтары компанияларымыздың құнын ұлғайтуға және табыстылығын арттыруға алып келеді», - деп басып айтты ол.
Бұдан өзге, ол ҰӘҚ компаниялардың инвестициялық шеберлік жоспарларын қарау және бекіту практикасы енгізілгенін, олар инвестициялық портфельді дұрыс бағалауға және қаражат салуға басым бағыттарды анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз