Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Әрбір ұлттық жоба жалпыұлттық басымдықты орындауға бағытталуы тиіс — Қ. Келімбетов

Сейсенбі, 26 Қаңтар 2021, 13:01:51

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында мемлекеттік жоспарлау жүйесін жақсарту жөніндегі негізгі мәселелер туралы баяндады.

Қ. Келімбетовтың айтуынша, мемлекеттік жоспарлау жүйесіне жаңа тәсілдерді әзірлеу кезіндегі негізгі міндеттердің бірі оның тиімділігін күшейту болды.

«Ұсынылған жүйе аясында құжаттар саны едәуір қысқартылды, сондай-ақ нақты функциялар анықталды. Мәселен, бірінші деңгейдегі құжаттар елдің ұзақ мерзімді және орта мерзімді кезеңдегі даму пайымын айқындайтын болады. “Қазақстан-2050 Стратегиясы” мемлекеттің дамуының ұзақ мерзімді болжамын айқындайтын еліміздің негізгі  құжаты», — деді Қ. Келімбетов. 

Осыған байланысты ұзақ мерзімді құжатты іске асыру үшін жалпыұлттық басымдықтар құралын енгізу ұсынылады, ол ел Президентінің «Қазақстан–2050» Стратегиясының болжамын неғұрлым қысқа аралықтарда (2025 жылға дейін, 2030 жылға дейін және т.б.) іске асыру үшін негізгі басымдықтарды біріктіретін және айқындайтын бірыңғай және инклюзивті платформасы болады. 

Жалпыұлттық басымдықтар Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруі жөніндегі неғұрлым ұзақ мерзімді мақсатты іске асыру мақсатында ел дамуының болжамын және мемлекеттік аппараттың түйінді басымдықтарын айқындайтын болады.

Қ. Келімбетов атап өткендей, «Ұлттық даму жоспары», «Өңірлік даму жоспары», сондай-ақ «Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы» орталық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік аппараттың мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын болады.

Бұл ретте Қазақстанның аумақтары мен өңірлерін дамыту үлкен маңызға ие болатыны анық.

«Осыған байланысты “Өңірлік даму жоспары” мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бірінші деңгейіне және оның “Ұлттық даму жоспарымен” логикалық және нақты өзара байланысын қамтамасыз ету мақсатында бекітілді. Жалпы, “Өңірлік даму жоспары” өңірлердің рөлі мен жауапкершілігін күшейтуге, сондай-ақ Қазақстанның аумақтық-кеңістіктік дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің төрағасы.

Сонымен қатар, 2021 жылғы 1 шілдеге дейін әзірлеу жоспарланып отырған «Өңірлік даму жоспары» еліміздің әрбір өңірінің бәсекелестік артықшылықтары негізінде әзірленетін болады.

Екінші деңгейдегі құжаттар өңіраралық мәселелер бойынша да, салалар арасындағы мәселелер бойынша да жүргізілетін саясатты айқындайтын болады.

«Салаларды дамыту тұжырымдамаларын енгізу көзделеді. Бұл құжаттар экономиканың барлық салалары бойынша мемлекеттік органдардың пайымы мен мақсаттарын көрсететін болады және жобалық тәсілді енгізу үшін базиске айналады», — деді Қ. Келімбетов.

Сондай-ақ жобалық тәсілге сәйкес барлық сипаттамалары бар ұлттық жобалар құралы енгізілетін болады.

Ұлттық жобалар «Қазақстан – 2050»  пайымын және жалпыұлттық басымдықтарды іске асырудың негізгі құралына айналады.

Үшінші деңгейдегі құжаттар – іске асыру құжаттары.

Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік ұйымдардың даму жоспарлары, Өңірлерді дамыту жоспарлары жоғарыда тұрған құжаттардың міндеттерін іске асыру жөніндегі тетіктерді көрсететін болады.

Осылайша, «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық басымдықтары мен пайымын орындауға тоғыстырылатын үш деңгейдегі барлық құжаттар арасында нақты өзара байланыс қамтамасыз етіледі.

«Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі шеңберінде институционалдық реформаларды жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалады деп санаймыз. Жалпыұлттық басымдықтардың шектеулі саны ел дамуын пайымдаудың неғұрлым маңызды және негізгі бағыттарын баянды етеді. Бұл ретте жалпыұлттық басымдықтар мен ұлттық жобалар тізбесін ҚР Президентінің Жарлығымен бекіту орынды деп санаймыз», — деді ол. 

Сонымен бірге, бюджеттік лимиттер мемлекеттік органдар бойынша емес, басымдықтарға және тиісінше ұлттық жобаларға сәйкес бөлінуге тиіс. Реформаларды іске асырудың негізгі құралы ұлттық жобалар болады, олардың міндеті қызметтің қандай да бір бағытындағы түйінді проблемаларды шешуге бағытталады.

Қ. Келімбетовтің айтуынша, ұлттық жобалардың негізгі критерийі елдің бүкіл аумағына, экономикасына, әлеуметтік жүйесіне ықпал ету, нәтижесінде азаматтардың өміріне оң өзгерісті қамтамасыз ету.

«Ұлттық жобаны әзірлеуші мемлекеттік органдар және “Data driven Government” платформасы шеңберінде құрылатын ұлттық жобалау кеңсесі әзірлейтін болады. Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік ұлттық жобалар бойынша қорытынды қалыптастыру шеңберінде Ұлттық жобаның жалпыұлттық басымдықтарға сәйкестігін қамтамасыз етеді. Ұлттық жобалардың бірқатар критерийлері көзделген, Ұлттық жобалар әлеуметтік-экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін белгілі бір кезеңде нақты нәтиже алуға бағытталатын болады», — деді Қ. Келімбетов. 

Ұлттық жобалардың негізгі критерийлері мыналар болады:

  • даму бастамаларын іске асыруға бағытталған тұжырымдалған мақсаттың нақтылығы;
  • әлеуметтік-экономикалық әсерді қамтамасыз ететін мақсаттың өзектілігі (немесе маңыздылығы);
  • аяқтау уақыты: орындау уақыты мен нәтижеге жету мақсатын шектеу;
  • өлшенетін нәтиже;
  • мақсатқа қол жеткізу: ресурстар мен мүмкіндіктердің жеткіліктілігі;
  • адамға бағытталған: Қазақстан халқының өмір сүру сапасын жақсартуға, проблемаларды шешуге және  әл-ауқатын арттыруға бағытталған;
  • жеке жауапкершілік.

«Ұлттық жобаны іске асырудағы жобалық тәсіл жоба төңірегінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды шоғырландыруды көздейді. Әрбір ұлттық жоба жалпыұлттық басымдықты орындауға және Қазақстан 2050 Стратегиясын іске асыруға бағытталуы тиіс. Ұлттық жобалар тізбесінің бекітілуіне қарай бұл жобалар 2021 жылғы 1 шілдеге дейін әзірленеді деп жоспарлануда», — деп түйіндеді Қ. Келімбетов.  


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
24 Ақпан 2021, 18:18
Е. Тоғжанов COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді
24 Ақпан 2021, 17:56
Ернат Мұхамадиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
24 Ақпан 2021, 17:46
Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті
24 Ақпан 2021, 14:32
Серік Егізбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды
24 Ақпан 2021, 10:31
Асқар Үмбетәлиев ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
23 Ақпан 2021, 18:58
Елбасы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Ақан Сатаевты қабылдады
23 Ақпан 2021, 17:15
Әлеуметтік тұрақтылық және жұмыспен қамтуды сақтау: Қазақстанның өнеркәсіп секторы 2020 жылды оң даму қарқынымен аяқтады
23 Ақпан 2021, 16:11
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізді
23 Ақпан 2021, 15:56
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.02.2021
23 Ақпан 2021, 15:42
Қазақстанда тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді — Б. Атамқұлов
23 Ақпан 2021, 15:23
Мобильді топтардың дайындығы, ауа райы жағдайының мониторингі, су деңгейін бақылау — су тасқыны кезеңіне дайындық қалай өтуде
23 Ақпан 2021, 15:08
Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік партиясын шығарды
23 Ақпан 2021, 13:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 ақпандағы №72 Қаулысы
23 Ақпан 2021, 11:48
Қазақстан экономикасын әртараптандыру АӨК әлеуетін ашу, индустрияландыру және сапалы цифрландыруды жүргізу арқылы іске асырылады
23 Ақпан 2021, 10:30
Үкімет су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесін қарады
23 Ақпан 2021, 10:00
Қазақстанда биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған
23 Ақпан 2021, 09:30
Үкімет, Ұлттық банк және ҚНРДА Макроэкономикалық саясатты үйлестіру туралы келісімге қол қойды
22 Ақпан 2021, 10:56
23 ақпан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Ақпан 2021, 10:47
Денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау — 2020 жылдың қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы
21 Ақпан 2021, 10:02
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №100
20 Ақпан 2021, 10:59
«Fitch Ratings» рейтинг агенттігі Қазақстанның кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам «тұрақты»
19 Ақпан 2021, 19:32
Бахтияр Қожахметов ҚР қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды
19 Ақпан 2021, 16:49
Мемлекет басшысы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинді қабылдады
19 Ақпан 2021, 12:19
Мәдени мұра, салауатты өмір салтын насихаттау, отандық туризмді қолдау — 2020 жылы ҚР мәдениет және спорт саласы қалай дамыды
19 Ақпан 2021, 11:08
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб өз жұмысын бастады
19 Ақпан 2021, 10:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №35 Қаулысы
19 Ақпан 2021, 10:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №42 Қаулысы
18 Ақпан 2021, 16:12
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның cыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловті қабылдады
18 Ақпан 2021, 10:22
Экологиялық бастамалар, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның геология және табиғи ресурстар саласының дамуы
17 Ақпан 2021, 16:55
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шымкент пен Түркістанды дамыту жобаларын тексерді
17 Ақпан 2021, 15:57
Мемлекет басшысы Total концернінің барлау және өндіру жөніндегі бөлімшесінің президенті Арно Брейякты қабылдады
17 Ақпан 2021, 10:38
Moody’s кредиттік агенттігі Қазақстан экономикасы бойынша кредиттік пікір жариялады 
16 Ақпан 2021, 19:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
16 Ақпан 2021, 17:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №47 Қаулысы
16 Ақпан 2021, 14:30
Қазақстанда жергілікті қамтуды дамытудың тікелей инвестициялар қорын құру көзделуде – Н. Ноғаев
16 Ақпан 2021, 13:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 16.02.2021
16 Ақпан 2021, 13:02
Қазақстанда 2021 жылдың бірінші айында 801 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
16 Ақпан 2021, 12:33
Биылғы қаңтарда ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 75,2%-ға ұлғайды
16 Ақпан 2021, 12:24
ҚР Қаржы министрлігі: жергілікті бюджетке түсетін кірістер бойынша жоспарлар республиканың барлық өңірінде асыра орындалды
16 Ақпан 2021, 12:01
«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»: Үкімет Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасын бекітті
16 Ақпан 2021, 11:45
Шағын және орта бизнес ‒ жұмыс орындарын құрудың және халықтың табысын арттырудың негізгі көзі — Ә. Ерғалиев
16 Ақпан 2021, 11:23
Азаматтар алынған жинақтардың 87%-ын баспана мәселелерін шешуге бағыттауға ниетті — ҚР Ұлттық банкі 
16 Ақпан 2021, 11:04
Тимур Жақсылықов ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды
16 Ақпан 2021, 10:13
Биылғы қаңтар айында ҚР экономикасының негізгі салалары өсу қарқынын сақтап қалды     
15 Ақпан 2021, 19:18
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
15 Ақпан 2021, 16:47
Қазақстан Президенті Бас прокуратураның басшылық құрамымен кеңес өткізді
15 Ақпан 2021, 12:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №46 Қаулысы
15 Ақпан 2021, 12:33
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №52 Қаулысы
15 Ақпан 2021, 12:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №49 Қаулысы
15 Ақпан 2021, 12:09
Павлодар облысының 2020 жылғы даму қорытындылары: экономиканың базалық салалары бойынша оң динамика қамтамасыз етілді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.