Арман Рамазанов ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қарашадағы № 707 Қаулысымен Арман Рамазанов ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды.  

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде хабарлағандай, Арман Рамазанов 1978 жылы 18 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келген.

Үш жоғары білімі бар. 2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін инженер мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. 2004 жылдан бастап 2006 жылға дейін С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде қаржы мамандығы бойынша оқыған.

2001-2007 жылдар аралығында – Шығыс Қазақстан облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің түрлі лауазымдарын атқарған.

2007 жылдан бастап 2010 жылға дейін бизнес құрылымдарда басшылық лауазымдарын атқарған.

2010-2015 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Казахвзрывпром» АҚ (қазіргі таңда «Қазтехнологиялар» АҚ) басқарма төрағасы.

2015-2016 жылдар аралығында – «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалуына дейін А. Рамазанов Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік инспектор лауазымын атқарды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 350 Жарлығына сәйкес құрылды. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу