Әсет Исекешев ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы  болып тағайындалсын», — делінген Жарлық мәтінінде.

Әсет Исекешев 1971 жылы 17 тамызда дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ заң факультетін, 1998 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару жоғары мектебін тәмамдаған.

Түрлі жылдары ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, ҚР индустрия және сауда министрі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – индустрия және жаңа технологиялар министрі қызметтерін атқарды.

2016 жылғы 22 маусымнан бастап Астана әкімі қызметін атқарды. 2018 жылғы 10 қыркүйекте ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. 2019 жылғы 25 наурызда Тұңғыш Президент – Елбасының шешімімен Тұңғыш Президент – Елбасы қорының атқарушы директоры болып тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу