Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Асқар Мамин инвестициялар тарту үшін өңірлерге АХҚО-мен ынтымақтастық орнатуды тапсырды

Дүйсенбі, 21 Қазан 2019, 18:43:59

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) Инвестициялар тарту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. 

Орталық және жергілікті атқарушы органдарды тыңдау қорытындылары және инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуы туралы ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, импортты алмастыру туралы – «Атамекен» ҰКП төрағасы А. Мырзахметов, АХҚО-ның өңірлерде инвестициялар тарту мәселелері бойынша тәсілдері туралы АХҚО басқарушысы Қ. Келімбетов баяндады. 

Отырыста ұлттық экономиканың озық қарқын көрсетуін жалғастырып жатқаны аталып өтті. Биылғы 9 айдың нәтижелері бойынша өсу қарқыны 4,3% құрады. Халықаралық валюта қоры ҚР экономикасының өсу болжамын 2019 жылы 3,2%-дан 3,8%-ға дейін, 2020 жылы 3,2%-дан 3,9%-ға дейін арттырды. Азия даму банкі де ҚР экономикасының өсуі бойынша 2019 жылы күтілетін нәтижелерді 3,5%-дан 3,7%-ға дейін көтерді. Мoody’s рейтингтік агенттігі еліміздің несиелік бағалануын тұрақтыдан позитивтіге арттырды. Дүниежүзілік Экономикалық Форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстанның позициясы 59-дан 55-орынға жақсарды. 

Қазақстан бойынша Еуропа қайта құру және даму (ЕҚҚДБ) банкінің басшысы А. Прейманис және Қазақстандағы Азия даму банкі (АДБ) өкілдігінің директоры Дж. Капаннелли Қазақстанның экономикалық және инвестициялық саясатындағы оң қарқынды атап өтті.

Экономика өсімінің қазіргі қарқынын қолдау мен арттырудың аса маңызды шарттарының бірі — инвестициялар тарту және Қазақстан экономикасының капитал сыйымдылығын арттыру. 2024 жылға қарай негізгі капиталға салынған инвестициялар деңгейін ЖІӨ 30% дейін жеткізу көзделген. Бүгінде 2020-2024 жылдары 41 трлн-нан астам теңге инвестиция тартуға мүмкіндік беретін инвестициялық жобалар пулы құрылған. Инвестициялар өсімінің негізгі драйверлері базалық индустрияландыру, АӨК, көлік, туризм және сауда болады. 

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес, экономика дамуының озық қарқындарын қамтамасыз ету үшін, елімізге тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жұмысын сапалы түрде күшейту қажет», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы жұмыс істеп тұрған инвестициялық инфрақұрылымды жетілдіруді, ҚР-ның арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарында инвесторлар үшін артықшылықтарды біріздендіруді, мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің дамуын жандандыруды, жоғары қосылған құны бар экспортқа бағытталған жобалардың үлесін арттыруды тапсырды.

«Инвестициялық жобаларды әзірлеу және дайындау мәселесіне неғұрлым сапалы қарау қажет. Ол үшін консалтингтік компаниялардың және ЕҚҚДБ, ЕАДБ, ИДБ, АДБ тәрізді халықаралық қаржы институттарының және басқаларының әлеуетін елімізге көрсетілетін техникалық көмек аясында пайдалану қажет», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр өңірлердегі инвестициялық белсенділікті дамыту мақсатында АХҚО құқығымен және оның юрисдикциясын қолданумен құрылымдалған жобаларды іске асыру бойынша мәселелерді пысықтауды тапсырды.

«Өңірлерде инвестициялық жобалармен тікелей айналысатын әкімдердің орынбасарлары бар. АХҚО-ның қаржы нарығының қолда бар әлеуеті мен қолданыстағы құралдарын барынша пайдаланудың маңызы зор. Үйлестіру кеңесінің бүгінгі отырысы өңірлердің АХҚО-мен ынтымақтастығының сапалы дамуына бастау болады деп сенемін», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы орталық мемлекеттік органдарға, ұлттық компанияларға және әкімдіктерге инвестициялар тарту бойынша бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізіп, алға қойылған міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді тапсырды. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
11 Сәуір 2021, 18:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №107
11 Сәуір 2021, 08:09
Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды
10 Сәуір 2021, 13:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов «Орталық Азия» ХСЭЫО жобасын іске қосты
09 Сәуір 2021, 18:29
А. Мамин Байқоңыр қ. барды және «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен келіссөз өткізді
09 Сәуір 2021, 15:49
Мемлекет басшысының өкімімен Қ. Жайсаңбаев ҚР ПӘ Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
09 Сәуір 2021, 15:43
12 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Сәуір 2021, 10:04
Қ. Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрі С. Лавровты қабылдады
09 Сәуір 2021, 08:43
А. Мамин «One Web» басшылығымен ҚР-да спутниктік интернетті дамытуды талқылады
08 Сәуір 2021, 19:11
Мұғалімдерді даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту, ҰБТ тапсырудың жаңа форматы, ЖОО-ларды лицензиялау - А. Аймағамбетов ҚР БҒМ қазіргі жұмысы туралы
08 Сәуір 2021, 15:47
Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалады
08 Сәуір 2021, 15:27
Президент өкімімен Н. Сауранбаев ҚР ПӘ мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды
08 Сәуір 2021, 14:08
ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуды талқылады
07 Сәуір 2021, 21:27
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:15
Қазақстан Президенті Иранның Сыртқы істер министрі қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:05
Қ. Тоқаев Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілді қабылдады
07 Сәуір 2021, 18:00
Өнеркәсіп, құрылыс, жұмыспен қамту: Жамбыл облысының 2020 жылғы даму қорытындысы
07 Сәуір 2021, 16:38
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
07 Сәуір 2021, 16:19
Мемлекеттік комиссия ШОБ қолдаудың қосымша шараларын қарастырды
07 Сәуір 2021, 08:46
«Wizz Air» лоукостері Түркістан мен Алматыға әуе рейстерін ашуға ниетті
06 Сәуір 2021, 19:45
Қ. Тоқаев Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі қабылдады
06 Сәуір 2021, 12:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 06.04.2021
06 Сәуір 2021, 12:21
2025 жылға дейін еліміздегі барлық жолдар жол бойы сервисімен қамтамасыз етіледі — ҚР ИИДМ
06 Сәуір 2021, 11:20
600-ден аса вакцинация кабинеті, 800 мұздатқыш жабдық және 3 мың термоконтейнер дайындалды — ҚР ДСМ
06 Сәуір 2021, 10:08
Биыл ҚР-да 6 мың шақырым автомобиль жолын реконструкциялау және салу бойынша ірі жобалар іске асырылады
06 Сәуір 2021, 09:53
2021 ж. қыркүйекте Қазақстанда вакцинациялауға жататын 10 млн адамға вакцина салу аяқталады
05 Сәуір 2021, 19:53
Вакцинациялаудың электрондық паспорты, жеке деректерді қорғау және байланыс сапасын жақсарту — Қазақстанда цифрландырудың дамуы
05 Сәуір 2021, 17:27
Қ. Тоқаев ҚР Ұлттық Банкі басшылығының құрылымында кадрлық өзгерістер жасады
05 Сәуір 2021, 14:59
6 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
05 Сәуір 2021, 14:34
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
05 Сәуір 2021, 14:29
Қ. Тоқаев ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілін тағайындады
05 Сәуір 2021, 12:00
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов Саран қ. шина зауытының құрылысын бастап берді
04 Сәуір 2021, 09:56
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №106
03 Сәуір 2021, 16:30
Е. Тоғжанов Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысын өткізді
02 Сәуір 2021, 19:17
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
02 Сәуір 2021, 15:14
Қазақстан мен Қырғызстан Премьер-Министрлері «Қордай — Ақ Жол» жаңғыртылған өткізу пунктін ашты
02 Сәуір 2021, 14:21
Қ. Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Е. Досаевты қабылдады
02 Сәуір 2021, 09:38
Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
01 Сәуір 2021, 20:27
Мемлекет басшысы еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді
01 Сәуір 2021, 18:57
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
01 Сәуір 2021, 13:06
Инвестициялар тарту, өнеркәсіп өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын құру — Батыс Қазақстан облысының 2020 жылғы дамуы
01 Сәуір 2021, 11:57
Үкіметте электрондық сауда мәселесі мен ЕАДБ-ның жаңа стратегиясы талқыланды
31 Наурыз 2021, 20:47
Елбасы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысты
31 Наурыз 2021, 20:33
Мемлекет басшысы онлайн форматта өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысты
31 Наурыз 2021, 19:08
Қазақстан Германиямен көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
31 Наурыз 2021, 16:55
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
30 Наурыз 2021, 18:37
А. Мамин ЕҚҚДБ президенті О. Рено-Бассомен ҚР-да бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
30 Наурыз 2021, 18:20
Әділбек Сәрсембаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
30 Наурыз 2021, 18:17
Талғат Жанжүменов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
30 Наурыз 2021, 16:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 наурыздағы №143 Қаулысы
30 Наурыз 2021, 16:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ахметжан Есімовті қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.