Асқар Мырзахметов Премьер-Министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «А. И. Мырзахметовті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Асқар Исабекұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалсын», – делінген Жарлық мәтінінде.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу