06 Наурыз 2017, 15:04
Академик Бақытжан Жұмағұловтың «Атамұра» баспасында 2015 жылы жарық көрген «Адами фактор. Министр хроникасы» атты еңбегі «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылындағы үздік монография» болып танылды.
Еліміздегі студенттердің 86% астамы білім алатын, 77 ЖОО біріктірген Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары қауымдастығы Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен қалыптасуына арналған ғылыми кітаптар мен басылымдардың, монографиялар мен мақалалардың республикалық байқауының қорытындысын жасады.
Байқау үш аталым – Қазақстан Республикасының білім және ғылым мәселелеріне арналған «Үздік кітап», «Үздік жарияланым» және «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылындағы үздік монография» бойынша өтті.
Академик Бақытжан Жұмағұловтың «Атамұра» баспасында 2015 жылы жарық көрген «Адами фактор. Министр хроникасы» атты еңбегі «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылындағы үздік монография» болып танылды.
Бұл 2010-2013 жылдары Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі болып қызмет еткен қазақстандық көрнекі ғалым-математик және мемлекеттік қайраткердің іргелі ғылыми-талдама еңбегі біздің тарихымыздағы бірегей, еліміздің ауқымды және жүйелі сипаттамасын, басты бағыттарын, оны дамыту мен жаңғыртудағы табыстар мен проблемаларды көрсетеді.
Кітапта егеменді Қазақстанның ғылым-білім жүйесінің жолы, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың стратегиялық бағытының базалық ережелерін түрлендірудегі басты рөлі және мемлекет үшін аса маңызды салаға жеке ілтипаты талданған.
Мектепке дейінгі тәрбиелеуден бастап жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және зерттеу секторына дейінгі білім берудің барлық сатыларымен қатар, педагог мәртебесінің, сапаны бақылау вертикалінің және т. б. жалпы жүйелік мәселелерді жаңғыртудың басты бағыттары ерекше қызығушылық тудырады.
Автордың тәсілінің басты сапасы әр проблеманы тереңнен түсіну ғана емес, сондай-ақ оларды шешудің жолдарын білуі және ғылым-білім саласындағы мәселелердің барлық жиынтығын, сонымен бірге экономика және қоғаммен өзара байланысын нақты көре білуі болып табылады. Кітап жарық көргелі бері оң пікірлерге ие болды, білім беру саласындағы қызметкерлерге, білім және ғылым ұйымдарының басқарушы құрамына, мемлекеттік басқару қызметкерлеріне пайдалылығын көрсетіп, оқырмандар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.
Қосан Тасқынбаев пен Тауманова Гүлнардың «100 лет месторождению Макат. Зарождение и становление нефтяной промышленности независимого Казахстана» еңбегі Үздік кітап болып танылса, Дмитрий Мацюктің мақаласы Үздік жарияланым болып танылды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу