Астанада Парламент Мәжілісінің депутаттары Kazakh Invest жұмысымен танысты

Кездесу барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясының фракция мүшелері С. Ахметов, Д. Нұрманбетова, Ш. Кожахметов, Б. Әлімғазина қазақстандық бизнесті қолдау жолында атқарылып жатқан жұмыстар мен қабылданған заң жобалары туралы айтып берді.

Kazakh Invest басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев депутаттарды компания қызметімен таныстырып, 11 басым елмен жұмыс қалай жүргізіліп жатқаны туралы, сервистік және өңірлік қолдау шаралары, онлайн режимінде жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізуге, түйіткілді мәселелерді анықтап, шұғыл әрекет етуге мүмкіндік беретін CRM режимінде және колл-орталық арқылы әкімшілік және әлеуметтік сипаттағы мәселелер бойынша 24/7 режимінде инвесторларға қолдау көрсету жұмыстары, шетелдегі және өңірлердегі өкілдердің желісі жайында айтып берді.  

Депутаттарға компанияның 2018 жылдың жеті айындағы жұмыс қорытындысы туралы мәлімделді.

«Компанияның мониторинг жүйесінде $48,56 млрд сомасына 56 мыңға жуық жұмыс орнын құрумен 188 жоба бар. $13,3 млрд сомасына 54 жоба бойынша СМР жүргізілуде, $12,4 млрд сомасына 50 жоба бойынша құжаттама әзірленуде, $22,1 млрд сомасына 75 жоба — пысықтау сатысында тұр», — деді С. Тұяқбаев.

Кездесу барысында депутаттар шетелдік инвесторларға басымдықты әрі перспективалы салалармен танысты. Олар: азық-түлік өнеркәсібі, пайдалы қазбаларды терең өңдеу, металлургия, химия және мұнай химиясы, машина жасау, АКТ, туризм, қаржы.

Сонымен қатар, С. Тұяқбаев компания 50 тауашалы жоба бойынша бизнес жоспар әзірлегенін атап өтті. Оның ішінде: 15 жоба — АӨК саласында, 9 жоба — химия және мұнай химиясы саласында, 9 жоба — ТКӨ, 6 жоба — МЖӘ, 6 жоба — машина жасау және металлургия салаларында, 4 жоба — энергетика, жеңіл өнеркәсіп, көлік және логистика, туризм салаларына тиесілі.  

Бүгінгі таңда «Kazakh Invest» ҰК $648 млн сомасына 9 жобаны пайдалануға берді. $16,2 млрд сомасына 46 жоба бойынша инвесторлар инвестициялау туралы шешім қабылдап, қжаттаманы әзірлеуге кірісті (Eni (Италия), Eurobus (Германия), Total Eren (Франция), Urbasolar (Франция), China Power Inter. Holding (ҚХР), Farm Frites (Нидерланды), Phoenix Global (БАӘ), Cedar Meats Australia (Австралия), Yildirim Holding (Түркия) және т.б.).

Инвесторлар тартылып, $6,4 млрд сомасына 71 жаңа жобаны пысықтау жұмыстары басталды (Boston Biopharma (АҚШ), BASF (Германия), Marubeni Europe (Ұлыбритания), Servier (Франция), Vitol (Нидерланды), Al Ghurair Group, HKC Corp. (ҚХР), Betek Boya (Түркия), WestGasOil (Сингапур), Hanacans (Жапония), V H Group (Үндістан) және т.б.)

106 жоба бойынша әлеуетті инвесторлармен белсенді түрде келіссөздер жүргізіліп жатыр (Tyson Foods (АҚШ), Shaeffler Group (Германия), J.Rothschild Capital Management (Ұлыбритания), World Trade Center (Нидерланды), Yasar Holding (Түркия), Al-Faisal Holding (БАӘ), Nexen Tires (Оңтүстік Корея) және т.б.).

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу