Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Азаматтар алынған жинақтардың 87%-ын баспана мәселелерін шешуге бағыттауға ниетті — ҚР Ұлттық банкі 

Сейсенбі, 16 Ақпан 2021, 11:23:44

Биылғы 12 ақпандағы жағдай бойынша 1 855,9 млрд теңге сомасына зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алуға 115 608 өтінім қабылданды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев Премьер-Министр А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мәлімдеді. Отырыстың күн тәртібінде биылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы мәселелері талқыланды.

Ұлттық банк 2020 жылғы 4-тоқсанда кәсіпорындарға жүргізген мониторинг инвестициялық белсенділік пен өндіріс көлемінің төмендеуіне байланысты нақты сектордағы экономикалық белсенділіктің төмен қарқынының сақталуын көрсетуде. Сонымен бірге сұраныстың қалпына келуі және дайын өнім бағасын өсірудің жылдамдауы, кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуі байқалады. Композиттік озық индикатор нақты секторда экономикалық белсенділіктің біртіндеп қалпына келу белгілерінің пайда болуын көрсетуде. 

Биылғы қаңтарда жылдық инфляция 7,4%-ке дейін баяулады. Азық-түлік инфляциясы бағаның жалпы өсуіне үлкен үлес қосуда. Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсуі жекелеген тауар нарықтарында теңгерімсіздіктің сақталуы аясында 2020 жылғы желтоқсандағы 11,3%-дан биылғы қаңтарда 11,4%-ға дейін жылдамдады.

Инфляцияның азық-түлікке жатпайтын және сервистік компонентінің серпіні әлсіз тұтынушылық сұраныс аясында салыстырмалы түрде тұрақты болып қалуда. Азық-түлікке жатпайтын инфляция 5,5%-тен 5,3%-ке дейін, ақылы қызметтер инфляциясы 4,2%-тен 4,1%-ке дейін баяулады.

Азық-түлік инфляциясының 2020 жылғы қарашадан бастап жылдамдауына байланысты ҚР Ұлттық банкінің төрағасы барынша сезімтал тамақ өнімдеріне бағаның өсуіне ерекше көңіл бөлу қажеттігін айтты. 

Өңірлер бойынша инфляция елеулі сәйкессіздіктерді көрсетуде. Мәселен, Маңғыстау облысында ол республикалық деңгейден 1,3 проценттік тармаққа, Қарағанды облысында және Нұр-Сұлтан қаласында 0,4 проценттік тармаққа асып түсті.

Жалпы республика бойынша 11,4% деңгейінде болғанда 12%-тен жоғары азық-түлік инфляциясы Қарағанды облысында, Атырау облысында, Павлодар облысында тіркелді. 

Азық-түлікке жатпайтын инфляция бойынша елде 5,3% болғанда Маңғыстау облысы 6,9%-пен алдыңғы қатарға шықты. 

Жалпы республика бойынша инфляция 4,1% болған кезде 5%-тен жоғары ақылы қызметтер инфляциясы Маңғыстау облысында, Нұр-Сұлтан қаласында, Ақтөбе облысында тіркелді.

«Биылғы ақпан-наурызда мұнай өндіруді қысқарту туралы ОПЕК+ шешімінің есебінен биылғы қаңтарда мұнай бағасының өсуі орын алды. Баға өсуінің оң серпіні ақпанда да жалғасып, мұнай бағасы бір баррель үшін $63,3 жетті», — деді Е. Досаев.

Республикалық бюджетке трансферттер бөлу, квазимемлекеттік сектор компанияларының экспорттық валюта түсімінің бір бөлігін сатуы шеңберінде Ұлттық қор активтерін конвертациялау теңге бағамына оң әсерін тигізді.

Биржадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша биылғы 15 ақпанда теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 416,92 теңге болып, ай басынан бастап 1,7%-ке нығайды.

Алдын ала деректер бойынша төлем балансының ағымдағы шоты ҚР Ұлттық банкі болжамына сәйкес келіп, 2020 жылы -$5,9 млрд тапшылығымен қалыптасты, бұл шетелдік инвесторларға төленетін кірістің қысқаруына байланысты 2019 жылғы тапшылықтан $1,3 млрд аз.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, ағымдағы шот тапшылығының негізгі себебі мұнай және газ конденсаты экспортының қысқаруы есебінен тауарлар экспортының төмендеуі болып табылады. Тауарлар импортының төмендеуі бірқалыпты және инвестициялық және аралық тауарларды әкелудің қысқаруына байланысты болды.

Ұлттық қордың активтері осы жылдың басынан бастап $1 млрд-қа мына себептер бойынша төмендеп, биылғы қаңтардың соңында $57,7 млрд құрады: 

  • Ұлттық қорға түсімдер 43 млрд теңге, оның ішінде валюталық түсімдер $56,2 млн немесе теңге баламасында 24 млрд болды;
  • жыл басынан бастап 381 млрд теңгеге нысаналы және кепілдендірілген трансферттер бөлуді қамтамасыз ету үшін $720 млн сатылды;
  • инвесторлардың тәуекелге бару деңгейінің төмендеуіне байланысты биылғы қаңтарда MSCI World акциялар индексінің төмендеуі -1% болды. Ұлттық қордың сол кезеңдегі инвестициялық кірісі (-)$340 млн немесе -0,59% болды.

Қаңтарда қор нарықтарындағы құбылмалылық экономиканың біркелкі қалпына келмеуіне, сондай-ақ кәсіби емес инвесторлардың сауда платформаларындағы белсенділігі аясында шығыны көп компаниялар акцияларының шарықтауына байланысты күшейе түсті.

«Бұл ретте ақпанның басында акциялар нарығының қалпына келуі байқалды, биылғы ақпанның алғашқы 2 аптасында Ұлттық қордың инвестициялық кірісі биылғы қаңтардағы құлдырауды өтеп, $800 млн құрады», — деді Е. Досаев.

Алтынвалюта резервтері өзгермей, биылғы қаңтардың соңында алдын ала деректер бойынша $35,6 млрд болды. Алтын бағасының төмендеуі нәтижесінде алтын портфелінің төмендеуі еркін конвертацияланатын валютадағы активтердің өсуімен теңестірілді.

Шетел валютасындағы активтер мемлекеттік қарызды төлеумен, сондай-ақ екінші деңгейдегі бір банктің $500 млн-ға валюталық облигацияларын өтеу міндеттемелерін орындауына байланысты болған Қазақстан Ұлттық банкіндегі шоттардан екінші деңгейдегі банктер қаражатының әкетілуімен ішінара реттелген Азия даму банкі қарызынан қаражаттың келуі есебінен өсті.

Жалпы халықаралық резервтер жыл басынан бастап $1 млрд-қа төмендеп, $93,3 млрд құрады.

Зейнетақы активтері 2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жыл басынан бастап 213,9 млрд теңгеге немесе 1,7%-ке ұлғайып, 13,1 трлн теңге болды.

Биылғы жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 178,5 млрд теңге, зейнетақы жарналарының көлемі 88,8 млрд теңге болды.

2021 жылғы қаңтарда инфляция 0,6% болған кезде 1,4% мөлшеріндегі кірістілік қамтамасыз етілді. Соңғы 12 айда зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейі 7,4% болған кезде 12,1% болды.

Нақты кірістілік инвестициялық қызмет, сондай-ақ валюта портфелін нарықтық және бағамдық қайта бағалау нәтижесінде қамтамасыз етілді, оның үлесі елдер мен эмитенттер бойынша инвестициялар географиясын кеңейту, портфельдің сапасы мен өтімділігін арттыру үшін кезең-кезеңімен ұлғайтылып, 30% деңгейінде сақталуда.

Қаражатты мерзімінен бұрын алу бойынша салымшылар алдындағы міндеттемелерді уақытылы орындау мақсатында Ұлттық банк зейнетақы активтері портфелінің ағымдағы өтімділігін қолдауда, оның деңгейі биылғы 1 ақпанда 446,8 млрд теңге болды.

Биылғы қаңтарда ақпараттық жүйелерді интеграциялауға байланысты дайындық жұмысы аяқталған соң Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алуға арналған өтінімдерін қабылдай бастады.

Биылғы 12 ақпандағы жағдай бойынша 1 855,9 млрд теңге сомасына 115 608 өтінім қабылданды. Оның ішінде 423,6 млрд теңге сомасына 78 074 өтінім өңдеуге қабылданып, мақұлданды.

Биылғы 12 ақпанда БЖЗҚ 408,2 млрд теңге сомасына 75 186 өтінім бойынша біржолғы зейнетақы төлемдерін аударды. Азаматтар алынған жинақтардың 87%-ін тұрғын үй мәселелерін шешуге, оның 45,5%-ін тұрғын үй сатып алуға; 28,3%-ін ипотекалық қарыз бойынша берешекті өтеуге; 10,5%-ін екінші деңгейдегі банктерге бастапқы жарна үшін және Отбасы банкінде ипотека алуға; 2,3%-ін жеке тұрғын үй құрылысын салуға, ипотеканы қайта қаржыландыруға, сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша берешекті өтеуге және өзге де мақсаттарға жұмсауға ниеттенеді.

Сондай-ақ ҚР Ұлттық банкі төрағасының айтуынша, экономиканы қолдау үшін Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру жалғасуда.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша биылғы 12 ақпандағы жағдай бойынша кәсіпкерлерден 1,1 трлн теңгеге жуық сомаға 1 410 өтінім келіп түсті, оның ішінде банктер 731,5 млрд теңгеге 889 өтінімді мақұлдады, 552 млрд теңге сомасына 810 қарыз берілді. 

Кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы бойынша биылғы 12 ақпанда кәсіпкерлер 672,3 млрд теңгеге 2 632 өтінім берді, оның ішінде 526,2 млрд теңгеге 1 844 өтінім мақұлданды, 596,3 млрд теңгеге 5 879 қарыз берілді, оның ішінде 138,5 млрд теңгеге 2 479 қарыз бұрын берілген қарыздарды өтеуден түскен ақша есебінен берілді.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
01 Наурыз 2021, 10:07
Ержан Біржанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
01 Наурыз 2021, 08:26
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады
28 Ақпан 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №101
27 Ақпан 2021, 15:24
Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне шолу: 2020 жылдың қорытындысы және 2021 жылға арналған жоспар
26 Ақпан 2021, 19:55
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
26 Ақпан 2021, 18:31
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
26 Ақпан 2021, 16:20
Азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау, қызметтерді цифрландыру, зейнетақы реформасы — 2020 жылдың қорытындысы бойынша маңызды әлеуметтік жобалардың іске асырылуы
26 Ақпан 2021, 11:02
Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады
26 Ақпан 2021, 10:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 ақпандағы №75 Қаулысы
25 Ақпан 2021, 19:09
«Бәйтерек» холдингінің өңдеу секторын қаржылай қолдау көлемі 21%-ға өсті
25 Ақпан 2021, 18:27
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
25 Ақпан 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысына қатысты
25 Ақпан 2021, 16:58
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады
25 Ақпан 2021, 15:31
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзі
25 Ақпан 2021, 13:31
Мұрат Нұртілеу ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды
25 Ақпан 2021, 10:29
Әлібек Қуантыров ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды  
25 Ақпан 2021, 10:02
Мейіржан Юсупов ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
24 Ақпан 2021, 18:18
Е. Тоғжанов COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді
24 Ақпан 2021, 17:56
Ернат Мұхамадиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
24 Ақпан 2021, 17:46
Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті
24 Ақпан 2021, 14:32
Серік Егізбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды
24 Ақпан 2021, 10:31
Асқар Үмбетәлиев ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
23 Ақпан 2021, 18:58
Елбасы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Ақан Сатаевты қабылдады
23 Ақпан 2021, 17:15
Әлеуметтік тұрақтылық және жұмыспен қамтуды сақтау: Қазақстанның өнеркәсіп секторы 2020 жылды оң даму қарқынымен аяқтады
23 Ақпан 2021, 16:11
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізді
23 Ақпан 2021, 15:56
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.02.2021
23 Ақпан 2021, 15:42
Қазақстанда тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді — Б. Атамқұлов
23 Ақпан 2021, 15:23
Мобильді топтардың дайындығы, ауа райы жағдайының мониторингі, су деңгейін бақылау — су тасқыны кезеңіне дайындық қалай өтуде
23 Ақпан 2021, 15:08
Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік партиясын шығарды
23 Ақпан 2021, 13:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 ақпандағы №72 Қаулысы
23 Ақпан 2021, 11:48
Қазақстан экономикасын әртараптандыру АӨК әлеуетін ашу, индустрияландыру және сапалы цифрландыруды жүргізу арқылы іске асырылады
23 Ақпан 2021, 10:30
Үкімет су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесін қарады
23 Ақпан 2021, 10:00
Қазақстанда биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған
23 Ақпан 2021, 09:30
Үкімет, Ұлттық банк және ҚНРДА Макроэкономикалық саясатты үйлестіру туралы келісімге қол қойды
22 Ақпан 2021, 10:56
23 ақпан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Ақпан 2021, 10:47
Денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау — 2020 жылдың қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы
21 Ақпан 2021, 10:02
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №100
20 Ақпан 2021, 10:59
«Fitch Ratings» рейтинг агенттігі Қазақстанның кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам «тұрақты»
19 Ақпан 2021, 19:32
Бахтияр Қожахметов ҚР қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды
19 Ақпан 2021, 16:49
Мемлекет басшысы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинді қабылдады
19 Ақпан 2021, 12:19
Мәдени мұра, салауатты өмір салтын насихаттау, отандық туризмді қолдау — 2020 жылы ҚР мәдениет және спорт саласы қалай дамыды
19 Ақпан 2021, 11:08
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб өз жұмысын бастады
19 Ақпан 2021, 10:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №35 Қаулысы
19 Ақпан 2021, 10:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №42 Қаулысы
18 Ақпан 2021, 16:12
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның cыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловті қабылдады
18 Ақпан 2021, 10:22
Экологиялық бастамалар, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның геология және табиғи ресурстар саласының дамуы
17 Ақпан 2021, 16:55
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шымкент пен Түркістанды дамыту жобаларын тексерді
17 Ақпан 2021, 15:57
Мемлекет басшысы Total концернінің барлау және өндіру жөніндегі бөлімшесінің президенті Арно Брейякты қабылдады
17 Ақпан 2021, 10:38
Moody’s кредиттік агенттігі Қазақстан экономикасы бойынша кредиттік пікір жариялады 
16 Ақпан 2021, 19:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.