Қазақстан мен Қытай екіжақты 16 құжатты бекітті

Қазақстан Республикасы мен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының шекара маңы ынтымақтастығының II Достық диалогы аясында екіжақты 16 құжатқа қол қойылды. Оның ішінде жалпы құны $565,4 млн болатын 6 өңіраралық, 5 өзара түсіністік туралы меморандум, 5 коммерциялық келісімшарт бар.

  1. Шығыс Қазақстан облысы мен ШҰАА арасында бауырластық байланыстар орнату туралы келісім.
  2. Абай облысы мен ШҰАА арасында бауырластық байланыстар орнату туралы келісім.
  3. Жетісу облысы мен ШҰАА арасында бауырластық байланыстар орнату туралы келісім.
  4. Алматы облысы мен ШҰАА арасында бауырластық байланыстар орнату туралы келісім.
  5. Қазақстан Республикасының Алматы қаласы мен Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы арасында бауырластық байланыстар орнату ниеті туралы хаттама.
  6. Жетісу облысының әкімдігі мен ШҰАА Халық үкіметі арасында «Қорғас» ШЫХО қызметін үйлестіру тетігін құру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум.
  7. Astana International Exchange (AIX) мен Xinjiang Bank Co. Ltd арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
  8. Қазақстан мен Қытай арасындағы халықаралық медициналық ынтымақтастықты тереңдету туралы меморандум.
  9. «Alageum Electric» МК мен TBEA арасындағы өндірістік қуаттар саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.
  10. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен «JOIN hope SEEDS CO. LTD» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
  11. «KTZ Express» акционерлік қоғамы мен «China Xinjiang Electronic Port Co., Ltd» компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
  12. «Байи Стил» Шыңжаң халықаралық сауда компаниясы» АҚ мен «Еуразиялық Топ» арасындағы ынтымақтастық ниеттері туралы хаттама.
  13. «Вилмир» ЖШС мен «Alashankou Jinshahe Noodle Co Ltd» арасындағы 50 мың тонна бидай импорты жөніндегі келісімшарт.
  14. «INTERTRANS C.A.» ЖШС мен «Сан Бао» ШСӨК ЖШС арасында Қазақстанда өнімділігі 100 мың тонна/г алкилдеуді орнату жөніндегі келісім.
  15. Қазақстандық «Ильин» компаниясы мен «Шыңжаң Пуси Лиинь» ЖШҚ арасындағы импорттық сатып алу бойынша істерді жүргізуге арналған агенттік келісім.
  16. Түркістан қаласында «NUR-001» Қазақстан компаниясы, Шыңжаңдағы «Сылутун» ақпараттық технологиялар компаниясы және «Авиценна» Тәжікстан компаниясы арасындағы трансшекаралық шетелдік электрондық коммерция қоймаларын салу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім.
#Халықаралық ынтымақтастық

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу