03 Ақпан 2017, 05:34
Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Оның барысында Қазақстанның 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары қарастырылуда.
Өз сөзінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларға сәйкес, Үкіметтің арнайы отырысы өткізілгенін мәлімдеді, оның барысында экономикалық өсімнің жаңа моделін құру үшін нақты шаралар жоспары айқындалды.
Сонымен қатар, Үкімет Конституциялық реформаны жүзеге асыруды бастады. Осыған орай мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы өкілеттіліктерді бөлу бойынша сәйкес заң жобасы әзірленуде.
«Әлем экономикасындағы күрделі жағдайларға қарамастан, өткен жылды біз оң нәтижелермен аяқтадық, ЖІӨ өсімі 1% құрады. Оған бірінші кезекте Сіздің дағдарысқа қарсы тиісті бағдарламаларды қабылдау жөніндегі тапсырмаңыздың арқасында қол жеткіздік. Жалпы, Үкімет экономикалық өсім мен халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған барлық тапсырмаларыңызды орындады», - деді Б. Сағынтаев.
Сонымен қатар, Б. Сағынтаев ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларды мүлтіксіз орындау биылғы жылы Үкіметтің негізгі міндеті болып табылатынын атап өтті.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу