Б. Сағынтаев V Халықаралық KADEX-2018 қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесінің павильондарын аралады

Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев V Халықаралық KADEX-2018 қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесін аралады.

2010 жылдан бастап дәстүрге айналған көрмеде электронды жүйені және байланыс пен қару-жарақты басқару жүйесін дамытуға ерекше басымдық берілді.

Бақытжан Сағынтаев көрме қатысушыларымен қорғаныс өнеркәсібі өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара тиімді байланыстарды орнату және дамыту перспективаларын, бірлескен өндірісті ұйымдастыру және қару-жарақ пен техниканы жаңғырту мәселелерін талқылады.

 

Анықтама: KADEX-2018 көрмесінде отандық және шетелдік өндірушілердің (әлемнің 28 елінен 318 компания) 144 дана қару-жарақ және әскери техникалары, олардың ішінде авиациялық техника — 20 бірлік (6 тікұшақ, 10 ұшақ, 2 ПҰА), 124 — құрлық техникасы ұсынылды. Көрмені 48 елдің ресми делегациялары аралады.

Көрменің қазақстандық павильонында отандық машина жасау саласының 13 кәсіпорны ұсынылған. Онда «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС, «Қазақстан авиация индустриясы» ЖШС, «Тыныс» АҚ, «Зенит» Орал зауыты» АҚ, «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ, «ЗИКСТО» АҚ, «С. М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ, «С. М. Киров атындағы зауыт» АҚ, «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Семей инжиниринг» АҚ, «Қазақстан инжиниринг» R&D орталығы» ЖШС және «Камаз инжиниринг» АҚ компаниялары өз өнімдерін ұсынды.

 

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу