Б. Сағынтаевтың Kazakhstan Global Investment Roundtable форумына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест

5 желтоқсанда Индустрияландыру күні қарсаңында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Kazakhstan Global Investment Roundtable ел экономикасына инвестиция салу мәселелеріне қатысты алғашқы халықаралық дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Күні бойы 100-ден астам халықаралық компаниялар, қаржылық ұйымдар, елшіліктер, үкіметтік емес ұйымдар, әлемнің 30 елінен келген шетелдік БАҚ өкілдері мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың басшыларымен, еліміздің жетекші бизнесмендерімен инвестициялық ұсыныстар мен іскерлік перспективаларды қарастырды.

Сондай-ақ, дөңгелек үстел форумы барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Премьер-Министр орынбасары Асқар Жұмағалиевтің қатысуымен «Қазақстан инфрақұрылымына жеке инвестициялар: өсім стимулы» және «Индустрияландыру 4.0 — Қазақстанды жаңғыртудың жаңа кезеңі» тақырыптары бойынша панелдік сессиялар өтті. 

Бұдан өзге, форум аясында Бақытжан Сағынтаев Kazakhstan Global Investment Roundtable қатысушылары — Қазақстанда қызметтерін кеңейтіп жатқан ірі инвестициялық компаниялардың басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Пленарлық сессия қорытындылары бойынша инвестициялық компаниялармен жалпы сомасы $3 млрд-тан астам сомаға бірлескен жобалар бойынша әрі қарай ынтымақтастықты жалғастыру туралы 11 келісім мен меморандумға қол қойылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу