Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Б. Сапарбаев Жеңістің 75 жылдығына орай арадагерлерге бірыңғай төлем көлемін белгілеуді тапсырды

Жұма, 08 Қараша 2019, 10:01:22

Үкімет үйінде Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын Қазақстан Республикасында атап өту және оған дайындықты ұйымдастыру жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. 

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қарулы Күштердің Бас штабының бастығы Мұрат Бектанов тіисті шаралар Жоспарының жобасы туралы ақпаратты ұсынды. Атап айтқанда, Жеңістің мерейтолық жылында мынадай іс-шаралар жоспарланған: 

  • әскери шеру өткізу; 
  • ҰОС жылдары қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің ескерілмей қалған молаларын және көмілмей қалған қалдықтарын анықтау бойынша іздеу жұмыстарын жүргізу; 
  • ардагерлердің ТМД елдерінің аумағында өткізілетін шараларға қатысуы; 
  • ардагерлерге әлеуметтік көмек көрсету;
  • мерейтойлық медальдар тапсыру, мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастыру. 

Жоспар жобасында барлығы 67 іс-шара қарастырылған.

Бердібек Сапарбаев әрбір облыста Жеңістің мерейтойлық жылын атап өтуге дайындық жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру қажеттігін айтты. 

Сонымен қатар, вице-премьер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әкімдіктермен және «ҚР Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесімен бірге Жеңістің 75 жылдығына орай ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне бірдей бір реттік төлем сомасын белгілеу мәселесін пысықтауды тапсырды.  

«ҰОС ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, тарихи миссияны орындап, фашизмді жеңуге үлес қосқан қазақстандықтарды ардақтау жалпымемлекеттік ауқымдағы шара. Біз күш-жігерімізді оларды жан-жақты қодлдауға бағыттауымыз қажет. Ешбір ардагер назардан тыс, қамқорлықсыз қалмауы тиіс», - деді Б. Сапарбаев.

Кеңесті қорытындылаған вице-премьер Жеңістің мерейтойлық жылын атап өту бойынша барлық шаралар еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, қоғамның ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы мен Мемлекет басшысының саясатына бағытталуына, жас ұрпақтың бойында ұлтжандылық сезімді нығайтуға бағытталуы тиіс екенін жеткізді. 

ВАК отырысына сонымен қатар қорғаныс, ішкі істер, қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, «ҚР Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ облыс әкімдерінің, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерінің орынбасарлары қатысты. 

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
14 Қаңтар 2022, 14:53
Айгүл Шайымова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
14 Қаңтар 2022, 11:51
ҚР Премьер-Министрінің өкімімен Марат Бақытжанұлы Бекетаев ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды
14 Қаңтар 2022, 09:00
Жаслан Мәдиев ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
13 Қаңтар 2022, 18:08
Қазақстан Премьер-Министрі Ә. Смайылов Әзербайжан Премьер-Министрі А. Асадовпен телефон арқылы сөйлесті
13 Қаңтар 2022, 15:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №994 Қаулысы
13 Қаңтар 2022, 14:48
Абзал Әбдікәрімов ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
13 Қаңтар 2022, 14:35
Александр Данилов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
13 Қаңтар 2022, 13:49
Ерлан Баттақов ҚР сауда және интеграция бірінші вице-министрі болып тағайындалды
13 Қаңтар 2022, 13:44
Ержан Қазанбаев ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды
13 Қаңтар 2022, 13:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №993 Қаулысы
13 Қаңтар 2022, 12:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №963 Қаулысы
13 Қаңтар 2022, 10:48
ҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен Қазақстан Республикасы Заңының жобасын кері қайтарып алу туралы» №3 Қаулыны қабылдады
13 Қаңтар 2022, 10:44
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 10 қаңтардағы №3 Қаулысы
13 Қаңтар 2022, 09:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №979 Қаулысы
12 Қаңтар 2022, 21:02
Ведомствоаралық комиссия ҚР-да санитарлық-карантиндік шараларды қатаңдату жөнінде шешім қабылдады
12 Қаңтар 2022, 17:11
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.01.2022
12 Қаңтар 2022, 16:31
Қазақстанда сұйытылған мұнай газы бағасының күрт өсуін шектейтін тетіктер әзірленіп жатыр — Б. Ақшолақов
12 Қаңтар 2022, 15:41
ҚР-да жастардың әскери-патриоттық тәрбиесі, дене шынықтыру және зияткерлік дайындығы бойынша жаңа тәсілдерді енгізу жоспарлануда —  А. Умаров
12 Қаңтар 2022, 15:19
Қазақстан Премьер-Министрі Ә. Смайылов Қырғызстан Министрлер кабинетінің Төрағасы А. Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті 
12 Қаңтар 2022, 15:00
Қазақстанда кәдеге жарату төлемі бойынша мемлекеттік оператор құру жоспарлануда – С. Брекешев
12 Қаңтар 2022, 14:06
Қазақстанда 60 жастан асқан адамдарға ревакцинация жасауға қосымша Pfizer вакцинасы ұсынылады 
12 Қаңтар 2022, 13:39
Қазақстанда ауыл кәсіпкерлігін дамыту бойынша шаралар кешені әзірленуде — С. Шәпкенов
12 Қаңтар 2022, 13:28
Нан бағасын тұрақтандыру мақсатында 2022 жылдың қаңтарынан бастап астық құнын субсидиялау енгізіледі — ҚР АШМ
12 Қаңтар 2022, 13:27
ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов күштік құрылымдардың қызметкерлеріне алғыс айтты
12 Қаңтар 2022, 13:13
Қазақстанда бағаның өсуімен күресуге бағытталған Инфляцияны бақылау жөніндегі шаралар кешені қабылданады — Е. Досаев
12 Қаңтар 2022, 13:09
ҚР-да тиісті қолдау шараларының топтамасын қарастырумен үздік педагогтерді тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірленеді — ҚР БҒМ
12 Қаңтар 2022, 12:45
«Қазақстан халқына» қорын құру орфандық аурулармен ауыратын науқастар үшін қымбат тұратын медициналық қызметтер мен дәрілердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді — ҚР ДСМ
12 Қаңтар 2022, 12:36
Қазақстанда барлық аймақтарда көлік саласының қозғалысы толығымен қалпына келтірілді — Қ. Өскенбаев
12 Қаңтар 2022, 12:10
Үкіметтің экономикалық саясаты халықтың әл-ауқатын жақсартуға және тұрмыс сапасын арттыруға бағытталады — Б. Сұлтанов
12 Қаңтар 2022, 11:53
ҚР-да ТЖ кезеңінде несиелер бойынша  төлем мерзімін өткізіп алған жағдайда айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге тыйым салынады — ҚНРДА
12 Қаңтар 2022, 11:43
ҚР ҰЭМ 2025 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасын қабылдайды
12 Қаңтар 2022, 11:29
Қазақстанда кеден саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша шаралар қабылданады  — Е. Жамаубаев
12 Қаңтар 2022, 10:42
ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов халықты ревакцинациялау қарқынын арттыруды тапсырды
12 Қаңтар 2022, 10:28
Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шараларды қарады
11 Қаңтар 2022, 22:08
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жаңа министрлерді таныстырды
11 Қаңтар 2022, 21:12
Қазақстан Премьер-Министрі Ә. Смайылов Өзбекстан Премьер-Министрі А. Ариповпен телефон арқылы сөйлесті
11 Қаңтар 2022, 19:41
ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
11 Қаңтар 2022, 18:54
12 қаңтар күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
10 Қаңтар 2022, 13:00
ҚР Премьер-Министрінің м. а. Ә. Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді
08 Қаңтар 2022, 20:14
Қазақстандағы КВИ өсімі: ВАК отырысында пессимистік сценарий туралы айтылды
08 Қаңтар 2022, 16:51
Маңғыстау облысындағы әлеуметтік экономикалық жағдайды қарастыру бойынша үкіметтік комиссия Нұр-Сұлтан қаласында жұмысын жалғастырмақ
08 Қаңтар 2022, 11:57
Ә. Смайылов Қырғызстан Министрлер кабинетінің Төрағасы А. Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті
06 Қаңтар 2022, 14:28
Үкімет әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру үшін жедел іс-шараларды қабылдады
05 Қаңтар 2022, 12:14
ҚР Премьер-Министрінің м. а. Ә. Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді
05 Қаңтар 2022, 11:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №949 Қаулысы
05 Қаңтар 2022, 11:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №943 Қаулысы
05 Қаңтар 2022, 11:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №936 Қаулысы
04 Қаңтар 2022, 18:32
Үкіметтік комиссия Ақтау қаласындағы Ынтымақ алаңына жиналған белсенділермен кездесті
04 Қаңтар 2022, 17:13
Үкіметтік комиссия мүшелері жаңаөзендік белсенді бастамашыл топпен келіссөз жүргізді
04 Қаңтар 2022, 15:31
Маңғыстауда үкіметтік комиссия мүшелері белсенді бастамашыл топпен келіссөз жүргізіп жатыр
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.