Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Б. Сапарбаев ҚР аумағында коронавирустың пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді

Дүйсенбі, 27 Қаңтар 2020, 20:34:58

27 қаңтар күні ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев ҚР аумағында коронавирустың пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді.

Комиссия құрамына денсаулық сақтау, сыртқы істер, ішкі істер, білім және ғылым, қаржы, индустрия және инфрақұрылымдық даму, мәдениет және спорт, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің, ҰҚК Шекара қызметінің басшылары, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдерінің орынбасарлары кірді. 

«Қытайда 2700-ден аса коронавируспен сырқаттану оқиғасы тіркелді, 80 адам көз жұмды. Әлемде 50 аурудың жұғу оқиғасы тіркелді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет қорғану шараларын қабылдады, тиісті іс-шаралар жоспары әзірленді», - деді вице-премьер.

Отырыста шекарада санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту, ҚХР-дан келушілердің барлығын тұрғылықты жері бойынша бақылау, медицина ұйымдары мен қызметкерлерінің әзірлігін қамтамасыз ету, ҚХР-дан келетін транзиттік жолаушылар үшін ҚР аумағында 72 сағаттық визасыз болу режимінің күшін тоқтату және басқа да мәселелер қаралды.

Сонымен қатар Ухань қаласындағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау мәселесі талқыланды.

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ш. Нұрышевтің айтуынша, Ухань қаласында бүгінде 98 қазақстандық студент бар. Дипломаттар олармен байланыста және ҚХР СІМ-мен бірлесіп оларды эвакуациялау мәселелерін пысықтауда. ҚХР-дағы ҚР елшілігінде жедел желі ашылды, тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылды. Бұл ретте, қытай тарапы әлі ешқандай мемлекетке өз азаматтарын алып кетуге рұқсат берген жоқ.

Өз кезегінде, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов биыл 6 қаңтардан бастап санитариялық-эпидемологиялық қызметтердің күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын атап айтты.

«ҚХР-мен шекара арқылы өткізу пункттерінде 20 мыңға жуық адам тексерілді. Олардың барлығы мониторингке алынды және 14 күн бойы есепте тұрады. Қайта келгендердің барлығын да осылайша қадағалайтын боламыз. Оқу-жаттығу жүргізілді, call-орталық ашылды, қосымша 4780 төсек-орынға карантин үшін резервтік стационарлар  әзірленді. Медицина бұйымдары мен препараттарының қосымша қажеттілігі бойынша есеп-қисап жасалуда», - деді министр.

Отырысты қорытындылаған Бердібек Сапарбаев денсаулық сақтау, ақпарат және қоғамдық даму министрліктеріне тұрғындар арасында күн сайын ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Облыстар мен қалалардың әкімдіктері де өңірлік деңгейде осындай жұмыстар жүргізуі тиіс.

«Барлық жауапты мемлекеттік органдар өзара тиімді әрекеттестік орнатып, Іс-шаралар жоспарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуі керек. Бүгінде Қазақстанда бұл ауруға шалдығу оқиғасы тіркелген жоқ, бірақ біз дайын болып, қажет болған жағдайда жылдам әрекет етуіміз керек. Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар қосымша күштер мен құралдарды, оның ішінде жеке қорғаныш құралдары мен дәрі-дәрмектерді, медицина ұйымдарын қарастыруы керек», - деді вице-премьер.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
23 Мамыр 2020, 17:26
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты
22 Мамыр 2020, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22 Мамыр 2020, 10:43
Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
22 Мамыр 2020, 08:28
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты
21 Мамыр 2020, 12:44
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин 
20 Мамыр 2020, 18:11
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
20 Мамыр 2020, 18:00
Р. Скляр германиялық компаниялармен машинажасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
20 Мамыр 2020, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №305 Қаулысы
20 Мамыр 2020, 15:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:22
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 18:25
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
19 Мамыр 2020, 17:35
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.05.2020
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.