Бақытжан Сағынтаев Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында медицина мен білім берудегі қызметтер сапасы мен деңгейін дамыту мәселелері талқыланды.

«Сентрас» компаниялар тобының бас директоры Е. Әбдіразақов пен Verny Capital бас директоры Е. Оспанов күн тәртібіне сәйкес баяндама жасады.

Мәселелерді талқылауға білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, «Райымбек» корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Р. Баталов, BeInTech компаниясының бас атқарушы директоры Б. Мусин және т.б. қатысты.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу